Жаңа жоба терезесі.
Жаңа жобаны ашу үшін New Project терезесіне орналастырылған Standard EXE, белгішесін таңдап, Ашу түймесін шерту жеткілікті. Бірнеше компоненттері бар, интегрелданған біртұтас ортасы (IDE, Intergrated Development Enviroment) не Visual Basic программалау ортасы деп аталатын терезелер көрінеді. Оларды қысқаша Орта деп те атайды. Егер компоненттердің кейбіреуі көрінбесе, оларды арнайы командалар арқылы орнату қиын емес.
3.3. Visual Basic Интегралданған ортасының элементтері.
1 - негізгі мәзір (Menu);
2 - аспаптар панелі(Toolbar);
3 - жоба терзесі(Project 1);
4 - форма терезесі (Form 1);
5 - қасиеттер терезесі (Properties);
6 - элементтер панелі (Toolbox);
7 - форма конструкторы (Project Container);
VB жұмыс ортасы көбінесе интегралданған (жинақталған) жұмыс ортасы деп аталады. Себебі бұл программада жобалау, түзету, компиляция және тексеру барлығы қосыла отырып жұмыс істейді.
Интегралданған ортасының элементтері мыналардан тұрады:
Тақырып қатары.Мұнда программаның аты мен ағымдағы жобаның аты жазылады.
Мәзір қатары. Мұнда VB программасының жұмысын басқаратын бұйрықтар тізімі орналасқан. File, Edit, Window, Help, View стандартты мәзір қатарларымен қоса программалауға арналған арнайы мәзір қатарлары орналасқан: Project, Format,
Достарыңызбен бөлісу: |