Көптеген дәрілік заттар организмге судағы ерітінділер күйінде еңгізіледі. Сіңу құбылысына олардың липидтердегі ерігіштігі, қышқылды және негізгі ортадағы, сонымен бірге тотығу, тотықсыздану, метиддену, ацетилдену және басқада реакциялардағы төзімділігі әсер етеді. Көптеген дәрілік заттар ірі малға қарағанда жас малға тез сіңеді. Жоғары температурамен өтетін ауруларда ол күшейе түседі. Сыртқы орта температурасының төмендеуі дәрілік заттардың резорбциясын 1 — 4 % баяулатады. Дәрілік заттар мөлшерінің үрғашы маддарда деңгейі жоғары (сиырларда 3-8 %, шошқаларда 2-4 %, қояндарда 4-9 %), ал бөліну жылдамдығы баяу келеді (сиырларда 2-6 %, шошқаларда 1-4 %, қояндарда 2-5 %). Дәрілік заттарды ішке береді, сонымен бірге тік ішекке, тері астына, күре тамырға, бүлшық етке және басқа да жолдар арқылы егеді. Көрсетілген егу жолдарының өздеріне тән кемшіліктері мен артықшылықтары бар. Сол себепті, оларды бір жағдайдарда қолдануға болатын болса, екінші бір жағдайларда қолдануға болмайды.