Ана-аналармен жұмыс тақырыбы:Кітап-рухани байлықтың қайнар көзі
Жұмыстың мақсаты: Кітап-біздің рухани байлығымыз,жан азығымыз.
Кітап неге оқылмайды?деген сұраққа жауап іздеу.
Көрнекілік: Слайдтар, кітап туралы нақыл сөздер,ақын-жазушылардың
Тәрбие сағатының барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Негізгі бөлім
Кітап арабтың “жазу”деген сөзінен шыққан.Ол тарих шежіресі,оқу тәрбие құралы болып табылады.”Оқымасан ой тоқырайды”деген сөз кітап оқымағанның ойы таяз,санасы төмен,өмірі қараңғы болатыны дәлелдейді.
«Кітап атаулы досы бола бастаған шақтан былай ғана, әрбір жан өзін интеллегент бола бастадым деп санауына болады» деген Мұхтар Әуезовтың сөзімен келіспейтін жан бола қоймас.Шынымен де, кітап арқылы адамзат ақыл-ойының, інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Кітап-барлық білімдердің басын бір жерге тоғыстырып, кез-келген сәтте көмекке келетін ерен күш, әрі білімді жетілдіріп, жан-жақты ізденіп, тіл байлығын дамытып, саналы да, білімді адам шығаруда тап-тырмайтын баға жетпес дүние.
«Кітапсыз өтілген бір күн, орны толмай бос кеткен күн». Сондықтан да кітап атаулы мен дос бола бастау сәби шақтан басталу керек.Баланың ой - өрісін дамытудағы дамыту ойын-дары, табиғатпен байланыс, музыкалық білім және т. б. қатар маңызды орындардың бірі кітап оқу болып табылады. Кітап оқу баланың ой-өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілетін, есте сақтауын, қиялын дамытады, танымдық және дамытушылық қызметін анықтайды.
Бүгін біз «байлықтың үлкені - рухани дүние» деп айтамыз. Ал, оған құмарлық адамның кіп -кішкене кезінен басталады. Сәби тілі былдыр-лап шыққаннан ақ сүтін емізген анасының әлди әуеніне құлақ түреді. Әжесі мен атасының жарыса айтқан ертегілерін қызыға тыңдайды. Жалмауыз кемпірдің жауыздығын естігенде жәудіреген жанарларына үрей ұялайды. Батырлық пен тапқырлық туралы айтылатын жерлерінде жаны жадырап, рақаттанып отырады. Осы құштарлықты әдемі безендірілген суретті кітапшалар ұштай түсетінін де үлкендер жақсы біледі. Ал кітап таңдай алудың өзі үлкен өнер. Балалар үшін барлық іс - кітаптар таңдауда, нашар таңдап алынған кітаптарды оқу бала үшін ештеңе оқымағаннан да гөрі жаман да, зиянды. . .
Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир.
Өкінішке орай көркем әдебиетке деген өз бетімен балалардың қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғаламтоды , компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз. Бұдан соңғы себеп, аттаған әр қадамыңыз ақша керек болатын күнделікті тіршілік қамы адамдардың кітапқа деген ынтасын төмендетіп жіберетіндігі. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді. Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден қоюымыз да тегін емес. Мақсатымыз – кітап неге оқылмайды деген сауалдың жауабын жан – жақты іздеу.
Қазақ балаларын қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп табу. Кітапқа деген баланың қызығушылығын арттыру. Менің ойымша қазіргі кезде оқырман баланың қызығушылығын арттыру үшін «балабақша - мектеп – кітапхана – мұғалім – ата – ана» деген ара – жігі ажырамайтын схемамен жұмыс жасау қажет. Бала балабақша табалдырығын аттаған күннен бастап кітаптың құдіретін ұғындыру. Жыртпауға, сызбауға, боямауға үйрету. Бірінші сыныпта өзінің алғаш бастап оқыған пән оқулығы туралы мағлұмат беру. Кітапханаға деген дұрыс көзқарасы қалыптасып өседі, кітапты ұқыптап ұстауына, уақытында алған кітапты қайтаруына, кітпаханашы маманыдығына деген үстірт ой, жаңсақ мінез қалыптаспауына болысады.
Сыныптың білім сапасы жоғарылайды, жолдастық сезімі оянады. Ата – ана жауапкершлігі артады. Қорытынды шығарылып «Кім көп кітап оқыды?», «Кім жылдам?» деген сайстар өткізу. Сайыста зейінді, жылдам, оқымысты, мәнерлеп оқитын, сауатты оқушыны аңғарып мадақтау. Басқа оқырмандар да соған ұқсау , не жаңаны ойлап табуы қалыптасады.
Кітап оқымайды деп байбалам салғанша жан – жақты болып қызмет жасауымыз керек. Оқырман мен кітап оқушы қоғамды қалыптастыру ата – ана, мектеп, кітапханашы қызметі жоғары дәрежеде болуы керек. Әрине сауалдар мен себептер көп. Одан қалды түрлі сылтауға кезігеді екенбіз. Ал ол себептердің ар жағынан әдеби кітаптың оқылуы үшін кім қандай күш жұмсауы тиіс деген қисынды сауал туады.
Достарыңызбен бөлісу: |