«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша


Сабақтың тақырыбы. Рентген аспаптарының түрлері және оның негізгі бөлшектері. Рентген сәулесінің пайда болуы және оның негізгі қасиеттері



бет109/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1
аниме 2, 996495
Сабақтың тақырыбы. Рентген аспаптарының түрлері және оның негізгі бөлшектері. Рентген сәулесінің пайда болуы және оның негізгі қасиеттері
Қажетті құрал-жабдықтар: Түрлі рентген аспаптары, рентген түтігі, плакаттар.
Сабақтың мақсаты. Студенттерді әр түрлі рентген аспаптарымен, олардың негізгі бөлшектерінің атқаратын қызметтерімен таныстыру. Сондай- ақ, рентген сәулесініһ қалай пайда болатынын, оның негізгі қасиеттерін, табиғатын айтып түсіндіру.
Өндірісте ауруды анықтауға арналған рентген аспабының бірнеше түрі шығарылады. Олар өзінің қуаты мен түріне, қолданылуына байланысты тұрақты, жылжымалы және тасымалданылатын болып бөлінеді.



Тасымалданылатын рентгендиагностикалык аппарат Дина-1




Рентген аспабының негізгі бөлшектері
Рентген аспабы рентген түтікшесінен, автотрансформатордан, жоғары және төменгі кернеулі трансформаторлардан, контактордан (электромагниттік реттегіш), уақыт релесінен тұрады. Бұл аспаптар айнымалы ток көзіне қосылады.
Рентген түтікшесі- электроваккумды құрал, ол рентген сәулесін шығаратын негізгі бөлшек. Ол қуаты мен қызметіне қарай әртүрлі пішінді және көлемді болады.


Рснтгсн тетігінің схемасы 1-шыны баллон, 2-катод, 3- анод,
4- сәуле шығатын орын, 5 - тубус, 6 - фильтр (сүзгі).
Рентген түтікшесі негізінен екі бөліктен тұрады:
1.Цилиндр тәрізді дәнекерленген шыны баллон. Шыны баллонның ішіндегі ауа сорылып алынған, сондықтан онда ауасыз кеңістік, вакуум болады. Ваккумды кеңістіктегі ауаның қысымы сынап бағанасының 10"7 дәрежесіне тең.
2.Катод - тік шиыршықты (сертпе) вольфрамды сым, ол шыны баллонның орта тұсында орналасқан. Шыны баллонның катод жағындағы шетінде шиыршықты сымды ток көзіне жалғайтын екі нүкте бар.
3.Анод – көлемді металды мыс, ол шыны баллонның катодқа қарама- қарсы жағында орналасқан. Бұл мыс өзегінің катодқа караған беті қиғаш болады. Бұл көлбеу бетінде анодтың айнасы деп аталатын тік бұрышты ерімейтін вольфрам пластинкасы болады. Анод айнасының ортасында фокус нүктесі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет