«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-233-72-57
80
туды. Номасирдің әйелі, кішкентай екі ұлы және
достары мен туыстары кілем үстіне жайғасып, есепті
мұқият тыңдап отыр.
– Әке, сенің даналығыңа құрметпен бас иемін, –
деп Номасир сөзін бастады. – Он жыл бұрын кәме-
леттік жастың табалдырығында
тұрғанымда мені
байлығыңа көз салған масыл етпей, лайықты аза-
мат болып шығуым үшін дүниені аралауға жібердің.
Ең бастысы – алтын мен білімді қоса қабат бердің.
Жомарттық таныттың. Өкінішке қарай, алтынды
ақылмен жұмсай алмадым. Ол қапыда балаларға ұс-
талып қалып, мүмкіндік
туғанда сытылып кеткен
жабайы қоян сияқты тәжірибесіз қолымнан сусып
кетіп, ғайып болды.
Әкесі түсіністікпен күлімсіреді:
– Айта бер, ұлым. Басыңнан өткен оқиғаларды
тәптіштеп жеткіз, мен үшін бәрі маңызды.
– Болашағы жарқын, тез өсіп келе жатқан
Ниневия қаласына барып,
сонда тұрақтауды ойлас-
тырған едім. Сонда баратын керуенге қосылдым да,
жол бойы көптеген жаңа достар таптым. Олардың
арасында желмен жарысқан жүйрік әрі сұлу сәйгү-
лік мінген екі әдепті кісі болды.
Сапар барысында олар маған біз бағыт алған қа-
лада бір бай кісі тұратынын жеткізді. Оның жүйрік
аты ылғи да бәйгеден бірінші болып келеді екен.
Аттың иесі бүкіл Вавилонда оның жүйрігінен оза-
тын қылқұйрықтың жоқтығына сенімі кәміл болған-
дықтан, кез келген сомаға бәс тігуге дайын көрінеді.
Алайда бір досым әлгінің аты өзінің сәйгүліктеріне
қарағанда ақсақ
есек сияқты дегенді айтып, бәйгеде