Дастанның қолжазба нұсқаларының табылуы. Зерттелуі. «Ақиқат сыйы» дастанының көне қолжазбасы табылған жөніндегі алғашқы мәліметті тірік ғалымы Нәжіп Асим 1906 жылы хабарлады. Қазір бізге бұл шығарманың біренше қолжазба нұсқасы мәлім. Солардың ішінде ең көнесі, әрі біршама толық сақталғаны Самарқан нұсқасы. Бұл қолжазба қазір Стамбул қаласындағы Айя-София кітапханасында сақтаулы. 1480 жылы Шейх-заде Әбдіразақ-бақши көшірген нұсқасын Нәжіп Асим осман түріктерінің тіліне аударып, шығарманың түп нұсқасымен қоса оны 1916 жылы жеке кітап етіп басып шығарды.
«Ақиқат сыйы» дастанын зерттеу ісіне В.В.Радлов, Т.Ковалевский, Ж.Дени сияқты шығыстанушы ғалымдар белсене ат салысты.
«Ақиқат сыйы» - дидактикалық сарында жазылған шығарма. Дастан сюжетке құрылған емес. Сол кездегі шығыстың классикалық әдеби дәстүріне сәйкес автор «Ақиқат сыйы» дастанын алланы, пайғамбарды және төрт сахабаны (пайғанбардың серіктері) мадақтаудан бастайды.
Оқу-білім туралы.«Ақиқат сыйы» дастанындағы ең басты мәселе – оқу мен білім мәселесі. Бұл кезде өріс алған діни-мистік әдебиет ғылым мен өнерді қаралап, адамның жасампаздық қабілетін теріске шығаруға жан салып әрекет жасап жатқан еді.
Ақын дастанда барша әлемнің сырын ашатын кілт – көкірек көзі ашық, оқыған, білімді адамдардың қолында деген пікір айтады. Сөйтіп ақын: ғалым, ақын бақыт жолын өнер-білімнен табады, ал ашу-ызаға тізгін берген кісі қашанда надандыққа, қаранғы түнекке душар болады деген пікірге келеді.
«Ақиқат сыйы» - дидактикалық шығарма. Сондықтан дастанда негізінен адамның мінез-құлық қағидалары, адамгершілік, этика, әдептілік т.б. моральдық мәселелер әңгіме болып, ақын осылар жайында өз оқушысына ғибарат сөздер айтады. Автор оқушысын әдепті, мағыналы сөйлей білуге, өтірік-өсек айтпауға, сыр сақтай білуге, босқа көп сөйлеп, мылжың болмауға шақырады.
Ахмед Иүгінеки - әр бір сөзді ажарлап та, құбылтып та шебер пайдалана білетін сөз зергері. Дастан негізінен дидактикалық сарындағы ақыл-өсиет, уағыз, ғибарат сөздерден тұрады.
«Ақиқат сыйы» дастаныда атышулы «Құтадғу біліг» секілді Қараханидтер мемлекетінде өмір сүрген түркі тайпаларының тілінде жазылған әдеби ескерткіштер тобына жатады.
10 – лекция. Қожа Ахмет Яссауи