Vi-ix ғасырдағы түркі әдебиет ескерткіштері


«Құтадғу біліктің» зертелуі



бет13/23
Дата21.05.2022
өлшемі302,5 Kb.
#144403
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
ежелги лекция 2

«Құтадғу біліктің» зертелуі. Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнидің «Құтадғу білігі» дастанының бүгінгі күнге дейін сақталып жеткен үш нұсқасы бар:
Біріншісі, Вена нұсқасы, оны Герат нұсқасы деп те атайды. Екіншісі, Каиыр нұсқасы Үшінші нұсқасы Наманган нұсқасы. Оны 1913 жылы А.З.Валидов өзбекстанның Наманган шаһарынан тапқан еді.
«Құтадғу біліг» дастанының басты идеясы төрт принципке негізделіп жазылған. Компазициялық құрлысы жағынан дастан 6520 бәйіттен тұрады. Бұл – 13.000 өлең жолы деген сөз. Соның бәрі 858 тарауға бөліп берілген.
Жүсіп Баласағұни өзінің дидактикалық сарында жазылған шығармасында мораль, этика, әдептілік, тәләм-тәрбие туралы өсиет-ғибрат сөздер айтады. Шығармада жақсылық пен жамандық, әдептілік пен дөрекілік, шындық пен өтірік, аңқаулық пен аяарлық, т.б. өзара қарама-қарсы қойылған. Бұл дастанда автор ерекше мән беріп, зор шабытпен жазылған аса маңызды мәселелердің бірі – адамдардың бірін-бірі құрметтеуі, ізет көрсетуі, сыйлауы болып табылады.
Дастанның көркемдік ерекшеліктері. «Құтадғу біліг» дастаны түркі тілдегі жазба әдебиет әлі бай тәжірибе жинай қоймаған дәуірде жазылды. Дастанның басты қаһармандарының есімі күнтуды, Айтолды деп аталуы халықтың ежелгі наным-сеніміне байланысты болып келеді. Ислам діні тарағанға дейін түркі тектес елдердің арасында күнге, айға табынғаны мәлім.
«Құтадғу білікті» оқып отырып, автордың шығыс классикалық поэзиясының таңдаулы үлгілермен, әсіресе ұлы Фирдаусидің «Шаһнеме» дастанымен жақсы таныс екенін, одан үлгі-өнеге алғаның аңғару қиын емес.
«Құтадғу біліг» дастанының авторы метафора, аллегория, гипербола, меңзеп яки астарлап сөйлеу сияқты көріктеу құралдарын зор шеберлікпен, білгірлікпен пайдаланылып отырады.
Оқу-білім мәселесі. Өз заманындағы сан алуан ғылым салаларын менгерген ғұлама-ақын Жүсіп Баласағұни бұл өмірдегі барлық нәрседен де ғылымды жоғары қояды, адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттердің бәрін біліммен тығыз байланыстырып қарайды. Қоғамда орын алған теріс құбылыстардың өзін ол адамдардың білімсіздігінен, надандығынан деп қарайды. Жүсіп Баласағұни өз шығармасын «Құтты білім» деп тегін қоймаса керек. Дастанда оқу-білім, ғылым мәселелеріне арналған арнайы тараулар бар. Сонымен бірге ақын мемлекет, қоғам, ел басқарған әкімдер, мораль, этика т.б. мәселелерге арналған тарауларды да білімнің күш-құдіретін ардақтап, ғалымдарды көкке көтере мадақтайды.


9 – лекция. Ахмет Иүгінеки .«Хибатул-хақайық»(«Ақиқат сыйы»)

Ахмет Иүгінеки (Ахмет Махмұдұлы Жжүйнеки) – ХІІ ғасырдың орта кезі ХІІІ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген аса көрнекті ақын, есімі кезінде бүкіл ұлан-ғайыр Қарахан мемлекеті түркілеріне мәшһур ғұлама-ғалым болған. Ол туралы:


Ақындардың ақыны, даналардың көш басы,
Гауһардан сөз теретін, одан ешкім озбады – деген өлең жолдары сақталған.
Болашақ ақын Сыр бойындағы белгілі қалалардың бірі Жүйнекте ( қазіргі Шымкент обылысы, Түркістан ауданы) туып өскен. Ол ақынның біздің заманымызға дейін сақталып, жеткен жалғыз шығармасы бар. Ол – «Ақиқат сыйы» немесе «Шындық сыйы» деп аталатын дастан. Бұл дастан орта ғасырдағы түркі тектес тайпалардың көбіне түсінікті болған. Қараханид түркілерінің тілінде жазылған. Тек шығарманың аты ғана «Хибатул-хақайық» деп арабша қойылған.
Ахмед Иүгінекидің өмірі мен ақындық қызыметі жайында мәлімет жоққа тән. Әйтсе де ақын дастанда өзі туралы кейбір деректер берген. Ақынның шын аты Әдіб Ахмед (Ахмед Иүгінеки лақап аты), әкесінің есімі Махмұд болған. Туған жері Югнак.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет