Vi-ix ғасырдағы түркі әдебиет ескерткіштері



бет15/23
Дата21.05.2022
өлшемі302,5 Kb.
#144403
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Байланысты:
ежелги лекция 2

Қожа Ахмет Яссауи –сопылық-мистикалық әдебиеттің ел арасындағы танымал, ірі өкілдерінің бірі болды. Ол сол кезде кең тараған «Жахрия» немесе «Яссауишілік» деп аталатын сопылық-мистикалық ағымның негізін қалады.
Ахмет Яссауидің «Диуан-и-хикмат» (Даналық кітапы) деп аталатын өлеңдер жинағы негізінен осындай дінй мақсатта жазылған деуге болады. Ол Испеиджаб қаласында туылған. Оның туылған жылы белгісіз, ал 1166 жылы қайтыс болған. Ер жете келе ол қазіргі Түркістан қаласына келіп тұрады. Сол кезде атақты арыстан Баб және Жүсіп Хамадани деген шайықтардан тәліәм-тәрбие алған. Бұхарда оқыған. Сосын оқымысты адам, сопы ретінде Яссы қаласына қайтып келеді.
«Диуани хикмат» - түркі тілді халықтардың ХІІ ғасырдан сақталған әдеби ескерткіштерінің бірі болып саналады. Бұл өлеңдер жинағы қазақ әдебиетінің де орта ғасырлық нұсқасы болып табылады. Бұл өлеңдер жинағының алғашқы түп нұсқасы сақталмаған. Ең ескі нұсқасы XV –ғасырдың орта кезінде араб емілесімен көшірілген. «Диуани хикмат» Қазан, Стамбул, Ташкент баспаларынан бірнеше рет жеке-жеке кітапболып басылып шығады.
Ахмет Яссауидің сопылық-мистикалық сарындағы идеяларын оның шәкірттері жалғастырып, Х-ХІІ ғасырда көптеген діни шығармалар жазылады. Оның шәкірттерінің ішіндегі ең танымал болғаны Сүлеймен Бақырғани еді. Оны жұрт Хәкім ата деп те атап кеткен. Ол өз ұстазы Яссауидің реакциялық идеяаларын ұштай түсті. Осы бағытта өлең-жырлар жазды.
Сүлеймен Бақырғани, Бақырған ата, Хаким ата, Сүлеймен ата (12 ғ-дың 2-жартысы) – ақын, ойшыл, ғұлама. Қожа Ахмет Иасауидің шәкірті. Еңбектері – Бақырған кітабы (қыпшақ тілінде жазылған өлеңдер жинағы), Хазрет Мариям кітабы, Ақыр заман кітабы.Сүлеймен Бақырғани (туған жылы белгісіз —1186 ж.) Түркістан қаласында дүниеге келіпті. Ол өзінің "Ақырзаман" кітабында: Ысқақ баба үрығы, Шайқы Ибраһим қүлыны, Машайықтар үлығы — Шайқым Ахмет Йассауи. Шариғаты мінсіз, Тариқаты түпсіз, Хақиқатта өрен жүйрік — Шайқым Ахмет Йассауи, — деп жырлағандай, әйгілі Әзірет Сүлтанға шәкірт болған. Кейін Самарканд, Бүхара, Хорезм, Шам қалаларында білімін толықтырды. Халық арасында Әкім Ата деген атпен белгілі.Оның басты және көпке танымал "Ақырзаман", "Бақырғани кітабы" еңбектерінде эстетика, этика, тазару, адам жанының үндестігі (гармония) мәселелеріне көңіл бөлінеді. Оның ойынша, мәңгілік әдемілік — Құдай. Алла — таза абсолюттік болмыс. Алла төрт бірліктен (от, су, жер, ауа) құралатын төрт тарап дүниені жаратты. Сосын өсімдіктерді, жәндіктерді, жан-жануарларды, оларға әмірін жүргізуші төрт мүшеден (аяқ, қол, бас, дене) түратын адамдарды дүниеге келтірді. Бақырғани пікірінше, қүдайдың сұлулығын пәни жалған пендесі танып-біле алмайды. Өйткені карапайым адам мен Алла тағала арасында көзге көрінбейтін "перде" ілінген. Аталмыш "пердені" ысырып, қүдайды танып-біліп, дидарына тәнті болғысы келген адам, ең алдымен, сопылык жолға түсіп, оның негізгі сатыларынан (шариғат, тарихат, хақиқат, мағрипат) өтуі қажет. Нәтижесінде "ішкі көзі" ашылып, рухани тазарған адам Аллаға бір табан жақын болады. Құдайды ақыл емес, оған деген махаббат арқылы танып-білуге болады. Махаббат — жоғары сезім. "Құдайды не үшін сүюге болады?" деген сүраққа Қасиетті Алла кітабының 61-аятымен жауап береді. Құдай сұлулығы — оның рақымшылдығында, кешірімділігінде, пенделеріне жасайтын шексіз жақсылығында. Жақсылығы өзі жаратқан пенделеріне деген махаббатында. Тек жаны жомарт, сабырлы, білімді адам ғана Құдайға жақын тура алады. Алла адам мен оның жүрегінің ортасында. Бір кездері адамдар оның қол астына жиналады. Табиғат пен адамзат заңдары бір-бірімен байланысты. Адам өзін-өзі танып-білу арқылы ғана Құдайды тануы мүмкін. Менмендік, сараңдық, қызғаншақтық, көрсеқызарлық, ұрыс-керістен тазарған адам ғана толық рухани азаттық алмақ. Сопылыққа барар жол соқпақты. Қиындығынан қорықпай, белді бекем буғандарға алғы шарт — өзіне ұстаз белгілеп алу. Тарихат сатыларынан өтіп, кемелденген шәкірт дәрежесіне жеткенше, ұстазының қолында тәрбие көріп, білім алмақ. Ол үшін шәкірт бірнеше сатылардан өтеді. Тарихат деп аталатын бірінші сатыда ол толығымен тазарады. Ал екінші сатыда шәкірт біреу жайында жаман нәрсе айтпақ түгіл, сынай да алмайды. Үшінші сатыда жас сопы жан тыныштығына енеді. Адам әрқашан да кімге көмек қажет болса, соған көмектесуі керек. Бесінші сатыда адам жаны қанаттанады. Мұнда сопы Алла дидарын тамашалай алады.Шығармасының соңында Сүлеймен Бақырғани әдемілікті 3 түрге бөлген: 1. Абсолютті өзгермейтін Алла сұлулығы; 2. Жаратылыс сұлулығы немесе Құдай сұлулығының шағылысып түскен жердегі көрінісі; 3. Рухани сұлулық. Адам жерге Алла арқылы рухани сұлулыққа жету үшін жіберілген. Философияның түсінігінше, шынайы өмірдің негізін адамгершілік, демократия, әлеуметтік әдемілік қүрайды. Міне, осы ойлардың бәрі сопылык ілімнен бастау алып жатыр. Дәлірек айтқанда, өз ұстазы Қожа Ахмет Йассауи көзқарасын ұстанып, оны ілгері дамытқаны ақиқат. Діни аңыздар желісінде жырлар жазу арқылы Сүлеймен Бақырғани түркі әдебиетінде ХӀӀӀ-ХӀV ғасырларда кең өріс алған нәзирашылдық (бурыннан белгілі сюжеттерді жаңғыртып жазу) алғашқы бастауларына жол салған еді. С.Бақырғани 82 жасында Түркістанға жақын жерде дүние салды. Оның кітабын 1897ж. Е.А.Малов "История общества археологии, истории, этнографии" (XIV том) деген еңбегінде басып шығарды
11– лекция. ХІІІ-ХV ғасырлардағы әдебиет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет