«ветеринариялық санитариядағЫ Ғылыми зерттеу негіздері»



бет2/4
Дата29.01.2017
өлшемі0,88 Mb.
#8226
1   2   3   4


9.Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесі


      1. Осы Ереже «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленген және ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) берудің тәртібін анықтайды.
      2. Қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор ғылыми атақтарын білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының (бұдан әрі - ЖОО) Ғылыми кеңестерінің (бұдан әрі – Ғылыми кеңестер) кандидатуралар ұсынуы негізінде аталған ұйымдардың қызметкерлеріне береді.
      3. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) болып табылады.
      4. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі бар және ғылыми атақ беруге қолдау хат ұсынған ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін тұлғаларға мынадай жағдайларда беріледі:
      1) диссертация қорғағаннан кейін ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте 3 жылдан кем емес, оның ішінде жоғары оқу орнында доценттен (қауымдастырылған профессордан) төмен емес лауазымда немесе ғылыми ұйымда аға ғылыми қызметкер лауазымында, жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның басшысы, жоғары оқу орны басшысының орынбасары, бөлімшелер басшылары лауазымдарында 2 жыл үзіліссіз өтілі.
      Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі бар үміткерлер үшін жоғары оқу орнында қауымдастырылған профессордан (доценттен) немесе ғылыми ұйымда аға ғылыми қызметкерден төмен емес лауазымдағы өтілі талап етілмейді;
      2) диссертация қорғағаннан кейін жарияланған сұратылған мамандық бойынша кемінде 14 ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынатын басылымдарда 10 ғылыми мақала және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 2 ғылыми мақаласы.
      Осы Ереженің 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарға Томсон Рейтер (Web of Science, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасында нөлдік емес импакт-факторы бар журналдар жатады. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында ғылыми атаққа үміткер тұлғалар үшін Скопус немесе Jstore базаларына кіретін журналдар да жатады.
      Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы мақалалар келесі шарттар орындалған жағдайда ескеріледі:
      1) мақалалар Томсон Рейтер (Web of Science, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасында импакт-факторы болған немесе Скопус не Jstore базаларында (әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында) индекстелген мерзімде шыққан ағымдағы нөмірлерде (конференция материалдары емес) жарияланған;
      2) мақалалар журналдың Томсон Рейтер (Web of Science, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасында немесе Скопус не Jstore базаларында (әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында) көрсетілген тематикалық бағытына сәйкес келген жағдайда.
      Ғылыми мақалалар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда талап етілген мақалалар санынан артық болған жағдайда, олар уәкілетті орган ұсынатын басылымдардағы мақалалар ретінде саналады.
      Томсон Рейтер (Web of Science, Thomson Reuters) компаниясының деректер базасына енгізілген патенттер халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы ғылыми мақалалар ретінде саналады;
      3) Ғылыми кеңес ұсынған монографиясы (соңғы 5 жылда басылған, ізденушіге кемінде 6 баспа табағы тиесілі), не Ғылыми кеңес немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған жеке жазылған оқу (оқу-әдістемелік) құралы (соңғы 5 жылда басылған, көлемі 6 баспа табақтан кем емес, оқу процесінде кемінде 1 оқу жылы пайдаланылады), не оның басшылығымен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі бар тұлғасы.
      Осы Ереженің 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілгендерге қосымша Томсон Рейтер (Web of Science, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша тиісті саладағы жарияланымдары жарияланған сәтінде 1,0-ден жоғары импакт-факторы бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған кемінде 3 ғылыми мақаласы болған жағдайда осы ереженің 4-тармағының 3) тармақшасының талаптарын орындау талап етілмейді.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.06.2015 № 380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      5. Профессор ғылыми атағы ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі және қауымдастырылған профессор (доцент) немесе аға ғылыми қызметкер ғылыми атағы бар және ғылыми атақ беруге қолдау хат ұсынған ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін тұлғаларға мынадай жағдайларда беріледі:
      1) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте 5 жылдан кем емес, оның ішінде жоғары оқу орнында профессордан төмен емес лауазымда немесе ғылыми ұйымда тиісті лауазымда, жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның басшысы, жоғары оқу орны басшысының орынбасары, бөлімшелер басшылары лауазымдарында 2 жыл үзіліссіз өтілі;
      2) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған, сұратылған мамандық бойынша 28 ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынған басылымдарда 20 ғылыми мақала және осы Ереженің 4-тармағының 2) тармақшасының талаптарын қанағаттандыратын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 3 ғылыми мақала;
      3) Ғылыми кеңес ұсынған және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған монографиясы (авторлығы кемінде 6 баспа табақты құрайтын), не Ғылыми кеңес/Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған жеке жазылған оқулығы (соңғы 5 жылда басылған, жалпы көлемі 6 баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 оқу жылы пайдаланылады), не оның басшылығымен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі бар 3 тұлғасы.

Дәріс №2. Тақырыпты ақпараттық анықтау. Ақпараттың негізгі көздері. 2 сағ
Ақпарат (лат. informatio — түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты. Көп адам бұл жайлы Білім дәуірі немесе білім қоғамы тудырған Ақпарат дәуірі туралы айта бастады; ақпараттық қоғам, ақпараттық технологиялар, тіпті информатика, ақпарат ғылымы және компьютер ғылымы назарға көп түсуде, ал “ақпарат” сөзі білдіре бастаған мағыналары ұқыпсыз пайдаланылуда.

Мазмұны

  • 1 Ақпараттың тарихы, анықтамалары

  • 2 Ақпарат хат ретінде

  • 3 Ақпарат энтропиясын өлшеу

Ақпараттың тарихы, анықтамалары

Ақпарат - адамның өзіне қарағанда әлдеқайда көне құбылыс. Табиғат әлдеқашан өсімдіктер мен тірі организмдерде жұмбақталған (кодталған) ақпаратты өзінің даму барысында беріп отырған. Ал, жануарлар мен құстардың тілі ақпаратқа бай. Адамдар өздерінің алғашқы қадамдарынан бастап-ақ ақпарат беру мен сақтаудың жаңа құралдарын іздеуде және табуда. Бұған жартастағы суреттер де, "Жазбалар ғибадатханасындағы" Майя өркениетінің иероглифті тақталары да, ежелгі египеттіктердің абак тастары мен жасырын хабарларды жіберуге арналған дискілері де дәлел бола алады.

"Ақпарат" термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін "informatio" сөзінен шыққан. Бұл терминнің кең тарағанына қарамастан, ақпарат түсінігі ғылымдағы ең көп пікірталас тудырған түсініктердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде ақпарат түсінігінің дәл анықтамасы жоқ, көптеген жағдайларда ол интуициялық болып келеді және оған адам әрекетінің әр түрлі салаларында әр түрлі мағына беріледі.

Ақпараттың анықтамаларының көп болуы - бұл түсініктің мағынасын түсіндірудің күрделілігімен, ерекшелігімен және көп түрлілігімен байланысты. Қазіргі кезде ақпарат түсінігін айқындаудың кең таралған үш теориялық жолы бар. Олардың әрқайсысы оның мағынасын өзінше түсіндіреді.



Бірінші теория (К. Шенон) сандық-ақпараттық тұрғыдан тұрғыдан қарастырады да, ақпаратты оқиғаның анықталмағандығының (энтропияның) өлшемі ретінде айқындайды. Ақпарат көлемі, қандай жағдайда болмасын, оны алу ықтималдылығына тәуелді: хабар неғұрлым ықтимал болып табылса, оның ақпараты соғұрлым аз болады. Бұл теория ақпараттың мағыналық жағын ескермесе де, хабарды оңтайлы кодтау мен ақпаратты өлшеуге негіз болды да, байланыс техникасы мен есептеуіш техникасында өте пайдалы болып шықты. Бұдан басқа, ол ақпараттың жаңалығы, хабардың жеделдігі сияқты маңызды қасиеттерін көрсету үші өте қолайлы Ақпаратты осы тұрғыдан түсінгенде - бұл анықталмағандықтың алынуы немесе мүмкін баламалар жинағынан таңдап алу нәтижесі. [2]

Ақпарат хат ретінде

Ақпарат – қарастырылатын жүйе қалпы. Хабар – заттанған ақпарат. Ақпарат жіберушіден қабылдаушыға бағытталған хабардың сапасы болып табылады. Ақпарат әрқашан бірнәрсе (параметр өлшемі, оқиғаның болғаны, т.б.) туралы. Осылай қарастырылған ақпарат мағынасы ұқыпты болуы шарт емес. Ол ақиқат немесе жалған, тіпті сүюдің дауысы болуы мүмкін. Тіпті үзілісті шудың байланыс арнасын толтыруы, түсініспеушілік әкелу мүмкіндігі осы мағынасы бойынша ақпарат болып есептеледі. Дегенмен, жалпы айтсақ, ақпарат мөлшері көбейген сайын хабар дәлірек болады. Бұл модель белгілі жіберуші және кем дегенде бір қабылдаушы бар деп есептейді. Осы модельдың көптеген толықтырмаларында жіберуші мен кем дегенде бір қабылдаушының ортақ тілі барын жорамалдайды. Ақпараттың өзгеше маңызды анықтамасы оны қабылдаушы түсінетіндей жіберушіден шыққан хабар деп анықтайды. Бірақ, белгілi жіберуші болуын талап ететін “ақпарат - хат” моделі ақпараттың қоршаған ортадан, байқау, өлшеу, т.б. арқылы, алынатын нәрсе болуы мүмкіндігіне мән бермейді. Ақпарат ұғым ретінде контекстіне байланысты көптеген мағына білдіреді, дегенмен ол әдетте мағына, білім, тапсырма, байланыс, бейнелеу, сезіну дегендермен тығыз байланысты. Қысқа қайырғанда, қабылданған және түснікті хабар. Дерек хақында айтылса, ақпарат деп әлдебір түйін жасауға болатындай ақиқаттар жиынтығын қарастыруға болады. Оқу, тәжірибе немесе тапсырмалар арқылы ақпарат алынатындықтан, оның т.б. түсініктемелері болуы мүмкін. Қалай болғанда да ақпарат деректерді өңдеу, реттеу және оларды қабылдаушыға жаңа білім болатындай ұйымдастыру нәтижесі болып табылады. Байланыс теориясы нәтиженің (шығыстың) анықсыздығының сандық өлшемі болып табылады. Мысалға, “мыңдаған биттерден тұратын ақпарат” деп айта аламыз. Байланыс теориясында жиі Клод Шеннонның есімімен байланысты ақпарат энтропиясы деген ұғым пайдаланылады (төменде қара). Ақпараттың келесі бір түрі Фишер (R.A. Fisher) енгізген ұғым – Фишер ақпараты. Бұл статистиканы бағалау теориясында және жалпы ғылымдарда пайдаланылады. Байқалмайтын параметр (unobserved) жайлы хабардың алып жүретін ақпарат мөлшері Фишер ақпараты болып табылады. Оны жүйені сипаттайтын ықтималдық функциясы ілімінен есептеп шығуға болады. Мысалы, қалыпты (normal) ықтималдық функциясы бойынша Фишер ақпараты заң variance керісі болып табылады. Ықтималдық заңы туралы ілімсіз Фишер ақпараты қалыпты (normal) ықтималдықпен тарайтын деректің екінші моментіне керісінен есептеуге болады. Тіпті ақпарат пен деректер бір-бірімен алмастырылып жиі қолданылатынына қарамастан, олар екі түрлі ұғым. Деректер байланысы жоқ ақпараттар жинағы болып табылады және сәйкесінше өңделмейінше, пайдасыз болып табылады. Өңделу барысында өзара жетерліктей байланыс табылса, және олардың маңызы бар болса ғана ол ақпарат санатына ауысады. Сондықтан жәй деректер түрлі мақсаттарға пайдаланылуы мүмкін. Яғни деректер әлдебір ақпарат қамтылмайынша, жарамсыз болады.



Ақпарат энтропиясын өлшеу

Ақпаратқа хабар ретінде қарау 1948 жылғы Клод Шеннонның әйгілі "Байланыстың Математикалық Теориясы" атты мақаласынан кейін қалыптасты. Мақала Байланыс теориясының негізін қалады және ақпарат ұғымына техникалық мағына беріп қана қоймай оған мөлшерін анықтады. Егер құрылғы бірдей ықтималдықпен N хабардың бірін жіберсе, онда “жиыннан хабар таңдалған кездегі ақпарат мөлшері” екі негіздегі логарифм N-ге тең (Бұл мөлшер өздік-ақпарат деп аталады). Сол мақалада Шеннон былай жалғастырады: Логарифм негізін таңдау ақпаратты өлшеу өлшем бірлігіне сәйкес келеді. Егер негізі 2 болса нәтижесінде ақпарат бірлiктері бинарлық сандар, немесе қысқаша Тюки (J. W. Tukey) енгізген биттер болар еді. Екі бірқалыпты дәрежесі бар құрылым, мысалы – реле, бір бит ақпарат сақтай алады. Осындай N құрылым N бит сақтай алады…[1] Алгоритмдік байланыс теориясы ақпаратты өлшеудің қосымша жолын береді. Қысқаша қайырғанда, бұл тәсіл ақпарат мазмұнын белгілер тізімінің болжамдығына негіздеп өлшейді, немесе басқаша айтқанда бағдарлама арқылы тізімді есептеу қаншалықты оңай: тізімнің ақпарат мазмұны ең қысқа осы тізімді есептейтін бағдарламаның биттер саны болып табылады. Төмендегі тізімнің алгоритмдік өлшемі өте аз болар еді, өйткені ол - оңай болжауға болатын құрылым, және құрылым ретінде жалғасқанымен өлшемі өзгермейді. Шеннон ақпараты тізімнің әр белгісі үшін, олар статистикалық кездейсоқ болғандықтан, дәл осындай ақпарат өлшемін берер еді, ал әр жаңа белгі өлшемін үлкейтер еді. 123456789101112131415161718192021 Адамдық көзқараспен қарағанда дәстүрлі ақпарат теориясы мен алгоритмдік ақпарат теорияларының шектеулері бар. Мысалға, хабар мазмұны дегенде Шеннон “Жиі хабарлардың мәні бар… бұл байланыстың семантикалық жағы инженерлік мәселелерге маңызды емес. Маңызды жағы – нақтылы хабардың ықтимал хабарлар жиынының таңдалып алынған бірі болғандығында” (екпін түпнұсқадан сақталған). Ақпарат теориясында сигналдар процесстердің бөлігі болып табылады, субстанция емес; олар бірнәрсе істейді, олардың арнайы мәні жоқ. Алгоритмдік ақпарат теориясы мен ақпарат теориясын бірге пайдалана отырып ең кездейсоқ сигнал қалай тәржімеленсе де ең ауқымды ақпаратты қамтиды, әрі сығыла да алмайды деген тұжырымға келуге болады. Майкл Редди (Micheal Reddy) "математикалық теория 'сигналдары' 'алмаса алатын құрылымдар' деп байқаған. Сигналда еш хабар жоқ, онда тек мүмкін болатын хабарлар жиынынан бір хабарды таңдау қабілеті бар." Ақпарат теориясында "жүйе әр ықтимал болатын таңдаумен жұмыс істей алатындай жобалану керек, тек таңдалғанмен емес, себебі жобалану кезеңінде ол хабар беймәлім болған ".[3]

 Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

 Ермеков Н.Т., Стифутина Н.Ф. Информатика. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: "Мектеп" баспасы, 2004. - 224 б.ISBN 9965-33-206-1

 Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006 жыл. - 430 б. ISBN 9965-808-78-3

Ғылыми ақпараттың негізгі көздері

  —
Дәріс № 3.Ақпараттық іздеу: түрлері ж/е жүргізу әдістемесі. 2 сағ
Информатиканың жоғары оқу орындарындағы жаңа курстарын құру мен дамыту объект және оқу құралы ретінде қатысатын түрлі компьютерлік құралдарды қолданумен тығыз байланысты. Ақпараттандыру құралдарының сапасынан информатиканы оқытудың тиімділігі тәуелді болады.

Информатиканы оқытудың құралы ретінде білім беру электрондық ресурстарын қолданумен жүзеге асырылатын оқыту әдістемесі ерекше рөл атқарады. Зерттелетін тақырыпқа зерттеу жүргізгенде, электрондық ресурстардың қалыптасу және құрылу тәсілдерін игеру керек.

Ақпараттық материалдардың, оларды жүзеге асыруда қажетті техникалық құралдармен байланысты екендігін түсіну керек. Магнитофон мен кассета, проектор мен слайдтар жиыны білім беруде бұрыннан қолданылып келе жатыр. Өткен ғасырдың соңында әрбір оқытушы техникалық оқыту құралдары жайлы кішкене болса да, хабардар болатын.

Бірақ, бұл құралдар студенттерге информатиканы оқытуда толық қолданылмаған.

Бүгінгі күні жүргізу үшін компьютерді қажет ететін электрондық ресурстар қолданылады. Электрондық ресурстар немесе басылымдар деп материалдық тасымалдағыштарда: дискетада, оптикалық компакт-дискілерде (CD-ROM, DVD) орналасқан өнімді айтады. Оларды кітаптар сияқты қолда ұстауға да болады, ол өнімдерді тарату үшін физикалық тираждау керек.

Жазудың магнитті әдісі ретінде қолданылатын дискеталар бірте-бірте қолданыстан кетіп қалды. Оларда сақталатын жаңа ақпараттардың көлеміне дискетаның сақтау қасиеті (1,4 Мбайт) аз. Оларды оптикалық компакт-дискілерде CD-ROM (Compact Disk-Read Only Memory – 700 Мбайт) және DVD (Digital Versatile Disk – 3 – 9 Гбайт) тасымалдайды.

Республиканың жоғары оқу орындарында бүгінгі күні оқу материалдарының үш тобы қолданылады – баспа, аудиовизуалды (техникалық оқыту құралдары тобы) және компьютерде жүргізілетін электрондық ресурстар. Осымен байланысты, кітаптың қолданылып келе жатқанына 500 жыл, техникалық оқыту құралдарына шамамен 50 жыл, ал электрондық ресурстарға – 7-8 жыл (Қазақстанда).

Кітап барлық ұрпақтарға белгілі, жұмыста, білім алуда қолдануға ыңғайлы. Оның қасиеті қолдану қарапайымдылығында болып отыр. Ал  кемшілігі – ақпараттың мәтіндік түрі. Онда көптеген жағдайларды мысалы, өнер туындыларын немесе қозғалыстың жүйелілігін толық түсіндіру мүмкін емес.

Техникалық оқыту құралдары білім алушыға аудиовизуалды ақпаратты ұсынады. Бұл маңызды қасиет. Бірақ үш кемшілігі бар. Біріншіден,  техникалық оқыту құралдары интерактивті емес. Ортасынан немесе басынан бастап қайта көру немесе есту ғана мүмкін. Екіншіден, бұндай құралдарда аудиодиск қолданылады, ал оларды плеерсіз тыңдау мүмкін емес. Үшінші кемшілігі – құрылғыны жүргізу әртекті. Тағы бір аспект – кітапты оқығанда ойлау және елестету дамиды, кітап аз да болса интерактивті – берілген беттері арқылы қажетті бөлімді оңай табуға болады. Сондықтан да, техникалық оқыту құралдары жоғары оқу орындарында информатиканы оқытуда қолданыс таппай отыр.

Электрондық ресурстар да аппараттық қолдауды, яғни компьютерді қажет етеді. Бұл кітаппен салыстырғанда олардың кемшілігі болып табылады. Өткен ғасырдың 80–жылдары компьютер тек символдық (әріптер, сандар) ақпаратты ғана емес, аудиовизуалды ақпаратпен жұмыс істеуді үйретті. Видеоқатар мен дыбыстық қатарларды сандық түрде кодтауды үйретті. Нәтижесінде, бүгінгі күні белгілі кез-келген ақпаратты: мәтін және сандық кесте, сурет және фотографиялар, анимация және видео, музыка және

сөздерді физикалық деңгейде бірыңғай сандық кодта сақтау мүмкін болды.

Ақпаратты көрсетудің барлық түрлері қосылған, бір тасымалдағышта ақпараттық өнімнің болуын білдіретін, «мультимедиа» деген термин пайда болды. Сәйкесінше, бұл өнім барлығына бірдей құрылғы – компьютерде көрсетілді.

Электрондық ресурстарды қолданып оқыту жаңа педагогикалық технологияның бір түрі болып табылады, ол педагогиканың негізгі заңдарына бағынады және білім берудің дәстүрлі дидактикалық ерекшеліктерін ұстанады, бірақ оқу ортасының жаңа шарттары мен критерийлерімен толықтырылады.

Оқыту тәжірибесі және психологиялық-педагогикалық зерттеулер оқытудың тиімділігі барлық мүшелер сезімдерінің белсенділік дәрежесімен тікелей байланысты екендігін көрсетті: оқу материалын қабылдау сезімі барынша әртекті болса, онда ол соншалықты нақты игеріледі .

Сонымен, информатиканы оқытуда жетістікті оқу құралы электрондық ресурстар болып табылады. Бұндай құралдар бірден бірнеше ақпараттық технологияларды қолдану негізінде іске асады. Соңғыуақытта Интернет әлемдік желілік құрылымына қолданушылардың белсенді қосылуы жүріп жатыр. Әлемдік инфрақұрылымды өзгерткен техникалық жаңалық гипермәтіннің жасалуы болды. Гипермәтін немесе гипермәтіндік құжат басқа

құжаттарға сілтеме бола алады, таңдалған жүйелілік ізімен мәтін элементін қолдана отырып, басқа құжатқа өте алады. Гипермәтін ойының әрі қарай дамуы гипермедиа болып табылады, яғни гипермәтін мен мультимедианың қосылысы, мәтінге график, дыбыстық қосылыс, видеофрагменттер қосылған орта. Осы орталарда беттер арасында бір-біріне өту мәтіндер арқылы емес, бейнелер арқылы жүргізілуі мүмкін.

Гипермәтін мен гипермедианың мүмкіндіктері электрондық ресурстар жасауда тиімді қолданылып келеді. Гипермәтіндік басылымдардың көптеген түрлері бар. Олардың бір бөлігі – білім беру мақсатында қолданылатын кәдімгі қағаз басылымдар дубликаты. World Wide Web (WWW) –Интернет желісі арқылы ақпаратты қабылдауды жеңілдететін мәтін, графикалық иллюстрация, дыбыстық фрагменттер және анимациялар біріктірілген құжаттармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін технологиялар. Жалпы алғанда, WWW Интернет желісі қызмет ететін коммуникациялық негіз, ауқымды гипермәтіндік орта деп айтуға болады.

Жаңа компьютерлік коммуникациялардың жоғары білім беру саласында оларды жемісті қолдануды қамтамасыз ететін сипаттамалары бар.

Олардың көмегімен, барынша үлкен қашықтыққа ақпараттың кез-келген көлемін жедел беруге, үлкен көлемді ақпараттарды компьютердің жадында оларды кез-келген уақытта қағазға шығарып алу мүмкіндігімен, ұзақ уақытқа сақтауға, интерактивтік байланыс көмегімен жедел кері байланыс орнатуға, Интернет желісінің арқасында түрлі ақпарат көздеріне еркін қол жеткізуге болады.

Білім беруде Интернет желісінің электрондық пошта, телеконференция, жіберу тізімдері (Mailing lists), электрондық оқулықтар, электрондық кітапханалар, WWW де ақпарат іздеу сияқты мүмкіндіктері кең қолданылып жүр.

Электрондық пошта жаңа телекоммуникациялық құралдардың негізігі компоненті болып табылады. Электрондық пошта көмегімен берілген кез-келген қашықтықтағы адреске ақпараттың барлық түрлерін жіберуге болады.

Оны жүзеге асыру үшін локальды компьютерлік желілерді немесе дәстүрлі телефон желісін қолдануға болады. Білім беру саласында электрондық пошта көмегімен бір мақсатта білім алатын түрлі топтардың өзара байланысы жүзеге асырылады. Олар республиканың әртүрлі аймағында немесе әлемнің түрлі елдерінде отырып, оқу, іздеу немесе зерттеу сипатындағы өзіндік жұмыстарын жүргізе алады.

елекоммуникациялық қатынастың тағы бір түрі телеконференция болып табылады. Телеконференциялар екі түрлі әдіспен ұйымдастырылуы мүмкін. Бірінші әдісі электрондық поштаға негізделген және offline режимінде жұмыс істейді. Екінші әдіс Web серверге негізделген және online режимінде жұмыс істейді. Web серверде хабарландырудың электронды тақтасы деп аталатын арнайы орын болады. Бұл тақтаға қатысушылардың ойын тыңдайтын және мәселені талқылауға өздері де қатысатын қосылушылардың кез-келген саны бір мезгілде қосыла алады.

Әлемдік гипермәтіндік орта (WWW) көмегімен білім беру мекемелері өз қызметтері жайлы ақпараттарды жариялай алатын, WEB-беттер құру арқылы практикалық, ғылыми, әлеуметтік потенциалдарын жариялау мүмкіндіктеріне ие болады. WEB-беттер көмегімен қажетті ақпаратты іздестіруді жүргізуге болады. WEB-технологиялар Интернет желісінің кез-келген ресурстарына жеңіл қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Сірә да қазір, интернет ауқымды желісінде табу мүмкін емес ақпарат жоқ шығар. Интернет өзінің көлемдері мен мүмкіндіктері жөнінен бірегей мәліметтер қоймасы болып табылады. Мұнда әлемдегі бар нәрсе туралы ақпараттың өте көп түрі сақталады. Сол сияқты, желіде білім беруде пайдалануға болатын интернет ресурстардың үлкен көлемі бар. Бұл сайттар интернетте үлкен сұранысқа ие.

Білім беруде интернет ресурстары өте жиі қолданылады. Тіпті интернетті ақпарат көзі ретінде оқушылар мен студенттер де қолданады.

Интернет ресурстардың көп бөлігі тек қана мектеп бағдарламасына арналған.

Әдетте бұл, әртүрлі шешімдер жинақтары, шпаргалкалар, дайын рефераттар, оқу әдебиеті. Алайда онда шынымен де қызықты ақпараттық ресурстар да кездеседі. Тіпті оларға емін-еркін қол жеткізуге де болады, яғни тегін алуға болады. Айтып кеткеніміздей, білім берудегі ақпараттық ресурстарды жоғары оқу орындарының студенттері де пайдаланып жүр. Себебі интернет кітапханадан іздеп табу қиын немесе кейде табу мүмкін емес ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Алайда білім берудегі интернет ресурстары – не туралы болмасын ақпаратты сақтайтын немесе дайын жұмыстарға арналған сайттар ғана емес.

Жыл санап интернетте әртүрлі оқу орындарының білім беру ресурстарының көптеген саны шыға бастады. Бұл дегеніміз әртүрлі оқу пәндері бойынша кеңейтілген ақпаратты сақтайтын білім беру сайттары болуы мүмкін. Бірақ, сондай-ақ интернетте қашықтан білім беру жүйелері де берілген. Осындай интернет ресурстарының арқасында көптеген адамдар оқу орнына бармай-ақ, қашықтан оқу мүмкіндігін алды. Олар басқа қалаларда, тіпті басқа мемлекетте өмір сүрсе де осындай интернет ресурстар көмегімен білім ала алады, өйткені ауқымды компьютерлік желінің мүмкіндіктері шексіз.

Бертінге дейін біздің елімізде интернет шын мәнінде қол жеткізу қиын байлық қатарында болды, оны кез-келген адам өзіне қолдана алмайтын еді.

Және бұл жерде мәселе қаржы жағында ғана емес, әрине қаржының да

маңызы жоқ деуге болмайды, бірақ таза техникалық жағынан алғанда адамдар интернетке барлық жерде қосыла алмайтын. Ауқымды желі жұмысы тек қана ірі қалаларда ғана іске татырлық болатын. Алайда соңғы кездерде жағдай түп-тамырымен өзгерді. Сөйтіп, қазір интернет әрбір үйде бар деуге болады және өте көптеген адамдар интернет ресурстарды өздерінің білім алуына пайдалана алады.

Интернет мектептегі білім беру мен жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін бірегей мүмкіндіктерді ұсынады. Ол білім беру ақпаратының таусылмайтын массиві ғана емес, сонымен бірге оны іздеу, өңдеу, қою құралы қызметін де атқарады. Интернет оқушының шығармашылық жағынан өзін-өзі шыңдауын, оның екпінді интеллектуалды және коммуникативті еңбегінің керемет көзі болып табылады, соның нәтижесінде оқушыда қажетті білімдер, біліктілікпен дағдыға ие болу мүмкіндігі пайда болады. Қазіргі уақытта Интернетте мектептегі білім беру мақсаттарындағы ресурстарды жасау және бір жүйеге келтіру үрдісі қызу жүріп жатыр. Білім беру веб-сайттары жаңа білім беру ақпараттық технологияларының маңызды элементі бола бастағандықтан, пән мұғалімдері мен әдіскерлерді Желінің дидактикалық потенциалымен, мұндай сайттардың оқушыларды тәрбиелеу мен білім беру мақсаттарында бере алатын мүмкіндіктерімен таныстыру маңызды. Білім беру ресурстарының әртүрлі классификациясы бар. Мектеп бағдарламасының әртүрлі пәндері бойынша оқу процесінде пайдаланылуы мүмкін Қазақстандық білім беру ресурстарының кейбірін атап өтсек, мысалға:

   Аталған тақырыпты қарастыруда электронды білім беру ресурстарын олардың білім беру үрдісінде қолданылу белгілері бойынша классификациялау (әрине, бұл классификация интернет-ресурстарына да тиесілі) неғұрлым ұтымды.

Оқушылардың өздік жұмыстары ресурсы. Бұл категория ресурстарына қойылатын талаптар: контингенттің жас ерекшеліктерін есепке алатын мазмұндау қарапайымдылығы, жоғары көрнекілік, оқыту бағдарламасына сәйкестік, оқушыға оқыту нәтижесін дұрыс бағалауға және ары қарайғы сабақтарды ұйымдастыру жөнінде ұсыныс алуға мүмкіндік беретін, білімін бақылау жүйесінің болуы.

Мұғалімнің сабаққа дайындалуына арналған ресурстар. Бұл категорияны тағы да екі категорияға бөлуге болады: көрнекі материалдарды іріктеуге арналған және әдістемелік ресурстар. Ресурстардың бұл түріне қойылатын негізгі талаптар ондағы бар ақпараттың шынайы және мол болуы болып табылады.

Мұғалімнің өз білімін көтеру ресурсы. Ресурстардың бұл категориясына әртүрлі қашықтан оқыту сайттарын, сондай-ақ институттар мен қоғамдар т.б. сайттарын жатқызуға болады. Сабақта практикалық жұмысты ұйымдастыруға арналған ресурс.

Мұнда виртуалды эксперименттерді, лабораториялық жұмыстарды т.с.с. өткізу үшін мультимедиалық технологиялар мен интернетті қолдануға мүмкіндік беретін ресурстар жатады.

Пән бойынша сабақтан тыс жұмысты ұйымдастыру ресурсы. Бұл әртүрлі интерактивті викториналар, конкурстары бар, сондай-ақ қызықты

тәжірибелерді ұйымдастыру бойынша материалдар т.б. орналастырылған сайттар.

Қазіргі уақытта интернет-ресурстарды оқу процесінде пайдаланудың

әдістері мен формалары жасалу үстінде. Әртүрлі пәндер бойынша оқу процесінде интернет ресурстарды қолдану бойынша «Интернет-білім беру сұрақтары (http://center.fio.ru/vio)» электронды журналынан табуға болады.

Ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде пайдалану әдістемесі бойынша интернет-ресурстар мен әдебиеттерге көптеген сілтемелерді «Ашық колледж (http://www.college.ru/)» сайтынан және басқа да интернет-ресурстарының білім беру каталогтарынан көруге болады.

Мұндай электронды журналдар мен қашықтан оқыту курстарында интернет-ресурстарды қолдану арқылы өткізілетін презентация-сабақтар, зерттеу сабақтары, виртуалды эксперимент, лабораториялық сабақ, тақырыптық жоба, электронды викторина, білім бақылау, факультатив, желілік жоба, жекелеп оқыту, қосымша сабақ сияқты сабақтар түрлері ұсынылады.

Әрине басқа да формалар болуы мүмкін, мысалы, «виртуалды экскурсия», желілік ойын, пресс-конференция, шығармашылық есеп-сабақ, қашықтық олимпиадалар, телекоммуникациялық жобалар және басқалар.

Интернет ресурстары мұғалімдер үшін өзінің квалификациясын көтеру мақсатында қолданылуы мүмкін(желілік әдістемелік бірлестіктер, виртуалды педагогикалық кеңестер, қашықтан оқыту, желілік жобаларға қатысу т.б.) Қашықтан оқыту курстарында білім беру интернет-ресурстарын келесі түрде пайдалануға кеңес береді:

— сабақтарға дайындық жүргізуде, яғни, қажетті дидактикалық материалдарды ары қарай offline режиміндегі сабақтарда пайдалана алатындай жинақтау;

— желіден компьютерлік оқыту және модельдеуші бағдарламаларды ары қарай сабақта қолдану үшін көшіріп алу;

— желі ресурстарын пайдалану арқылы online режимінде сабақ өткізу, мысалға анимациялар, апплеттер немесе интерактивті виртуалды лабораториялар пайдалану арқылы сабақ өткізу;

— оқыту мен білім деңгейін тексеруді қашықтан оқыту сабақтары мен тесттері арқылы ұйымдастыру;

— оқушыларды үй тапсырмасын орындау үшін желінің білім беру ресурстарына бағыттау;

— оқушылармен сыныптан тыс жұмыстарда интернет-ресурстарды пайдалану, мысалы, жоба құруда; оқушылардың қашықтық олимпиадалар мен викториналарға қатысуын ұйымдастыру;

— ауқымды желінің ресурстарын әртүрлі телеконференциялар мен виртуалды педагогикалық кеңестерге қатысу арқылы немесе чаттарда және электрондық почта арқылы әріптестермен пікір алмасып, сондай-ақ әдістемелік бірлестіктер сайттарында орналасқан көптеген материалды оқып- үйрену арқылы өзіндік кәсіптік деңгейді көтеру үшін пайдалану.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет