«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет105/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Рентгенофлюорография тәсілі - экраннан суретке түсіру үшін арнайы флгоорограф құралы қолданылады. Суреттің көлемі өте кішкентай (2,4 х 2,4; 3,2 х 3,2) болғандықтан жалғыз өзін ауру түрін анықтауға пайдаланбайды.
Қолданылатын орны - отар арасынан ауруы бар малдарды іріктеп алып, дер кезінде арнайы ем қолдану. Флюорограммаларды флюороскоп құралы арқылы үлкейтіп қарап, қорытындысын береді.
Жоғарыда кәрсетілген әр тәсілдердің өздеріне тән тиімді және тиімсізерекшеліктері бар.
Рентгенскопия тәсілінің тиімді жақтары: 1) арзан; 2) оңай, жылдам; 3) бірнеше бағыта зерттеуге болады; 4) мүшелердің қозғалысын, атқарып тұрған қызметін көзбен керіп талдауға болады.
Тиімсіз жақтары: 1) айнамен қарау алдында көзді қараңғылыққа кемінде 20-30 минут бейімдеу керек; 2) экранның жарқырауық қасиеті нашар болғандықтан ұсақ көріністерді көру қиын және оны ұзақ уақыт қарау керек; 3) сәуленің мамандарға және ауру малдарға тигізетін әсері өте көп, сондықтан оның биологиялық зиянды әсері де көп; 4) дәрігер көргенін ойында ұзақ уақыт сақтай алмайды, сол себептен қайта тексергенде өзгерістерін салыстырып анықтау қиын.
Рентгенграфия тәсілінің тиімді жақтары: 1) рентген суретінде өте ұсақ көріністерді көріп зерттеуге болады; 2) рентген суретін ұзақ уақыт сақтауға болада және бұрынғы суреттерімен салыстыра отырып болған өзгерістерді анықтауға мүмкіншілік туады; 3) сәуленің зиянды әсері мамандарға және ауру малға көп кемиді. Тиімсіз жақтары: 1) тәсіл өте қымбат; 2) қортынды беру үшін кемінде 1-2 сағат уақыт керек; 3) мүшелердің қызметіндинамикада тексеруге болмайды.
Флюорография тәсілінің тиімді жақтары; 1) аз уақыттың ішінде көп малдарды тексеруге болады; 2) арзан; 3) сәуленің әсері дәрігер-рентгенологқа аз. Тиімсіз жақтары: 1) сурет өте ұсақ, 2) рентген құралын әрдайым көлікке орнықтырып әр жерге апарып құрып тұру керек;
Қосымша тәсілдер: 1) Латероскопта, трохоскопка қарап суретке түсіру; 2) Мүшені қатпарлап, бөлшектеп рентген суретіне түсіру (томография); 3) Мүшенің қызметін зерттеу (рентгенокимография) т.с.с. тәсілдер.
Сүйекті рентген сәулесімен зерттеуді алғашқы болып В.К.Рентгеннің өзі болды. «Қолдың әлсін көрінетін көлеңкесінен сүйектің қоюланған көлеңкесін көрген». 1918 жылы Петроградта әлемдегі ең алғашқы адаманатомиясын рентген сәулесімен зерттейтін лаборатория ашылды. 1921 жылы алғашқы рентген стоматологиялық клиника ашылды. В.И.Феоктисовтың басшылығымен алғашқы рентгендік томограф, 1935 жылы Н.О.Руссо алғашқы флюорографты ойлап шығарды. 1950 -80 жылдар рентгенология ғылымының елімізде даму кезеңі болып, XXғасырдың аяғында рентгенаппараттарының жаңа түрлері пайда бола бастады (цифровые рентгенустановки).
Рентген сәулесімен зерттеу әдісі - сүйек пен қаңқаны зерттеп, диагностика коюдағы ең жоғарысапалы әдіс болып табылады. Бұл әдіс тек сүйектің құрылысын ғана емес, сондай-ақ сүйектену, сүйектің өсу динамикасын, тірек- қимыл системасының қимылдау кезеңіндегі ауруларын, сүйекті қоршап тұрған ұлпалардың да ауруларын зерттеуде маңызы зор.
Рентгенді сәуле шоғыры өзінің пайда болу орнынан (сәуле шығару анодының фокусынан) жайылған сәуле тәрізді болып тарайды. Осының салдарынан рентгенді көрініс әрқашан да үлкейтіліп беріледі. Бұл үлкейтілудің дәрежесі, зерттеліп жатқан ағза, рентгенді түтік пен көру қабылдағышының арасындағы кеңістіктердің өзара қатынастарына тәуелді. Бұл тәуелділікті мынадан көруге болады. Көру қабылдағышынан зерттелетін ағзаға (объектіге) дейінгі арақашықтықты өзгертпей, түтік фокусы мен ағза арасы қаншалықты аз болса, соншалықты үлкейтілу анығырақ айқындалады. Фокусты арақашықтықты үлкейту кезінде рентгенді көріністегі көлеңке кішірейіп, бұрынғы қалпына жақындай түседі. Қарама-қарсы заңдылық *объект - көру қабылдағышы* арақашықтығын үлкейту кезінде байқалады. Зерттеліп жатқан объектіні рентгенографиялық пленкадан немесе көру қабылдағышынан алысырақ ұстаса, онда оның рентгенді көріністегі көлемі өзінің өлшемінен асып кетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет