Махмұд Қашғари – он бірінші ғасырда өмір сүріп, еңбек еткен ұлы филолг, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап,зерттеуші ғалым, белгілі саяхатшы.Ол «Диуани лұғат ат-түрік» еңбектің авторы. М.Қашғари Баласағұн шахарында туылған.Оның қай жылы туылып, қайтыс болғаны анық мәлім емес.Деректерде XI ғасырдың бас кезінде туылып,сол ғасырдың соңына таман дүние салды деп есептейді. Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан.Ғалымның туған, қайтқан жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапур, Бағдад қалаларында болады, түркі тілінің сыртында араб, парсы, тілдерін жетік меңгереді. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады.
М.Қашғаридың зейін қойып, ұзақ жылдар бойы зерттеген мәселесі – түркі тектес ру-тайпалардың тіл ерекшеліктері,әдет-ғұрып,салт-санасы,ауыз әдебиет үлгілері тарихы болды.
М.Қашғари тіл білімі мен әдебиетке көлемді де күрделі екі ғылыми еңбек жазды. Бірі – «Жавохирун-нахв филуғотит турк»деп аталады.Бұл еңбек бізге жетпеген.Екіншісі – «Диуани лұғат ат-түрк» Еңбек 1074 жылы жазылған.Бұл еңбек түрік халықтарының бәріне ортақ мұра.Бұл сөздікке орта ғасырдағы түркі ру-тайпаларының бәріне бірдей ортақ алты мыңнан астам төл сөзбен жеке тайпаларға ғана қатысты диалект сөздер бар.Бұл лексикалық жинаққа еңген сөздер,мақалдар, өлең жолдары т.б. түркі тілдерінің сол кездегі сөз тудыру,сөйлем құру жүйелерін,әдеби тіл мен көріктеу құралдарының өмірге келу жолдарын анықтауға ьүькіндік береді.Көне түркі әдебиет ескерткіштерінің тілін үйренуге бұл зерттеу көмек беруде.
«Диуани лұғат ат-түріктің» басылымдары, зерттелуі.Бұл еңбектің көшірме қолжазбасы XX ғасырдың бас кезінде табылды.Түпнұсқасы сақталмаған.Еңбек 1915-1917 жж. Стмбул қаласындағы Ахмет Рифат баспасынан 3 томдық кітап түрінде жарық көрді. Броккельмен бұл шығаманы неміс тіліне аударып,1928 жылы Лейпцикг қаласында бастырып шығарды.Басым аталай оны осман түріктерінің тіліне тәжіма жасап, 1939-1941 жылы Анкарада 3 томдық кітап етіп шығарды.