«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет104/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Қосымша әдебиеттер
1. Внутренние болезни животных. Г.Г.Щербаков, А.В.Коробов. Санкт-Петербург,
2005 г.
2. Внутренние незаразные болезни животных. И.М. Карпутя Минск «Беларусь» 2006г
3. Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных Животных. Под редакцией профессора В.И. Зайцева М. 1971 г.
13 дәрістік сабақ.
Тақырыбы: Ветеринариялық рентгенология тарихы, оның мақсаттары және клиникалық пәндер арасынан алатын орны. Рентген апаратының типтері және олардың негізгі тетіктері. Рентген сәулерінің пайда болу механизмі және оның маңызы. Рентген сәулелерінің биологиялық әсері және олардан қорғану.
Рентген сәулесімен зерттеу тәсілдері
Рентген сәулесін мал ауруларын анықтау мен зерттеу үшін қолданады. Клиникалық және лабораториялық зерттеулермен бірге рентген сәулесін қолдана отырып ауру малға толық, дәл диагноз қоюға болады.
Малдәрігерлік тәжірбиеде рентген сәулесімен зерттеудің бірнеше түрі қолданылады: рентгеноскопия (немесе рентген сәулесі арқылы ағзалар мен дененің кескінін айнадан көру), рентгенография (немесе дене мен ағзалардың кескінін рентгенограммаға түсіру) және флюорография тәсілдері
Рентгеноскопия - рентген сәулесі арқылы дене мен ағзалардың кескінін айнадан көру. Дененің кескінін айнадан көру үшін рентген сәулесі мен организмдегі ағзалардың қасиеттері пайдаланылады: 1. рентген
сәулесінің денеден тікелей өтуі; 2. оның әсерінен кейбір химиялық заттардың жарқылдауы; 3. тығыздығына қарай ұлпалардың рентген сәулесін өз бойына сіңіру қабілеті.
Денелер мен ұлпалардың кескінін көру үшін арнайы көру айнасы қолданылады. Ол денеден өтіп түскен рентген сәулесінің мөлшері мен қарқынына қарай көру айнасы жарқылдайды. Көру айнасынын. көлемі 30x40 см ақ картоннан тұрады, оның бір жағы химиялық затпен көмкерілген, ол рентген сәулесі түскен кезде жарқылдайды. Химиялық заттың бірі - платина-синеродисті барий, ол рентген сөулесі түскенде сары-жасыл түспен жарқылдап, флюоресцияланады. Егер айнаға, яғни платина-синеродисті барийге рентген сәулесі көп және қатты қарқынмен әсер етсе, ол солғұрлым қатты жарқылдайды. Бұл жарқылдау құбылысы Стокс заңына тікелей байланысты, әсер етуші жарықтың толқынының ұзындығынан пайда болған жарық толқыны ұзын болады.
Қазіргі кезде көретін айнаның беті мырыш-кадъмий сулъфатымен көмкерілген.
Егер рентген түтігімен көргіш айнаның арасына бір затты немесе малдың денесінің бір бөлігін орналастырсақ, онда одан рентген сәулесі өтіп, айнаға түседі. Айна жарқылдайды, бірақ әр жері әртүрлі күшпен жарқылдайды. Себебі, дененің әрбір ұлпасының тығыздығы әртүрлі, сондықтан онын, тұтқырлығы да әртүрлі болады, содан барып көру айнасы әртүрлі жарқылдайды.
Мысалы: ауа рентген сәулесін тұтпайды, себебі оның тығыздығы өте төмен, ал оған қарағанда бұлшық ет, сіңір, паренхималық ағзалар, ішек кішкене де болса көбірек түтып, өз бойына сіңіреді. Ағзалардың ішінде рентген сәулесін жоғары дәрежеде тұтып, бойына сіңіретін, ол сүйек ұлпасы. Егер сүйекті немесе металлды көру айнасымен (экран), зерттеген кезде ол жарқылдамайды, ал жарқылдаса да ете баяу, себебі бұлар арқылы рентген сәулесі өтпейді, ал өтсе де өте аз мөлшерде, содан барып көру айнасында көлеңке пайда болады. Ал сүйектің айналасындағы ұлпалар өзінің тығыздығына қарай әртүрлі жаркылдайды. Көру айнасының дене кескіні түспеген аумағы, рентген сәулесінің тікелей түсу әсерінен өте қатты жарқылдайды, содан барьш көру айнасында әртүрлі жарқылдаудың әсерінен (кескіннің көлеңкесін көреміз. Көру айнасын механикалық күштен сақтау үшін, оны екі тұтқалы ағаш рамасына салады. Ол бірнеше қабаттан тұрады: 1. целлулойд немесе пластмасса; 2. көру айнасы; 3. корғасындалған өйнек, оның қалындығы 10 мм. Бүл бір жағынан көру айнасын механикалық соққыдан сақтаса, екінші жағынан, ол рентгенологты рентген сәулесінен қорғайды.
Рентген сәулесімен көріп тексеру тек қараңғы бөлмеде жүргізіледі, ал қараңғылауға мүмкіндік болмаса, онда криптоскопты пайдалану керек.
Ағзаларды рентген сәулесі арқылы зерттегенде, көру айнасын малдың денесіне жанастыра тигізу керек. Рентген түтігі зерттелетін дененің қарама-қарсы жағында орналасады, ал оның экраннан қашықтығы 60-90 см болуға тиіс, себебі көру айнасының 30x40 сантиметрлі аумағын рентген сәулесінің орталық шоғыры толық түсіп, қамтуы керек.
Рентгенография немесе дене мен ағзалардың кескінін рентгенограммаға түсіру - ең қолайлы және тиімді тәсіл. Рентгенгаммада, рентгеноскопия әдісіне қарағанда өте ұсақ өзгерістер жақсы көрінеді.
Рентген пленкасының негізі целлулойдтан жасалып, желатинмен қапталған. Оның екі жақ бетіне жарық сезгіш күміс қоспа жағылған, сондықтан таза пленканы қараңғы жерде картоннан жасалған қара қорапта сақтайды. Суретке түсіру үшін пленканы кассетаға салады, оның жануарларды зерттейтін жағы алюминиден жасалғандықтан рентген сәулесін ұстамайды.
Кассетада рентген пленкасы екі үдеткіш пластинкалардың арасына салынады. Үдеткіш пластинкаға экран сияқты рентген сәулесінің әсерінен жарқырайтын химиялық қоспа жағылған, Суретке түсіргенде, рентген пленкасына рентген сәулесімен бірге, үдеткіш пластинканың да жарқыраған әсері тиеді. Рентген пленканың жарық сезгіш қабаты желатинмен араласқан, ұсақталған, бромды күміспен кристалдануы жылдамдайды. Бейне шығарушы ерітіндіде, пленканың рентген сәулесі түскен жеріндегі бромдалған күміс, таза күміске және бромға жіктеледі. Бром бейне шығарушы ертіндідегі сілтіге сіңіп кетеді де, таза күміс пленканы қарайтады. Рентген пленкасы көп түскен сайын оның қараю касиеті қоюлана түседі. Бейне шығарушы ертіндіден кейін пленканы суға салып, ертіндінің қалдығынан тазалап жуғаннан кейін тұрақтандырушы (бекітуші) ертіндіге салып, бромдалған күмістің қалдығын ерітіп жібереді. Енді пленкаларға жарық әсер етпейді. Осыдан кейін пленканы тазалап жуып, кептіреді. Мүшенің атомдарынан шыққан шашыранды сәулелер пленкаға, не экранға түсіп, мүшелердің айнадағы көрінісін төмендетеді. Бұл кемшілікті жоюдың екі түрі бар. Біріншісі, рентген түтігінен шыққан сәулені қосымша түтік арқылы (тубус) белгілі бір аумаққа шектеп жібереді. Бұл кезде шашыранды сәуле азайып, экранға не пленкаға тік түсетін сәулелердің саны молаяды. Екіншіден, малмен пленканың, не экранның арасына сұрыптау торшілтерін қондырады. Торшілтер жіңішке қорғасын таспаларынан жасалған. Бұл толшілтер тік өтетін сәулелерді ғана жіберіп, шашыранды сәулелерді ұстап қалады. Рентген суретінде торшілтердің өзі көрінбес үшін айнаға қарап не суретке түсірген кезде қозғалып тұрады да көлеңкесі шайылып, көрінбейді.
Рентген суретіндегі мүшелер әр уақытта үлкейіп көрінеді, оларды өз аумағында көру үшін рентген түтігін суретке түсіретін мүшеден алыстатып, мүшені рентген пленкасына барынша жақындату қажет.
Екі негізгі тәсілдерді (айнаға қарау, рентген суретіне түсіру) бір-бірімен салыстырып тексерсек, айнамен қарағанда рентген сәулесінің теріге тигізетін әсері 25 есе көп. Мысалы, кеуде және кеуде қуысындағы мүшелерді рентген суретіне түсіргенде сол жердің терісіне түсетін рентген сәулесі 9-11миллирентген, ал айнамен қарағанда ол жерге түсетін сәуле 225 миллирентген (И.А. Переслегин, 1976 ж.), яғни 25 есе көбейеді, ал ұрық безіне бұл жағдайда орта есеппен 30 миллирентген сәуле түсетін көрінеді. Кеудені бір-бір жарым минут айнамен қараса, ұрық безіне түсетін сәуле рентген суретіне қарағанда 20 есе өседі. Айнаға ЭОП (электронды оптикалық құрал) арқылы қарағанда, сәуленің әсерін айнамен қарағаннан 7-10 есе азайтады. Сонымен ең дұрысы - сәуленің әсері аз рентген суретіне түсірутәсілін пайдалану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет