«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-909-01-77
21
алмайды. Ен байлықтың ортасында қашанғы ақша-
сыз жүреміз. Байығым келеді. Қанеки, Аркадқа ба-
рып, табыс табу жолын сұрайық.
– Мен бірдеңені түсіндім, Бансир. Баю тәсілін
неге таппай келгенімді енді түйсіндім. Біз оны мүлде
іздемеппіз. Сенің Вавилондағы
ең жақсы арбаларды
жасаудан қолың босамады. Бар қабілетің соған жұм-
салды. Сондықтан байлыққа қолың жетпеді. Мен
де лираны тарту шеберлігімді қанша шыңдасам да,
кедейліктен арылмадым. Қысқасы, қай істі қолға
алсақ, содан нәтиже шығардық. Құдайлар қолдады.
Ақыры біздің санамызға жарық сәуле түсті. Енді
нақты ақыл-кеңес керек, ал
баю жолын өзіміз-ақ
табамыз.
– Дәл қазір Аркадқа кеттік, – деді Бансир.
– Ауыртпалықта жүрген достарымыздың бәрін ша-
қырайық. Олардың да көкірек көзі ашылсын.
– Мені танитындардың ішіндегі ең ақылдысы
сенсің, Бансир. Сондықтан да сенің достарың көп.
Айтқаның болсын.
Басқаларды да ертіп, осы қазір
оған барайық.