Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет38/86
Дата06.11.2022
өлшемі6,68 Mb.
#156706
түріМазмұндама
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   86
Байланысты:
Вавилондағы ең бай адам

АЛТЫННЫҢ БЕС ЗАҢЫ
1. Табыстың кемінде оннан бір бөлігін өзі мен отба-
сының болашағына арнап жинайтын адамның қо-
лына алтын келеді және молаяды.


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
83
2. Өзіне табысты кәсіп тапқан ақылды адамның ал-
тыны ынталы әрі қалтқысыз жұмыс істеп, өрістегі 
мал сияқты көбейеді.
3. Білікті адамдардың кеңесіне құлақ асып, ақыл-
мен іске жаратқан парасатты жанның алтыны 
таусылмайды.
4. Өзі жай-жапсарын білмейтін іске салған адамның 
алтыны қолынан сусып кетеді.
5. Қолынан келмейтін іске ұрынған немесе алаяқтар 
мен жылпостардың қармағына түскен немесе бол-
машы тәжірибесі мен тез баю туралы бос қиялына 
сенген адамнан алтын іргесін аулақ салады.
Әкем жазып берген алтынның бес заңы осындай 
болатын. Олардың бағасы алтыннан да қымбат еке-
нін мәлімдеймін және оны келесі хикаяларымда 
дәлелдеймін.
Ол тағы да әкесіне қарады:
– Саған өзімнің тәжірибесіздігімнің салдарынан 
ұрынған кедейшілік пен шарасыздықтың түпсіздігі 
жөнінде айттым. Бірақ кез келген бақытсыздық тіз-
бегінің шегі болады. Қала қорғанын тұрғызып жат-
қан құлдарды бақылаушы жұмысын тапқан соң кү-
йінішім біршама сейілді.
Алтынның бірінші заңына сүйеніп, өз табысым-
нан аздап бақырларды жинауды бастадым, мүмкін-
дікке қарай оның мөлшерін үнемі арттырып отыр-
дым, нәтижесінде алғашқы күміс тиындар пайда 
болды. Бірақ қорымның толығуы тым баяу жүрді, 
өйткені өмір сүру де күнделікті шығысты талап ете-
ді емес пе? Талмай ақша жинай бердім. Әке, он жыл 
бұрын қанша алтын берсең, сонша алтынды өзіңе 
қайтаруды қатаң түрде мақсат еттім. Құлдардың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет