3.2. Visual Basic программалау ортасын іске қосу.
Visual Basic программалау жүйесі компьютерге орнатылған соң оны іске қосу Windows терезесі арқылы әдеттегідей жүргізіліді: Іске қосу-Программалар=> Microsoft Visual Basic 6.0. Бұл кезде Project Wizard (Проект шебері) программасы іске қосылады да, экранда Microsoft Visual Basic, оның жоғарғы бетінде белсендірілген New Project (Жаңа проект) сұхбаттық терезесі көрінеді. Терезеге үш қосымша бет енгізілген: New (Жаңа), Existing (Қолданылған), Recent (Жақында қолданылған файлдар).
New бетіне енгізілген жоба типтпрі:
- Standard.EXE (стандартты exe-файл);
- VB Application Wizard (Қолданбалы VB шебері);
- Add-In (қосымша қондырма);
- Internet’те Web-беттері құруға мүмкіндік туғызатын ActiveX файлдар, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |