Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет26/85
Дата14.02.2023
өлшемі6,68 Mb.
#168709
түріМазмұндама
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   85
Байланысты:
Вавилондағы ең бай адам

8-775-909-01-77
59
х
Сәттілік құдайымен 
танысыңдар
Жолы болғыш адамның әрқашан жолы ашық. 
Оны Евфратқа лақтырсаң, ол су түбінен 
маржан уыстап шығады.
Вавилон мақалы
Б
арша жұрт сәттіліктің серік болуын қалайды. 
Бұндай тілек қазіргі адамдардың жан дүние-
сінде қалай өмір сүрсе, осыдан төрт мың жыл бұрын, 
яғни ежелгі Вавилон тұрғындарының да санасына 
берік орныққан еді. Құбылмалы сәттілік құдайы бә-
рімізді де назардан тыс қалдырмайды деп үміттене-
міз. Біз оны өзімізге назар аудартып қана қоймай
шапағат шуағына бөлеуіне қол жеткізе аламыз ба?
Сәттілікке жетудің төте жолы бар ма?
Бұл сауалға Вавилон тұрғындары да бас қаты-
рып, қажымай-талмай жауап іздеген. Олар нақты 
іс пен терең ойлы адамдар еді. Вавилонның ежелгі 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
60
дүниедегі ең бай әрі қуатты қала болуының негізгі 
себебі осында болатын-ды.
Ол бір алыстағы өткен шақта мектептер де, кол-
ледждер де жоқ-тын. Дегенмен өте тиімді әрі нақты 
жұмыс істейтін білім орталығы болды. Вавилонның 
көкке шаншылған құрылыс нысандарымен, яғни 
патша сарайымен, аспалы бақпен және құдайлар 
шіркеуімен бой таластырған бір ғимарат бар еді. Ол 
жайында тарихи кітаптарда ештеңе айтылмайды. 
Алайда ол сол кездегі адамдардың ой-санасына ора-
сан ықпал еткен-ді.
Ол Ілім сарайы еді, онда ерікті мұғалімдер шә-
кірттерге өткен кезең даналығын жеткізетін және 
баршаны толғандырған тақырыптар ашық басқосу-
ларда талқыға салынатын. Осында өтетін пікір ал-
масуларда құлдың өзі патша әулетіне жататын төре-
лердің пікірін жоққа шығара алатын және бұл үшін 
кінәлі саналмайтын.
Ілім сарайына жиі келетіндердің бірі Аркад деген 
ақылды әрі бай кісі болатын. Ол Вавилонның ең қал-
талы адамы еді. Бұл жерде оның жеке залы болды, 
онда әр кеш сайын үлкен бір топ жиналатын, олар-
дың арасында қарт та, бала да жүрді, ал, негізінен
тыңдаушылардың көпшілігін орта жастағылар құ-
рады. Олар өздерін қызықтырған түрлі тақырып-
тарды талдап, пікір таластырып жататын. Біз қиял 
кемесіне мініп, сол кездегі жиындардың біріне қаты-
сып көрейік, тыңдаушылар сәттілікті өздеріне қара-
ту тәсілін меңгерді ме екен, соны білейік.
Аркад әдеттегідей жиналғандар алдына, яғни мін-
берге шыққанда батып бара жатқан күннің сәулесі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет