«ветеринариялық санитариядағЫ Ғылыми зерттеу негіздері»


Жоспардың тәртібі мынадай болмақ



бет4/4
Дата29.01.2017
өлшемі0,88 Mb.
#8226
1   2   3   4

Жоспардың тәртібі мынадай болмақ:

І. Кіріспе. 

Тақырыптың өзектілігі (2-3 абзац).

Жұмыстың мақсат-міндеттері (3-4 сөйлем).

Жұмыстың теориялық-әдіснамалық негіздері (1-2 сөйлем). Мұнда қандай еңбектерді бастамаға алғаныңызды жазасыз.

Зерттеудің әдістері (жүйелеу, баяндау, салыстыру т.б.)

Жұмыстың теориялық-практикалық маңызы. (Яғни, нәтижелерді, жаңалықтарды қай жерде пайдалануға болатындығы жазылады).

Кіріспенің жалпы көлемі 3 беттей болуы керек.

ІІ. Негізгі бөлім

Тақырыбыңызды бір жүйеге келтіріңіз. Мәселен, тақырып – "Алма Қыраубаева – әдебиет тарихын зерттеуші" болсын делік. Жұмысты мынадай тарауларға бөлесіз:

1-тарау: Ежелгі дәуір әдеби мұраларын зерттеуші.

2-тарау: Орта ғасыр әдебиетін және шығыстық қисса-дастандарды зерттеуші.

3-тарау. Қазақ әдебиетін зерттеуші.

Төрт тараудан асырмағаныңыз дұрыс. Бұл әрине, гуманитарлық мамандықтардың жазу үлгісі. Дипломдық жұмыстардың үлгілері әртүрлі болады. Мысалы, сәулетшілер сызбалар мен кестелер пайдаланады, педагогтар презентация көрсетеді.



ІІІ. Қорытынды

Қорытындыға аты айтып тұрғандай диплом жұмысының тобықтай түйінін жазасыз. Ашқан жаңалығыңызды, нәтижелерді барынша қысқа әрі түсінікті етіп жазып шығу қажет. Жұмыстың жалпы көлемін кафедра бекітеді. Соңында жазған жұмысыңыз белгіленген межеге жетпей қалмас үшін, жазу ретін жақсылап сұрап біліңіз. Диплом жұмысы тәмәмдалғанда жетекшіңізге көрсетесіз. Ол сізге артық тұстарын қысқартып, толықтыру керек мәселелерді көрсетіп береді. Сондықтан, жұмысты барынша ерте көрсетуге тырысыңыз. Соңында жетекші толықтай бекітісімен, диплом қорғау жиынына арналған сөзіңізді дайындайсыз. Және жетекшіңіз ұсынған маманнан жұмыс туралы пікір аласыз.



Дәріс №6. Биометрия негіздері 4 сағ

Биометрия (био және грек. metreo — өлшеу, есептеу) — жүргізілетін биологиялық тәжірибелердің санын анықтайтын және оларға математикалық, статистикалық әдіспен дәл, дұрыс қорытынды беретін биология ғылымының бір саласы. Биометрияның негізін XIX ғасырдың аяғында ағылшын ғалымдары Ф. Гальтон мен К. Пирсон қалады. Биологияда математикалық, статистикалық әдістер белгілі бір статистикалық үлгі жасау арқылы қолданылады.

Биометрияны – белгілердің өзгергіштігін арнаулы математикалық әдістерді қолдана отырып зерттейтін ғылым деп атаса болады.(bios-өмір, metrein- өлшеу). Биометрия – биологиядағы топталған қасиеттерге математикалық талдау жасайтын ғылым.

Тірі ағзалардың даму үрдістері өте күрделі, олардың тіршілік ететін орта жағдайлары мен нәсілдік қабілеттіліктері де әр түрлі болуы себепті, ең алдымен сол обьектілердің сапалық және сандық көрсеткіштерін анықтау мақсатында зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Тек сонан соң ғана алынған мәліметтер жүйеге келтіріліп, математикалық талдаулар жасалынады.

Тіршілік иелерінің (адамдар,жабайы аң – құс популяция өкілдері, а.ш. малдары, мәдени өсімдіктер және т.б.) арасында байқалатын өзгергіштікке сипаттама беру үшін зерттеудің арнаулы әдісі қажет болады. Себебі, топтағы жеке өкілдердің өзгергіштігін зерттеу, олардың көрсеткіштерінің әр түрлілігі салдарынан дұрыс нәтиже бермейді. Сондықтан бұлардың нәтижелерін қорытып, белгілі бір ортақ көрсеткіштер (популяция құрлымы, тірілей салмағы, сүт, ет өнімділік көрсеткіштері және т.б.) беру қажеттілігі туындайды. Адамдар мен малдардың дене құрлымын сандық көрсеткіштер арқылы сипаттаудың қажет болуы, олардың дене бітімі мен сыртқы формаларының ағзаның психологиялық және физикалық қасиеттерімен байланыстылығынан туындаған болатын. Сондықтан бұл байланысты дәлірек көрсету мақсатында, адамдар мен малдарды сыртқы фенотиптік көрністері бойынша бағалау жұмыстары, нақты дене өлшемдері көреткіштерімен толықтыра бастады. Ал, дене өлшемдері көрсеткіштерінің әр түрлі болуы себепті,зерттелетін белгі жөнінде белгілі бір пікір жасау өте қиын еді. Сондықтан осындай әр түрлі мәндерді математикалық-статистикалық әдістер қолдана отырып өңдеп, ортақ көрсеткіш алу қажет болады.Осындай қажеттіліктен туындаған және оның орындалуын қамтамасыз ете алатын ғылым ретінде – биометрия пәні қалыптасты.

Биометриядағы бұдан кейінгі жүргізілген басты зерттеулерді, биометриктердің белгілі мектептерін ұйымдастырып, негізгі биометрикалық қондырғыны жасаушы ағылшын ғалымдары Фрэнсис Гальтон (1822-1911) және Карл Пирсон (1857-1936) еңбектерімен байланыстырылады. Ағылшын биометрия мектебі 19 ғасырдың екінші жартысында экспериментальді биологияның қарқынды дамуы және биология ғылымында төңкеріс жасаған Ч. Дарвиннің (1809-1882) эволюциялық теориясы әсерлерінен қалыптасты. Табиғаттағы кездесетін биологиялық түрлерді өзгермейтін бірліктер деп қарастыратын қалыптасып қалған ескі – метафизикалық көзқарасқа (К. Линней, Ж. Кювье) қарсы, Дарвин, алғаш рет органикалық дүниенің эволюциясы жөніндегі тұжырымды жасайды. Тірі дүниедегі болып тұратын өзгерістердің себеп-шарттарының статистикалық сипатына байланысты жүретін табиғи іріктеу принципіне сүйене отырып, Дарвин, Гегелдік кездейсоқтық пен қажеттілік, себеп пен салдар және бөлшек пен бүтін араларындағы ішкі бірліктің бар екендігі жөніндегі концепциясының дұрыс екендігін қуаттайды.Дарвиннің биология ғылымына қосқан табиғи сұрыптау теориясының негізгі жаңалығы да осы болатын.

Ф. Гальтон мен К. Пирсон биометрия ғылымының негізін қалаушылар деп есептеледі. Олардың ойлап тапқан статистикалық әдістемелері уақыт таразысы сынынан мүдірмей өтіп, биометрия мен математикалық статистиканың алтын қорына енді.

Биометрия ғылымына көп еңбек сіңірген одан кейінгі ғалымдар легі ішінде Фишердің шәкірттері Ф. Иетс, Ч. Блисс және Пирсонның шәкірті болып табылатын Дж. Юлл (1871-1951) айтуға болады. Бұлардан басқа ағылшын биометриктері мектебінің ғалымдары Н. Бейли, М. Кендэл, Д. Снедекор, С. Уилкс де өздерінің сүбелі үлестерін қосқан.

Сонымен, биометрия қолданбалы ғылымдар қатарына жатады. Биометрияның негізгі заңдылықтары Гаус-Лаплас, Ньютон биномы, ықтимал теорияларына сүйенеді.


Дәріс №7. Дәрістерге шолу. 2 сағ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет