Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет4/85
Дата13.09.2023
өлшемі6,68 Mb.
#180904
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Байланысты:
2 5355048207715931999

«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
16
төрелердің бүгінгі кешкі салтанатына дейін қарыз 
бер. Ол екі шекелдің тез қайтатыны соншалық – сен 
олардың жоқ болған сәтін байқамай да қаласың.
– Менде екі шекел болса, – деп, көңілсіз міңгірле-
ді Бансир, – оны ешкімге, тіпті саған да бермес едім, 
өйткені менің басқа ештеңем де жоқ. Жалпы ешкім 
де қолдағы барын біреуге, ол жан досы болған күннің 
өзінде, түгелімен қайдан бере салсын.
– Осы мен не естіп тұрмын? – деп Кобби таңдана 
дауыстады. – Әмияныңда бір шекел де болмаса, дуал 
түбіне орнатқан мүсінге ұқсап неғып отырсың! Анау 
арбаны неге бітірмейсің? Сен менің тәбетімді қалай 
қанағаттандырмақсың, а? Мына тұрысың саған ұқ-
самайды, достым. Сенің таусылмайтын қуатың қай-
да? Әлде саған құдайлар бақытсыздық жіберді ме?
– Бұл Жаратқанның сынағы болуға тиіс, – деп 
келісе кетті Бансир. – Бәрі де менің түс көргенім-
нен басталды. Қайдағы бір оңбаған түс. Түсімде мен 
шылқыған бай болып кетіппін, белдігіме ақша толы 
әдемі әмиян байланыпты. Ондағы шекелдердің көп-
тігі сондай – мен кедейлерге есепсіз шаштым. Ішінде 
тағы күміс тиындар бар екен, оған әйеліме түрлі әше-
кей, өзіме не керектің бәрін сатып алдым. Сондай-ақ 
әмиянда толған алтын тиындар да бар болып шықты, 
олар болашағыма деген сенімімді бекітіп, күмісін 
жұмсаудан қорықпадым. Кеудемді қуаныш кернеді. 
Сол кезде мені көрсең, танымас едің, тіпті әйелімді 
де танудан қалар едің! Оның бетінде әжім атаулы 
қалмаған, қуаныштан жүзі бал-бұл жанады. Ол қай-
тадан той үстіндегі бақытты қалыңдықтан күлімсі-
реген бойжеткенге айналыпты.


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
17
– Айтарым жоқ, керемет түс екен, – деп, Кобби 
келісе кетті. – Ендеше сен неге осындай жағымды 
ойлардан соң, дуал түбіндегі жансыз бейне секілді 
қатып қалдың?
– Неге дейсің? Ояна келгенде, бос әмияным есіме 
түсіп, жүрегім айнып кетті. Жағдайды бірге бағамда-
йық. Екеуміз, теңізшілер айтатындай, бір кемеде-
гі адамбыз ғой. Бала кезімізде ғылым үйрену үшін 
абыздарға бірге бардық. Бозбала шақта бірге ойна-
дық, есейгенде жақсы дос болып қалдық. Екеуміз де 
шаршамастан сағаттап жұмыс істей алатынымызға 
қуандық, кейін еңбекпен тапқанымызды оп-оңай 
жұмсай беретінбіз. Ол жылдары біз ақшаны жақсы 
табатынбыз. Енді, міне, байлықты түсімізде ғана 
көретін болдық. Оу, осы біз мал сияқты емеспіз бе? 
Екеуміз әлемдегі ең бай қалада тұрамыз. Айналамыз 
молшылыққа толып тұр, ал бізге содан ештеңе бұ-
йыратын емес. Жарты ғұмырыңды ауыр бейнетпен 
өткізіп, сен, жан досым менің, маған бос әмиянмен 
келіп, кешке дейін екі шекел сұрап тұрғаның мынау. 
Бұған қандай жауап болуы мүмкін? Мен саған «Мә, 
ала ғой әмиянды. Сенімен қашан да бөлісуге даяр-
мын» дейін бе? Жоқ, досым, менің әмияным да сені-
кіндей босап қалған. Бұл арада не мәселе бар? Бізде 
неге күміс те, алтын да жоқ, неге ішерге ас, киерге 
киім сатып алардай дымымыз жоқ.
Оның үстіне ұлдарымыз туралы ойлау керек, – деп 
сөзін жалғастырды Бансир. – Олар біздің жолымыз-
бен жүріп келеді. Шынымен, олар да, отбасылары да, 
олардың түп-тұқияндары да біз сияқты ғұмыр кеш-
пек пе, айналада қаншама алтын жатқанда олардың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет