Индекс- 1л судағы немесе басқа субстраттың 1 см³ болатын санитарлық - көрсеткіш микроорганизмдерінің саны.
Барынша ықтимал (мүмкіндігі жоғары) саны (МЖС- микроорганизамдердің жалпы саны) - 1л судағы немесе 1м³ басқа субстраттың құрамындағы санитарлық микроорганизмдерінің саны. Бұл шамамен 95 пайыз ықтималдылықпен сенімді шекаралары бар нақты болжам.
Санитарлық - көрсеткіш микроорганизмдердің бірінші тобы
І топ - фекальды ластанудың индикаторлары – адам мен жануарлардың ішек микрофлораларының өкілдері
Су, тағам өнімдерінің, топырақтың санитарлық- бактериологиялық көрсеткіштерін бақылауда қолданыстағы нормативті құжаттарда ішек таяқшалары тобының бактериялары есепке алынады.
Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің бірінші тобы экологиялық ерекшеліктері - олардың индикаторлық мәнін анықтайтын - Escherichia, Citrobacter, Enterobacter, Serratia, Klebsiella микроорганизмдері жатады.