«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-909-01-77
119
шығарды. Біздің екі басшымыздың бірін өлтіріп,
қалғанымызды Шам қаласына айдап әкелді де, онда
бар киімімізді сыпырып алып, өзімізді құлдыққа са-
тып жіберді.
Сириялық тайпаның көсемі мені екі күміс тиынға
сатып алды. Шашымды сыпырып тастады да, беліме
лыпа болар мата байлады. Сөйтіп, кәдімгі құл бол-
дым да шықтым. Қамсыз-мұңсыз жас емеспін бе, бұл
өткінші ғана күлкілі жайт деп ойладым, бірақ бір
күні қожайын өзінің төрт әйелінің алдына шығарды
да, олардың мені әтек ретінде
алуларына рұқсат бе-
ретінін жеткізді.
Жағдайымның тым мүшкілдігін сонда ғана ұқ-
тым. Шөлейтте өмір сүретін бұл тайпа жабайы әрі
аса жауынгер болатын. Не қаруым, не қашуға тит-
тей де мүмкіндігім жоқ болғандықтан, толығымен
солардың билігіне өттім.
Үрейім ұшқан мені төрт әйел елемеді де,
тіпті бай-
қамағандай. Олардың маған аз да болса аяушылық
танытар-танытпасын білмедім. Сира бәйбіше жас
жағынан басқаларынан үлкен еді. Ол маған қарады,
бірақ жүзінен еш өзгеріс көрінбеді. Одан аяушылық
күту бекершілік деп ойладым. Келесі әйел тәкаппар
сұлудың өзі екен. Ол маған балшықтағы құртқа көзі
түскендей селқос көз салды.
Екі жас тоқал себепсіз
жырқылдап күлумен болды.
Маған тиісті үкім шыққанша тік тұрдым, уақыт
жылжымай қойды. Әйелдердің қай-қайсысы да өз-
дері шешім айтудан гөрі, басқаның сөзін тыңдауға
бейім сияқты. Ақыр соңында Сира зілді үн қатты: