Қазақстанның азаматтық партиясы. Еліміздің бірқатар ірі металлургиялық және тау-кен кәсіпорындарының еңбек ұжымдарының ұсынысымен құрылған. Бұл партияның негізгі мақсаттары - өндірісті дамыту, әрбір қазақстандық жанұяның әл-ауқатын жақсарту, Қазақстанның мемлекеттігін нығайту. Басқа да қазіргі таңдағы елдегі жүргізілген саясатты қолдауға негізделген партиялар сияқты ҚАП өз көшбасшысы деп Н.Ә. Назарбаевты таниды. Бұл партияның 1-хатшысы – А.Перуашев.
Қазақстан Республикасының Заңы. 2002 жылғы 15 шілде N 344-ІІ Осы Заң саяси партияларды құрудың құқықтық негiздерiн, олардың құқықтары мен мiндеттерiн, қызметiнiң кепiлдiктерiн белгiлейдi, саяси партиялардың мемлекеттiк органдармен және басқа ұйымдармен қатынастарын реттейдi.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Саяси партия ұғымы 1. Азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн мемлекеттiк билiктiң өкiлдi және атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында бiлдiру және оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында олардың саяси еркiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi саяси партия деп танылады.
2. Саяси партияның халық атынан билiк жүргiзуге құқығы жоқ.