Vb атауы өзі айтып тұрғандай басқа тілдерден ерекшелігі Visual -ды деген сөздің өзі визуалдық программалауды іске асырады. Жоғарыда атап өткендей vb ортасында программа жазылмайды, жоба құрылады



бет9/11
Дата26.01.2022
өлшемі104,36 Kb.
#114943
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
реферат

Жоба. Жоба терезесі.

Visual Basic - қосымшалар құруға арналған күрделі программа. Онда жиі қолданылатын компоненттер, жоба, форма, басқару элементтері, модуль және т.б.

Жоба (Project)-дайындалатын программада қандай формалардың, модульдер мен элементтер панелі пайдаланатынын көрсететін арнайы файл. Қосымша құрайтын барлық объектілер жоба арқылы басқарылады және жобада сақталынады.

VB-те жоба үшін Project терезесі қарастырылған. Жоба терезесі Windows терезесіне шамалас. Оған енгізілген проект, форма бумаларын ашуға не жабуға болады. Ол үшін алдарында көрінген ауыстырып қосқыш белгілерін шертсе болғаны.

 

 

1-View Code түймесі;



2-View Object түймесі;

3- жоба терезесіне енгізілген формалар белгішесін ашу/жабу түймесі (Toggle Forders).

View Code түймесі шертілген кезде, программа жазылатын (не жазылған) Visual Basic редакторы терезесі көрінеді. Оны программалық код терезесі деп не қысқаша кол терезесі деп атайды.

Форманы экранға шығарудың бір әдісі - View Object түймесін шерту. Жоба терезесінде қосылулы тұрған жоба мен форма, олардан соң жақшалар ішінде Visual Basic -тің нақты файлдарға меншіктеген атаулар жазылып қойылады. Алғашқы рет меншіктелген атаулар: Project1, Form1. Форма дайындалып, форма мен жоба жаңа атаулар бойынша сақталған кезде, олар осы атауларға өзгертіліп қойылады. Кейде жоба терезесі экранда көрінбеуі де мүмкін. Оны ашу үшін View-Project Explorer командасын беру жеткілікті. Бір проектімен жұмыс аяқталған соң оны сақтау керек. Жаңа жобаны ашу командасы: File- New Project.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет