Векторы. Операции над векторами


Аэромонадалар микроорганизмдерінің ішінде кеңінен зерттелгендері



бет6/7
Дата07.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#176218
түріРегламент
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
№4-5 Дәріс санит микр (1)

Аэромонадалар микроорганизмдерінің ішінде кеңінен зерттелгендері:

Aeromonas hydrophila

Aeromonas caviae

Aeromonas sobria

Aeromonas veronii

Aeromonas hydrophila негізінен топырақта, қойма суларында,тұзды суларда кеңінен кездеседі. 1968 жылдан бастап, Aeromonas hydrophila, A. Caviae және A. sobria иммунитеті төмендеген адамдар үшін факультативті патогенді микроорганизмдер деп саналды.

Aeromonas hydrophila бактериялары тағам өнімдерінде тоңазытқышта ,тіпті төменгі температурадада сақталып,көбеюін жалғастыруға қабілетті.

Санитарлық-көрсеткіштік микроорганизмдердің әдістемелік регламенттелуі

Адамзатқа зиянды жұқпалы аурулар қоздырғыштарының негізгі көзі – адам және жылықанды жануарлар. Қоршаған ортаға осы микроорганизмдердің түсуінің негізгі жолдары- ауа-тамшылы және алиментарлық (фекальді).

Қоршаған ортаның нысандарын санитарлық-микробиологиялық зерттеу арқылы адам өмірі үшін қауіпті микроорганизмдердің болу, болмауын анықтау маңызды және ауру қоздырғыштарын тікелей табу бірқатар қиындықтар туғызатыны белгілі.

Оның негізгілері болып табылады:

Біріншіден, патогенді микроорганизмдер қоршаған ортада үнемі болмайды, салыстырмалы түрде оларды эпидемия кезеңінде анықтауға болады, бірақ эпидемия аралық кезеңде анықтау өте қиынға соғады. Санитарлық микробиологтардың қызметінің негізгі бағыты-эпидемияның алдын-алу, сондықтан барлық жұмыс эпидемия аралық кезеңде жүргізіледі.

Екіншіден, қоршаған ортаға түскен патогенді микроорганизмдердің саны патогенді емес микроорганизмдер санынан аз және ластанған нысандарда таралуы біркелкі емес.

Патогенді микробтарды қоректік орталарға себу, бөліп алу кезінде қиындықтар туындайды, сапрофитті флораның бәсекелестігіне тап болады.

Қоршаған орта нысанынан патогенді микроорганизмдерді анықтаудың теріс нәтижелері, олардың жоқ екенін толық растамайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет