Сәлеметсіздер ме? Біз сіздермен Химия пәнімен танысуды ары қарай жалғастырамыз.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Элемент, қоспа және қосылыс.
Зертханалық жұмыс №1 «Заттардың қоспалары мен олардың қосылыстарын салыстыру»
Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің: - элементі (жай зат) бірдей атомдардың жиынтығы ретінде түсіну;
-таза заттар атомдардың немесе молекулалардың бір түрінен түзілетінін білу;
Сенің меңгеретінің: -элемент (жай зат), қоспа және қосылыс түсініктерін ажырата алу;
-қосылыстардың және элементтердің физикалық қасиеттері туралы алған білімдерін қоспа құрамындағы таныс емес заттарды ажыратуға қолдана алу.
Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында келесі тапсырманы орындаймыз.
Берілген заттарды қауіптілік таңбаларымен сәйкестендір:
Сүт, ауа “таза зат” па?
Неліктен әр қалада сабынды су әр түрлі көпіреді?
Неге құмның түсі әр түрлі?
Тұман ағзаға зиян ба?
Осы және басқада сұрақтардың жауабын химия пәні береді, яғни бүгінгі тақырыптан біле аламыз.
Табиғатта заттар таза күйінде көп кездеспейді. Табиғи заттардың кейбіреулері көптеген заттардың қоспаларынан тұрады. Ерітінділер, құймалар, ауа т.б. қоспаларға жатады. Қоспалардың құрамы тұрақты емес. Олар әртүрлі қатынастағы түрлі заттардан тұрады. Қоспада әр зат өзінің қасиетін сақтайды.
Ауа газдар қоспасы. Оның құрамында азот, оттек, көмірқышқыл газы және инертті газдар кездеседі. Теңіз суы - әртүрлі тұздардың сулы ерітіндісі. Түссіз кварцтан тұратын құмның түсі оның құрамына кіретін қоспаларға байланысты әр түрлі болады. Кран суының дәмі әр қалада әр түрлі, бір қалада сабын оңай көпірсе, басқа қалада сабын көпіршуі қиын, бұның себебі кальций және магний әр түрлі металл тұздарынан құралған судың қаттылығы, демек кран суында таза судан басқа CaCO3, CaCl2, MgCO3 және бірнеше металл тұздары бар. Сүтте таза заттар қатарына жатпайды. Оның құрамына су, кальций, фосфор, ақуыз және май кездеседі.
Тазалығына жоғары талап қойылатын дәрілік заттарда да елеусіз мөлшерде басқа заттардың қоспалары кездеседі. Бірақ онда қоспалардың мөлшері аз болғандықтан, біздің ағзамызға әсер етпейді.
Зат деген не?
Таза зат деп нені айтамыз?
Қоспа деп нені айтамыз?
Бейне-баян “Зат және оның қасиеттері”
Бейне баян «Қоспаларжәнеолардыңқұрамы»
Массасы бар және белгілі бір көлемге ие материя зат деп аталады. Заттар екі негізгі топқа бөлінеді: таза заттар және қоспалар.