Дәріс№ Тақырып: Санитарлық - көрсеткіш микроорганизмдердің әдістемелік регламенттелуі .Негізгі санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің жалпы сипаттамасы м.ғ.к., доцент Изимова Р
ЖОСПАР
1.Санитарлық- көрсеткіш микроорганизмдері (СКМ) (индикаторлық) туралы жалпы түсінік.Санитарлық микрорганизмдерге қойылатын талаптар
2.Санитарлық - көрсеткіш микроорганизмдерінің жіктелісі 3. І топ – фекальды ластанудың индикаторлары
4. ІІ топ- ауа – тамшылық ластанудың индикаторлары
5. ІІІ топ- өздігінен тазартудың индикаторлары
«Санитарлық- көрсеткіш микроорганизмдер» (СКМ) терминінің ғылыми және практикалық критерийлері Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдер- адамның (жануарлардың) денесінде табиғи қуыстарды мекендеп және тұрақты түрде сыртқы ортаға бөлініп отыратын микроорганизмдер. Санитарлық- көрсеткіш микроорганизмдер деп тану үшін олар келесідей талаптарға сай болуы керек: 1.Адам мен жылықанды жануарлардың табиғи қуыстарын тұрақты мекендеуі және сыртқа ортаға тұрақты түрде бөлініп отыруы; 2. Сыртқы ортада резервуары болмауы және көбеюдің болмауы; 3. Сыртқы ортада өмір сүру ұзақтығы және төзімділігі патогенді микрорганизмдермен шамалас немесе жоғары болу керек; 4.Санитарлы-көрсеткіш микроорганизмдермен шатастыруға болатын «сыңарларының» болмауы; 5.Олар қоршаған ортаға түскеннен кейін өздерінің биологиялық қасиеттерін өзгертпеуі қажет; 6.Анықтау әдісінің сенімділігімен қатар орындалудың қарапайым болуы. Санитарлық - көрсеткіш микроорганизмдерінің концентрациясы ортада жоғары болған сайын, сол нысанда патогенді микроорганизмдердің болу мүмкіншілігі де жоғары. Оларға баға беру- СКМ саны, титр және индекстер арқылы жүргізіледі. Титр- санитарлық - көрсеткіш микроорганизм анықталатын субстраттың минималды мөлшері (куб сантиметрмен немесе граммен).
Достарыңызбен бөлісу: |