Vb атауы өзі айтып тұрғандай басқа тілдерден ерекшелігі Visual -ды деген сөздің өзі визуалдық программалауды іске асырады. Жоғарыда атап өткендей vb ортасында программа жазылмайды, жоба құрылады



бет8/11
Дата26.01.2022
өлшемі104,36 Kb.
#114943
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
реферат

3.4. Программаның кодын жазу.

Дайындалып жатқан қосымша үшін кодты редакторлау терезесінде программа коды жазылады. Программа командалардан, тұрақтылардан және хабарландырулардан тұрады. Кодты редакторлау терезесінде программа кодын жылдам түрде қарап шығуға және оны түзетуге болады. Программаны редакторлау терезесі келесі элементтерден тұрады:



1. Объектілер тізімінің терезесі. Бұл терезеде таңдалған объектінің аты көрсетіледі

2. Процедуралар тізімінің терезесі. Бұл терезеде объект үшін процедуралар немесе жағдайлар (события) тізімі беріледі. Терезенің ішінде таңдалған процедураның аты көрсетіледі. Мысалы: click процедурасы. Объект үшін барлық процедураны көрсету үшін терезенің оң жағындағы мегзегішті басу керек.

VB қосымшасының программасы процедурасының атына сәйкес кішігірім өлшемдерге немесе бөліктерге бөлінеді. Қосымша орындалып жатқан кезде (мысалы: қолданушы тышқанды шерткен кезде) оның процедурасы орыдалады және ол кодтардан тұрады. Басқару элементі үшін қосымшаның процедурасы басқару элементінің өзінің атынан (Name қасиетінде көрсетілген) символынан және қосымшаның атынан тұрады. Мысалы: command1 атты команда батырмасын басқан кезде қосымша процедурасын шығару керек болса, онда command1-click процедурасын қолдануға болады. Қосымшаның процедурасын төмендегідей түрде іске қосамыз.

1. Objeсt тізімдер терезесінде басқару элементінің атын таңдап.

2. Procedure тізімдер терезесінде таңдалған объект үшін қосымша атын таңдаңыз.

3. Sub and End Sub операторларының арасында программа кодын жазамыз.

Visual Basic - бірнеше файлдар жиынтығы (exe-файл). Аспаптар панеліне мәзірлерге енгізілген негізгі командаларды орындайтын түймелер орналастырылған. Стандартты түймелер:

- Standard.exe типті жобаны іске қосу (Add Standard EXE Project);

- Форма қосу (ADD Form);

- Жобаны ашу (Open project);

- Жобаны сақтау (Save project);

- Көшіру (Copy);

- Кірістіру (Paste);

- Жоба терезесін шығару (ProjectExplorer);

- Қасиеттер терезесін шығару (Property Windows);

- Программаны тіске қосу (Start);

- Программа жұмысын аяқтау (End);

- Мәзір редакторы (Menu Editor);

- Элементтер панелі (Toolbox) т.б.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет