Ішек таяқшалар тобы грамм теріс, спора түзбейтін, оксидазалық белсенділікке ие емес, 24-48 сағат арасында 37°C температурада қышқыл және газ түзе отырып, глюкоза мен лактозаны ашытып,ыдырататын қысқа
Ішек таяқшалар тобы грамм теріс, спора түзбейтін, оксидазалық белсенділікке ие емес, 24-48 сағат арасында 37°C температурада қышқыл және газ түзе отырып, глюкоза мен лактозаны ашытып,ыдырататын қысқа таяқшалар.
Эшерихиялар. Escherichia түрлері , типтік E.coli түрін қамти отырып, нәжіспен жақында ластанудың көрсеткіші, тағамдық токсико-инфекциялардың мүмкін себебі болып табылады. Идентификациялау үшін 44±5°C температурада лактоза ферментациясына қабілеттілігін және цитрат құрамды орталарда өсу процесінің болмауын есепке ала отырып биохимиялық тесттер қолданылады. Бұл топтың өкілдері суда- термотолерантты колиформды бактериялар, емдік балшықтарда - нәжістік колиформды бактериялар, ал тағам өнімдерінде - E.coli түрінде кездеседі.
Цитробактериялар. Citrobacter тобының бактерияларының эпидемиялық ролі - тағамдық токсикоинфекция, гастроэнтероколит, диспепсия туғызатын эпидемия кезінде дәлелденеді. Инфекция көзі- науқастар және бактерия тасылмалдағыштар, Ауру ластанған тағам өнімдерін (сүт,ет өнімдері) қолданғаннан кейін пайда болады.
Атап өтетін жайт, ішек таяқшасы идеалды санитарлық - көрсеткіш микроорганизм болып табылмайды.
Ішек таяқшасы (Escherіchіa colі) – ішек тұқымдасына жататын таяқша пішінді бактерия.
Бұлар талшықтары бар, спора түзбейтін, екі шеті жұмыр, грам әдісімен бояғанда теріс боялатын (қызыл түске), оксидазалық белсенділікке ие емес, 24-48 сағат арасында 37°C температурада қышқыл мен газ түзе отырып глюкоза мен лактозаны ашытатын бактериялар.
Ішек таяқшасының санитарлық- көрсеткіш микроорганизм ретінде кемшіліктері болып табылады: