«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша


Рентген сәулесі мен электр тоғының зиянды әсерлерінен сақтану



бет108/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Рентген сәулесі мен электр тоғының зиянды әсерлерінен сақтану. Рентгенскопия тәсілімен дене мен ағзаларды қарағанда, олардан тікелей өткен рентген сәулесі қарама-қарсы тұрған рентгенологқа көп мөлшерде зиянды әсер етеді. Сондықтан қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай орындап, одан қорғанып, сақтану қажет.
Рентгенолог және оған көмектесетін қызметкерлерді рентген сәулесінің зиянды әсерінен сақтандыру үшін арнайы құрал-жабдықтарды пайдалану қажет.
1. Сүзгі (тұтқыш) рентген түтігінің сәуле шығатын тесігіне орнатылған. Ол қалыңдығы 1-2 мм тік бұрышты немесе диаметрі тескті жабатын дөңгелек алюминийден жасалған қаңылтырлар. Әрбір рентген түтігінде сүзгіш болуы қажет. Ол рентген түтігінде пайда болған жұмсақ сәулені өз бойына сіңіріп, тұтып қалады. Рентгенологтың терісінде жұмсақ сәуле көп әсер етуінен ең алдымен дерматит, одан соң іріңді қышыма, жазылмайтын жаралар және басқа аурулар пайда болуы мүмкін.
2. Металдан жасалған кернейше ( тубус ) – рентген түтігінің сәуле шығатын тесігінің тұсына орналасқан. Ол рентген сәулесінің жан-жаққа шашырамай, белгілі бір нүктеге шоғырланыптүсуін қамтамасыз етеді.
3. Қорғасындалған шыны көру айнасының алдыңғы жағында орналасқан. Оның құрамында көп мөлшерде қорғасын болғандықтан ол сарғыш түсті болып келеді. Зерттеу кезінде рентген сәулесі шыны балқымасымен қорғасын тұзын араластырып құю арқылы даярланған көру айнасынан өткен кезде толығымен сүзіледі. Содан барып рентгенологтың басы мен кеудесінің жоғарғы бөлігі осындай болып шынының арқасында рентген сәулесінің зянды әсерінен сақтандырылады.
4. Қорғасындалған алжапқыш рентгенологтың денесі мен аяғын рентген сәулесінен қорғайды. Алжапқыштың негізі – қорғасын тұзы сіңірілген резеңке.
5. Қорғасындалған қолғап рентгенологтың және оның көмекшісінің қолын рентген тікелей әсерінен қорғайды. Ол да резеңке мен қорғасын тұзын бір-біріне сіңіру арқылы жасалған.
6. Қалқан ( ширма ) – рентгенологтың құрсақ пен жамбас аумағын, аяқтарын рентген сәулесінен қорғайды. Ол кішкене дөңгелекке орнатылған ағаштан жасалған, оның ені 1,5 м, ал биіктігі 1,2 м-ге дейін болады, қалқанның бір жағы не қорғасындалған резеңкемен , не қорғасын қаңылтырмен көмкерілген.
Рентген сәулесінің зиянды әсерімен толығымен қорғану бүгінгі таңда әлі шешілмеген мәселе, бірақ та оның әсерінен аз да болса қорғануға болады., ол үшін әр түрлі қорғануға арналған арнайы құрал-жабдықтарды орнымен, қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай орындау қажет.
Рентген сәулесі зерттеу жүргізіп жатқан дәрігер мен оның көмекшілеріне не тікелей, не жанама әсер етуі мүмкін. Бұл сәулелердің әсерінен ауа иондалып, бірнеше сағат жұмыс жасағаннан кейін процедуралық бөлмеде көп мөлшерде зиянды азон мен азот қосындылары жиналады. Ал бұл заттар күнде жұмыс істейтін зерттеушілердің организміне тынысалу ағзалары арқылы кері әсерін тигізеді. Ол үшін рентген бөлмесі күнделікті желдетіліп тұруы қажет. Рентген бөлмесінің қызметкері аптасына шаққанда мөлшері 0,1 рентгеннен көп рентген сәулесін қабылдамау керек. Ол үшін рентгенологтың және оның көмекшілерінің арнайы жеке дозиметрі болуы тиіс.
Рентген аспабын сатып алғанда, онымен бірге рентген сәулесінің зиянды әсерінен қорғайтын құрал-жабдықтарды: қорғасындалған алжапқыш, калқан және басқаларды бірге алу керек.
Рентген аспабымен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау керек. Оның бірі - жоғары кернеулі электр тоғынан сақтану. Рентген құралы жасалғанда электр тоғынан сақтану кауіпсіздігі өте қатаң ескерілген, егер аспаптық бір жерінде кездейсоқ ақау болса немесе дұрыс құрастырылмаса (монтаж), онда ол адам өміріне қауіпті. Сондықтан тұрақты рентген аспабын арнаулы мамандығы бар қызметкер орнатып, оны жерге жалғауы керек. Рентгенолог рентген аспабымен жұмыс істеу ережелеріні ерекшеліктерін білу кажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет