«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет111/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Рентген сәулесінің табиғаты
Рентген сәулесі электромагнитті толқын, өйткені ол табиғаты жағынан радиотолқынға, инфрақызыл және ультракүлгін сәулелеріне ұқсас. Аталған толқындардын рентген сеулесінен айырмашылығы оның толқын мөлшерінің өте қысқалығында. Рентген сәулесі толқынының ұзындығы ангстремме н (А) өлшенеді. Бір ангстрем бір сантиметрдің жүзмиллиондық бөлшегіне (1А=108см) тең. Қазіргі рентгендиагностикалық аспаптар толқынының мөлшері 0,1-0,8 А болатын сәулелерді алуға мүмкіндік береді.
Электромагниттік толқынның өлшемінде рентген сәулесінің өз орны бар. Ең толқыны ұзын, ол радиотолқыны, одан соң инфрақызыл сәуле, көзге көрінетін, ультракүлгін, ең соңында рентген сәулесінің толқыны. Рентген сәулесінің толқынының ұзындығынан қысқа толқын - ол гамма және ғарыштық сәулелердің толқыны.
Әртүрлі электромагнитті сәулелену толқындарының ұзындығы



Сәулелену түрі

Толқынының ұзындығы А ( ангстрем)

Ғарыштық сәуле
Гамма сәуле
Рентгендік сеуле
Ультракүлгін сәуле
Кезге көрінетін жарық сеулесі
Инфрақызыл сәуле
Радиотолқын

5 10 "4 + 1 10 "2 А*
1 10 3 10 "2А
3 10 "2 - 1,5 А
11,5 - 4000 А
4000 - 7600 А

7600 + 0,15 см


0,15 см -ь 30 км

* - 1 А ( ангстрем) = 110 см
Адам көзінің торлы қабаты 4000-нан 7600 А диапазондағы электромагниттік толқынды қабылдай алады. Рентген сәулесінің толқыны одан мыңдаған есе қысқа болғандықтан (15 - 0,03 А) көзге көрінбейді.
Рентген сәулесінің қасиеттері
Рентген сеулесінің бірнеше қасиеттері бар, олар: 1. Рентген сәулесі мөлдір емес денеден және заттардан - адам мен жануарлар денесінен, қағаз, ағаш және металлдың жұқа қабатынан тікелей өтетіндігі. Рентген сәулесінің бұл қасиеті, оның толқынының ұзындығының мейлінше қысқалығынын айғағы. Рентген сәулесі әртүрлі тығыздықтағы денеден өткенде, оның сәулесі бір жерде көп, ал енді бір жеріне аз сіңеді. Ал көлемі үлкен, атомдық салмағы жоғары денелер рентген сәулесін қатты (жоғарғы) қарқынмен сіңіріп алады;
1.Рентген сәулесінің-жарық қоздырғыш қасиеті бар, олардың әсерінен кейбір химиялық заттарда қызуы жоқ жарқылдау көрінеді - оны «люменесценция» дейді. Егер химиялық затгың жарқылдауы рентген сәулесі әсер етуі кезінде байқалатын болса, онда оны «флюоресценция» дейді. Ал егер химиялық зат жарқылдауы рентген сәулесі әсер еткен уақытта және одан да кейін байқалса, оны «фосфоресценция» дейді;
2.Рентген сәулесінің биологиялық әсері. Бұл рентген сәулесінің аз мөлшерінің әсерінен организмдегі зат алмасу құбылысы күшейеді, ал оның көп мөлшері ағзалар мен ұлпалардың, торшалардың қызметіне кері әсерін тигізеді. Рентген сәулесінің аз мөлшері ұзақ немесе оның шектен тыс мөлшері бір уақытта әсер етсе организмде ауру тудырады;
3.Рентген сәулесі фотопластинка мен фотопленканың жарықка сезімтал қабатына, жарық сәулесі тәрізді әсер етеді, ол рентгенпленканың бетіндегі бромды күміс тұзын ыдыратады. Басқаша айтқанда рентген сәулесінің фотохимиялық әсер ету қасиеті бар;
4.Рентген сәулесі ауаны иондайды, яғни ауаның құрамындағы газдардың атомдарын зарядталған электр бөлшегіне ыдыратады. Соның салдарынан ауа, өз бойымен электр тогын откізу қасиетіне ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет