Композициялық құрлысы. С.Сараи өзі ұстаз тұтқан сағди ақынның «гүлістаның» аудару барысында шығарманың композициялық құрылысын бұзбай, сол күйінде сақтап қалуға әрекет жасаған. Сондықтан парсы тіліндегі «Гүлістан» секілді қыпышақ тіліндегі С.Сараи аударған «Гүлістан бит-туркте» сегіз тараудан тұрады.
Сағди Ширази өз «Гүлістанын» ұйқасқа құрылған прозамен жазған. Өз ойын өлең жолдарымен түйіп, қорытындылап кететін тұстары да бар. Аудармашы С.Сараида солай істеген. «Гулистан бит-турки» тұтас сюжетке құрылған шығарма емес. Мұнда қысқа-қысқа хикаяалар, аңыздар, ертегілер, өлеңдер, күлкілі әңгімелер т.б. белгілі бір тақырыптар бойынша жүйеленіп берілген.
Сағди жазған «Гүлістан» кітабын өзгертпей, сол күйінде аударуды С.Сараи өзіне мақсат етіп қоймаған. Қыпышақ ақыны парсы тілін жетік біле тұрып, Сағдидың кейбір прозалық хикайаларын, өлеңдерін аудармай тастап кеткен. Бірақ оның есесіне қыпышақ еліне жақын жеке эпизоттар мен жыр жолдарын қосып отырады.
«Түркі тіліндегі Гүлістанның» идеялық мазмұны. Сағди ғұмыр бойы ел аралап, жиһангез болған адам. Сондай саяахатта жүріп ақын қоғамдық өмірдің түрлі сатысында тұрған адамдарды көреді. Олар: саудагерлер, дәуіштер, ақындар, қолөнершілер, диқандар, малшылар, бектер, әкімдер, хандар т.б. Ақын ел кезіп жүріп көрген-білген қызықты әңгімелерді, аңыздарды, қанатты сөздерді, мақал-мәтелдерді, афоризмдерді, аңыздарды жазып алып жүрген. Кейін соның бәрі «Гүлістан» кітабына арқау болған.
Әбілғазы Баһадүр Хан (1603 — 1664) — Хиуа ханы (1645—63), тарихшы-шежіреші. Әбілғазы Хорезм хандығының астанасы Үргеніште Жошы ұрпағынан тараған Арабмұхамед ханның отбасында туған.Әкесі Арабмұхамед хан 1602 жылы Хорезм ханы болып жарияланған. Шешесі Меһірбану да Шыңғыс хан әулетінен шыққан, Арал теңізі маңындағы қазақ руларының ханы Жанғазы сұлтанның қызы. Әбілғазы әкесі салдырған Арысхан медресесінде оқып, ғұлама ғалымдардан дәріс алған. Медреседе халық ауыз әдебиетін, тарихты оқып зерттеді, әскери өнер, мемлекеттік басқару ісін меңгерді. 16 жасқа шыққанда әкесі оны үйлендіріп, Үргеніштің жарты бөлігін билеткен. Арабмұхамед ханның қартайған шағында балалары арасында билікке талас басталды. 17 жасынан бұл талас-тартысқа Әбілғазы да араласты. Оның аяғы ағайынды адамдар арасындағы қарулы қақтығысқа ұштасты. Сондай соғыстың бірінде 1621 жылы Әбілғазы ауыр жарақаттанып, Әмударияны жалғыз жүзіп өтіп, қашып құтылады. Маңғыстаудағы түрікмендерді, қазақ хандары Есім мен Тұрсынды паналайды. Әбілғазы Ташкентте Тұрсынхан сарайында 2 жыл тұрып, еліне қайтып келген соң, 1628 жылы ағаларының қолына түсіп, Иранға жер аударылды. 10 жылдай Исфахан қаласында айдауда болған. 1638 жылы Исфаханнан қашып шығып, түрікмен руларының арасында жасырынып жүрген. 1640—1641 жылы Жем өзені бойындағы Іалмақ ханы Хо-Орлектің ордасында тұрған. Осы жерден Арал қазақтары көп сыйлық беріп, Әбілғазыны қалмақ ханынан сұрап алып, өздеріне хан көтерді. 1643 жылы Ілияс би бастаған Арал қазақтары Хиуа ханы Аспандиярға қарсы көтерілгенде Әбілғазы солармен бірге болған. Екі жыл бойы Хиуаға дамылсыз шабуыл жасап, ақыры қазақ, өзбек, қарақалпақтардың күшімен 1645 жылы Хиуаны алып, хан болып жарияланды. Хан тағына отырғаннан кейін де көп жылдар түрікмен тайпаларымен соғыс жүргізді, Хиуа хандығы жеріне баса-көктеп кірген қалмақтарға қарсы қиян-кескі ұрыс жүргізді, Бұхараға шабуыл жасады. Тек 1663 жылы ғана хандық билігін ұлы Ануш Мұхамедке беріп, бейбіт істермен айналысуға мүмкіндік алып, шығармашылық жұмысқа кірісті.Әбілғазы өз заманының білімді адамдарының бірі, зиялылардың ұстазы болды.Ол өзі туралы:"Құдай тағала мырзалық қылып, маған біраз нәрселер берген. Мен, әсіресе, үш түрлі өнерді жете меңгердім. Біріншісі — әскери өнер, яғни әскерді басқару, оның тәртібі ; Eкіншісі — ақындық өнер, яғни түрлі өлең құрылысын сақтай отырып, түрік тілінде меснеуи, қасида, ғазел, рубаят тәрізді өлең шығара алу, араб, парсы, түрік сөздерінің мағынасын жетік білу; Үшіншісі — бұрын Арабстан, Иран, Тұран, Моңғолияны билеген патшалардың өмірі мен мемлекеттік маңызды істерін, оларда болған ірілі-уақты оқиғаларды жатқа білу" деп жазды. Әбілғазы жазған “Шежіре-и Тарахима” (“Түрікмен шежіресі”, 1661 жылы) және “Шежіре-и Түрк” (“Түрік шежіресі”, 1665 ) атты тарихи екі шығарма шығыстануда, оның ішінде түркітану мен қазақтануда кеңінен танымал болды. “Шежіре-и түрк” ғыл. ортаға 18 ғасырдың бас кезінде мәлім болды. Кітаптың қолжазбасын Ресейде тұтқында жүрген швед офицерлері Тобыл тауып, оны Бұхар ахунына орысша аудартқан. Көп өзгерістерге ұшырамай, қазіргі қазақ тіліне өте ұқсас таза көне түрік тілінде жазылған қолжазба алғаш рет француз (1726), орыс (1770, 1780) және неміс (1780) тілдерінде кітап болып шықты. 1825 жылы шежіренің араб әрпімен жазылған түпнұсқасы граф Н.И.Румянцевтің араласуымен Қазанда басылып шыққаннан кейін ғана ғыл. айналымға қосылды. Академик Х. Френ бұл басылымды ээ“шығыстану ғылымының даңқын шығаратын үлкен іс”ээ деп бағалады. 1854 жылы И.Н.Березин “Шығыс тарихшылары кітапханасының” 3- томына Г.С.Саблуков жасаған орысша аударманы кіргізді. Жоғарыдағы нұсқасы мен Даль коллекциясынан Азия музейіне түскен жаңа қолжазбаны пайдаланып, П.И.Демезон оның салыстырмалы нұсқасын екі кітап етіп бастырып шығарды (1871 — 1874). Бұл шығарма — Шыңғыс ханнан бұрынғы және одан кейінгі дәуірлерде Орта Азия, Қазақстан, Таяу Шығыс елдерінде болған оқиғалар мен сол тұстағы ел басқарған хандар жүргізген саясат туралы жылнама. Еңбекте қазақ халқын құраған рулар мен тайпалардың көне тарихы, тұрмыс тіршілігі мен мәдениеті жайлы құнды деректер келтірілген. Әбілғазы ханның “Түрік шежіресі” — тарихи-деректік, әдеби және тілдік жағынан өзге шежіре еңбектерден шоқтығы биік тұратын шығарма.
15 – лекция. Тарихи тақырыпқа жазылған көркем шежірелер.
Захириддин Мұхаммед Бабыр
Қазақ әдебиеті тарихының ежелгі дәуірін танып-білуде тарихи тақырыпқа жазылған көркем шежірелер ерекше зор роль атқарды.
Сан ғасырлар бойы атадан балаға ауызша да, жазбаша да мұра ретінде беріліп келе жатқан шежірелерді қазақ ойшылдары, ақындары мен жыраулары жақсы білген.
Ресми шежіре – тарих ғылымының бір тармағы іспеттес деуге болады. Дегенмен қазақ елі шежірені тарихи фактылар тізімі ретінде емес, тарихи тақырыпқа жазылған көркем туынды деп таныған. Тіпті алғаш ресми тарих ретінде жазылған шежіренің өзін айтушы жыршы-жыраулар оған көркем теңеулер қосып, бірте-бірте шежіре текстін тарихи жырға айналдырып жіберетін болған.
Шежіре жазушылар өз дәуіріндегі саяси күрестің қызу ортасында жүрген. Олар белгілі бір мағынада өз заманының тарихшы-ғалымы, саяси қайраткері секілді болған. Шежірешілер сан алуан тарихи документтерді, өздерінен ьұрынырақ жазылған жылнама-шежірелерді жинақтап, оған өз дәуірінің аса маңызды оқиғаларын қосып жазып отырған. Сосын оны кітап көшірушілер – хуснихатшылар бірнеше дана етіп көшіріп жазатын болған. Мұндай шежіре-кітаптар кезінде зор роль атқарған. Әрбір шежіре авторы өз елінің даңқты тарихын, елді сыртқы жауданқорғауға ерлік көрсеткен батырларын, алдына жан салмаған ақындары мен шешендерін, ел басқарған ақылгөй-абыз ақсақалдарын, хандарын т.б. мадақтап отырған. Ең бастысы – жылнама яки шежіре жазушылар өзі өмір сүріп отырған дәуірдің саяаси оқиғаларын өзінен сан ғасыр бұрынғы тарихи оқиғалармен тығыз байланысты. Түрде айтуға әрекет жасайтын болған.
Алдымен «шежіре» деген термин туралы айта кетейік. Қазақта «шежіре» деп айтылатын сөздің түп-төркіні арабтың «шаджарат» яғни «бұтақ», «тармақ» деген ұғымнан туған. Ежелгі ру, тайпалардың, бүкіл бір халықтың шығу тегін, өсіп-өрбуін, даму тарихын ұрпақтан-ұрпақа жеткізген шежіре-жылнамалар ұлттық мәдениеті бар елдің бәріне де кездеседі. Мұндай шығармалардың көп томдық жинағын Англия, Франция, Германия, Россия, көптеген Шығыс елдері кезінде қолжазба кітап етіп, ал бертін келе баспадан литографиялық, топаграфиялық әдіспен шығарып отырған.
Бұдан сан ғасырлар бұрын қағазға түсірілген, белгілі бір тарихи шығарма іспетті көне заман шежіресі қазақ, өзбек, түркімен, башқұрт, қырғыз т.б. түркі тілдес халықтар да аз емес.
Сан ғасырлар бойы қалыптасып, ұрпақтан-ұрпақа асыл мұра ретінде табыс етіліп келген қазақтың жылнама-шежірелерін кезінде Н.И.Гродеков, П.Н.Рычков, А.И.Григорьев, т.б. көптеген орыс ғалымдары жинап, кейбіреулерін баспаға ұсынып отырған.
Бір айта кететін жәйіт – қазақ тарихы емес, өзге халықтардың еншісі саналып келген шежірелердің өзінде де қазақ қауымының ауыз әдебиеті мен тіліне қатысты мәліметтер көп. Мәселен, Шайбани әулетінен шыққан өзбке ханы Абдулла хан ІІ ибн Искандер туралы ақын Хафиз Таныштың 1590 жылы жазған «Абдулла-неме» деп аталатын көлемді дастаны бар.
Қазақ халқының көне тарихына, әдебиеті мен мәдениетіне тікелей байланысты түрлі жазба ескерткіштері ішінен Әбілғазы Баһадурханның «Шежіре-и-түрік» атты кітабі елеулі орын алды. Бұл шежіре тоғыз тараудан тұрады. Әбілғазының «Түріктер шежіресі» негізінен прозалық шығарма болса да, тексте бейіт және ғазал түріндегі поэзия үлгілері де баршылық. Автор қара сөздің бейне бір ұзақ жыр-толғау секілді ырғақ пен, ұйқаспен айтады. «Түріктер шежіресі» күні бүгінге дейін тек тарихи мұра ретінде ғана қаралып келеді. Ал, кезінде ол өз дәуірінің көркем туындысы саналған. Демек, Әбілғазы шежіресінің қазақ әдебиеті тарихынан алатын өзіндік орны бар.
Достарыңызбен бөлісу: |