Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет9/85
Дата13.09.2023
өлшемі6,68 Mb.
#180904
түріМазмұндама
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85
Байланысты:
2 5355048207715931999

«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
26
Мен барымды салдым, бірақ заң мәтіні шұбатыл-
ған ұзақ еді. Альгамиш екінші рет келгенде заң да-
йын болмады. Ол қатты ренжіді, егер оның құлы 
болғанымда, мені сөз жоқ сабап тастар еді. Бірақ мен 
қала басшысын арқа тұтатын мүмкіндігім болған-
дықтан, одан тайсалмастан мынаны айттым:
– Альгамиш, сен өте бай адамсың. Баю жолын 
маған да айтып берші, мен түні бойы бел жазбастан
заңды таң атқанша тақтаға түсіріп берейін.
Ол күлімсірей жауап қатты.
– Сен әккі, алаяқ екенсің, бірақ мен бұл ұсынысы-
ңа келісемін.
Түні бойы мен бүкірейген күйі жұқалтаң сазтақ-
талардан бас көтермедім, білтешамның иісінен ба-
сым қақырайтындай ауырды, көзім бұлдырап, көр-
меуге айналды. Дегенмен тапсырыс беруші таң ата 
келгенде, сазтақталар дайын тұрды.
– Енді кезек сенікі, уәдеңді орындауға 
кіріс, – дедім.
– Сен мәміле бойынша өз міндетіңді орындадың, 
ұлым, – деді ол жұмсақ сөйлеп. – Мен де өз уәдем-
де тұрайын. Саған керек жайтты рет-ретімен баян-
дайын, тек... қартая бастадым. Жасы ұлғайған жан 
көбірек сөйлеп кетеді. Дегенмен ақылдасуға келген 
жастарға жылдар бойы жинақталған тәжірибесімен 
бөліседі. Бірақ көбіне жастар даналық жасқа қарай 
кештеу қонатын қасиет деп ұғады да, оған жас кезде 
мойын бұрмайды. Мынаны еске сақта: сәуле шашып 
тұрған күн сенің әкең туғанда да солай болып тұр-
ған, сенің шөбереңнің соңы о дүниеге аттанғанда да, 
ол осылай қала бермек.


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
27
– Жастардың ойы, – деді ол, – аспанды тіліп аққан 
құйрықты жұлдыз жарығы секілді, ал қарияның да-
налығы – мәңгі өшпейтін жұлдыздардың жарығын-
дай, олай өзгермейді, теңізде жүзгендер соларға қа-
рап бағдарын түзейді.
Сөздерімді жақсылап есіңде сақта, әйтпесе түнгі 
жұмысың бекерге кеткендей өкінетін боласың.
Ол маған өсіңкі қастарының астынан жанарын 
тіктеп қарады да, төмен, бірақ ашық дауыспен бы-
лай деді:
– Тапқан ақшамның бір бөлігі өзіме тиесілі болға-
нын білгенде ғана байлыққа барар жолға түстім. Ол 
сенің де қолыңнан келеді. – Ол ішімдегіні көре ала-
тындай тесіле қарап, үнсіз қалды.
– Бар болғаны осы ма? – дедім.
– Бақташының жүрегін өсімқордың жүрегіне 
айналдыруға осы да жеткілікті болды. – Ол осылай 
жауап берді.
– Тапқан ақшамның бәрі онсыз да менікі ғой.
– Тіпті де олай емес. – Альгамиш келіспеді. – 
Тігіншіге төлемейсің бе? Ал етікшіге ше? Ішкен 
асыңның ақысын кім төлейді? Вавилонда шығынсыз 
тіршілік ете алмайсың. Соңғы айда тапқан ақшаның 
қаншасын осылайша шығындадың? Ал жыл бойы-
на? Ақымақ! Сен өзіңнен басқаның бәріне төлейсің, 
бар тапқаның басқаларға кетеді. Ендеше, құлқын-
ның құлы болып, тамақ пен киімге ғана жетер ақ-
шамен шектеліп, солай жалғастыра бер. Егер де сен 
тапқан ақшаңның оннан бір бөлігін өзіңе қалдырып 
отырсаң, он жыл ішінде қанша жинар едің?
Есептен алған білімім жерге қаратқан жоқ, жыл-
дам жауап бердім:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет