«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-233-72-57
76
х
Алтынның
бес заңы
– Алтын толы ауыр қап немесе даналық сөздер
жазылған сазтақта. Егер алдарыңа осындай таңдау
қойылса, қайсысын алар едіңдер?
Тыңдаушылардың күн қақтаған жүздерінде жан-
ды қызығушылық бар екенін от жарығы ап-анық
көрсетіп тұр.
–
Алтынды таңдар едік, әрине, алтынды, – деп
жиырма жеті адамның бәрі жамырай жауап қатты.
Калабаб қария түсінген кейіппен күлімсіреді.
– Қане, тыңдаңдар, – деді ол. – Түнде шибөрінің
ұлығанын естисіңдер ме? Олар аш болған соң ұлиды.
Оларды тойындырыңдаршы,
содан кейін не істейтін-
дерін көресіңдер. Ертең де күн бар екенін ойламастан,
бір-бірімен таласады немесе алаңсыз аунай кетеді.
Адам баласы да сол секілді. Оларға қалауына қа-
рай алтын немесе білім ұсыныңдар – не істер екен?
Білімнен теріс айналып, алтынға қол салады.
Алтын
дегенің кімде-кім оның заңын білсе және мойында-
са, соған қызмет етеді.