Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) Партия төрағасы: Жармахан Айтбайұлы Тұяқбай. Төрағаның орынбасары: Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов. Партия 2006 жылғы 10 қыркүйекте құрылған. 2007 жылғы 25 қаңтарда тіркелді. Партия мүшелерінің саны – 140 мың адам. Партия барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында өзінің бөлімшелерін ашқан. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы өз алдына демократиялық, құқықтық әлеуметтік мемлекет қалыптастыру, инновациялық экономика құру, жаңа гуманитарлық саясатты жүзеге асыру міндеттерін қояды. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы
Асар» партиясы.
Партия көшбасшысы: «Хабар Агенттігі» ЖАҚ басшылар кеңесінің төрайымы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты – Дариға Назарбаева. Негізгі мақсаты – дамыған азаматтық қоғамдық институттары бар экономикасы мықты, демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру. Партияның саясаты Елбасының жүргізген реформаларын қолдауды негізге ала отырып жүзеге асырылады. Партия «Қазақстан-2030» Стратегиясының шынайы екендігін мойындайды және аталмыш бағдарламаны қолдайтынын жариялайды. Саяси ортада «Асар» өзін орталықшыл мәтіндегі партия деп біледі, және егер өз мүдделеріне қажет болса, партия басшылықпен, басқа да партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен іскерлік қарым-қатынас орнатуға дайын.