«Хұсрау – шырын» дастаны. Дастанның зерттелуі. Тіл ерекшіліктері. Құтб ақынның бұл дастаны қазақ оқырманы арасында ерте кезден-ақ кең тарағаны жақсы мәлім. Азербайжан халқының кеменгер ақыны Низамидің «Құсырау мен Шырын» поэемасын Құтаб ақын қыпышақ-оғыз тіліне 1341-1342 жылдары аударған болса керек. Аудармашы дастанды Тыныбек пен Ханша Малика-Хатунға арнайды.
Құтыбтың «Хұсырау-Шырын» дастанының жалпы көлемі – 120 парақ, яғни 240 бет. Дастан 4740 бәйіттен тұрады. Соның 4685 бәйіті Құтаб ақынның өзі жазған жыр жолдары. Қалғандары шығарманы көшірушілер тарапынан қосылған өлеңдер болып келеді.
«Хұсырау-Шырын» дастаның алғаш зерттеушілердің бірі поляк ғалымы А.Зайончковский болды.
Мазмұны: иран елінде бір қарт патша болыпты. Оның Хұсырау деген жалғыз ұлы бар екен. Хұсырау көп оқып, ер жетіп әдепті жігіт болыпты. Патша ұлының Шапур деген бір суретші досы бар екен. Бір күні ол Хұсырауға әділ патша Мехинбану және оның жиені сұлу шырын жайында әңгіме айтып береді. Сонда Хұсырау Шырынға ғашық болып қалады. Досын елшілікке жібереді. Шапур алыстағы Армения еліне барып, Шырын серуендейтін Бақтағы бір ағашқа Хұсыраудың бір суретін іліп қояды. Жігіттің суретін көрген Шырын оған ғашық болып қалады. Ақыры Шапур бір күні Шырынмен оңаша сырласып, оған Хұсырауды мақтайды. Шырынға жігіттің берген жүзігін береді. Ақыры екі ғашық екі елдің шекарасында кездеседі.
Шырын образы. «Хұсырау-Шырын» дастанының басты қаһарманы Шырын. Дастанда Шырын тек сұлу қыз, адал жар ғана емес, сонымен бірге, ол әділетті патша, халық қамқоршысы. Дастанның екінші бір басты қаһарманы Хұсырауды қайта тәрбиелеген мейірбанды жан.
Хұсрау обрызы Дастандағы ең күрделі образ –Хұсырау бейнесі. Хұсырау шығармада екі түрлі қырынан көрінеді. Бірі – махаббатқа опасыз, ойын-сауыққа құштар, жеңіл міңезді, залым –Хұсырау. Хұсырау – екінші жағынан, елге қайырымды, әділ патша ретінде бейнеленген.
Дүрбек ақынның “Жүсіп – Зылиха” – Шығыстағы көп елге тараған ғашықтық дастан. Негізінен Інжіл мен Құран Кәрімде баяндалатын Жүсіп пайғамбар туралы оқиғаға құрылған. Сюжеті Шығыстың көп ақындарының шығармаларына өзек болған. Оның ауызша нұсқаларымен бірге жазба нұсқалары да бар. Дастанның көне қолжазбалары Британия музейінде және Будлин кітапханасында сақталған. “Жүсіп – Зылиханың” сюжетіне дастан жазған ақындар көп болған. Солардың ішінде халық арасына кең тараған әрі кемел нұсқасы – Абд әр-Рахман (Әбдірахман) Жәми жырлаған дастан. Қазақ халқы арасына “Жүсіп – Зылиха” жыры ерте кезден-ақ кеңінен тараған. Мысалы, Алтын Орда дәуірі әдебиетінің аса көрнекті өкілі Дүрбек ақын да оғыз-қыпшақ тілінде “Жүсіп – Зылиха” дастанын жазған. Дүрбектің өмірі туралы көп мәлімет сақталмаған. Ақын 14 ғасырдың 2-жартысы мен 15 ғасырдың бас кезінде Сыр бойында өмір сүрген. Дүрбек “Жүсіп – Зылиха” дастанын 1409 жылы жазған. Дастанның 1516 жылы көшірілген ең көне нұсқасы Түркияның Топқани кітапханасында, ал 1563 жылы көшірілген 2-нұсқасы Париж ұлттық кітапханасының сирек кездесетін қолжазбалар қорында сақтаулы тұр. Дастан Жақып пайғамбардың он бір баласы арасындағы күншілдіктен туған қайғылы жәйттерді баяндаудан басталады. Жақып он бір ұлының кенжесі Жүсіпті өте жақсы көреді. Әкесінің патшалық тағы мен тәжін Жүсіптен қызғанған он ағасы оны өлтірмек болады. Жүсіпті әулиелер мен періштелер аман алып қалады. Жүсіпті ағалары аяқ-қолын матап, құлдыққа сатып жібереді. Дастанда Жүсіптің ұзақ жылдар жат елдерде жүріп, жан төзгісіз қайғы-қасірет көргені суреттеледі. Ақыры Жүсіптің кемеңгер даналығы мен темірдей төзімділігіне Мағриб елінің патшасы Таймус, Мысыр әміршілері Рян мен Әзиз ерекше риза болады. Соның арқасында Жүсіп Мысыр еліне патша болып, сүйіктісі Зылиха сұлуға үйленеді. Патша Жүсіп бүкіл елдегі түрлі қантөгістер мен соғыстарды тоқтатып, бейбіт, бақытты өмір орнатады. Дүрбектің “Жүсіп – Зылиха” дастаны сырттай қарағанда, пайғамбарлар, әулие-періштелер, патшалар өмірінен жазылған туынды сияқты болып көрінеді. Ал, шындығында, Дүрбек ежелгі аңыз сюжетін арқау ете отырып, өзі өмір сүріп отырған дәуірдің көптеген көкейкесті мәселелерін көтергенін аңғару қиын емес. Дүрбек Алтын Орда мен Мауреннахрда 14 – 15 ғ-ларда орын алған кейбір тарихи оқиғаларды өз дастанына өзек етіп алған. Әлемді дүр сілкіндірген Әмір Темірдің 1405 ж. 19 қаңтарда Отырар қ-нда кенеттен қайтыс болғаны мәлім. Бұл хабарды естіген бойда-ақ Әмір Темір ұрпақтары тақ пен тәжге таласып, бүкіл Мауреннахр өңірін ұзақ жылдар бойы қанды шайқастар алаңына айналдырды. Міне, осындай соғыстардың бірі Әмір Темірдің ұлы Шахрух пен немересі Халил арасында 1409 ж. Балх қ-сы үшін болған еді. Бұл соғыста Балх қаласының халқы түгел қырылғанын Дүрбек өз көзімен көреді. Алты ай бойы қоршауда қалған Балх қаласындағы жан шошырлық дозақ көріністерін Дүрбек “Жүсіп – Зылиха” дастанында шеберлікпен, сенімді етіп көрсете білген. Дастанның негізгі идеясы – ел билеушілер арасындағы тәж бен тақ үшін, байлық пен мансап үшін жиі-жиі болатын қанды соғыстардың, ағайын адамдар арасындағы бақталастық пен алауыздықтың, шектен тыс қатыгездіктің зардаптарын көрсету. Ақын ел басқаратын жандардың ақылды, әділ, мейірімді, жомарт болуын көксейді. “Жүсіп – Зылиха” дастанының сюжетін өзге ақындар да нәзира үлгісімен қайта жырлаған. Мысалы, қазақ ақыны Жүсіпбек Шайхысыламұлы да осы сюжетті арқау еткен “Жүсіп – Зылиха” қиссасын жазып, оны Қазан баспаларынан бірнеше рет (1898, 1901, 1913) бастырып шығарған
14 – лекция. Сайф Сараи.
«Гулистан бит-турки» («Түркі тіліндегі гүлістан»)
Сайф Сараи – Алтын Орда әдебиетінің XIV ғасырдағы аса көрнекті өкілдерінің бірі. Ол лирик және эпик ақын, жазушы және аудармашы ретінде түркі тектес халықтар әдебиеті мекн тілінің өзінен кейінгі кезеңдерде дами түсуіне мол үлес қосып, едәуір ықпал еткен қаламгер.
С.Сараи творчествосын ұзақ жылдар бойы зерттеген көрнекті совет ғалымы Ә.Н.Нәжіп ақын өз шығармаларының бәрін қыпышақ тілінде жазғаның айта келіп, әрі оның қыпышақтар ішінде кейінірек қазақ халқының негізін құраған ру-тайпалардан шыққанын ерекше атап көрсетеді. Ақын өмірі мен творчествосы жайында көп мәлімет сақталмаған. С.Сараидың бізге жеткен жалғыз көлемді еңбегі бар, Ол – «Гулистан бит-турки» деп аталады. Ақын бұл еңбегін Еділ сағасындағы Сарай қаласында бастап, Египеттегі Ніл өзені бойында жазып бітірген. Бұл өзі парсы-тәжік әдебиетінің классигі Сағди Ширазидің «Гүлістан» атты шығармасының еркін аудармасы.
1915 жылы Анкарада шығатын журналдардың бірінде түркі тіліне аударылған Сағдидің «Гүлістан» дастаны Голландиядан табылғаны туралы шағын ғана хабар жарияланады. Бірақ оған ешкім назар аудармады. 1950 жылы професор Феридун Нафиз узлук Голландияның Лейден университеті кітапханасы қорынан «Гүлістанның» фото көшірмесін алып, оған шағын алғы сөз жазады да, 1954 жылы Анкарада жеке кітап етіп басып шығарды.
Достарыңызбен бөлісу: |