Внутривузовская студенческая



Pdf көрінісі
бет25/111
Дата10.11.2023
өлшемі1,56 Mb.
#190841
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   111
Байланысты:
sbornik-26.02.2020

оқытушысы
 
 
«Семей медицина университеті» КеАҚ
 
Зерттеу жұмысының өзектілігі
. Адам популяциясында сомалық аурулармен 
қатар, көптеген тұқым қуалайтын аурулар жиі кездеседі. Тұқым қуалайтын аурулар 
тобынан, әсіресе, полигенді (мультифакторлы) аурулардың кездесу жиілігі аса 
жоғары. Популяцияда орта және одан жоғары жастағы адамдар арасында болатын 
өлімнің негізгі себебі полигенді (мультифакторлы) аурулар есебінде.
Зерттеу жұмысының мақсаты.
Орта және одан жоғары жастағы адамдар 
популяциясында кең таралған және жиі жағдайда өлімге әкелетін полигенді 
(мультифакторлы) аурулардың түрлерін анықтау.
Зерттеу материалдары мен әдістері. 
Полигенді (мультифакторлы) аурулар 
тұқым қуалауға бейімділігі бар және қоршаған ортаның зиянды факторларының 
әсерінен жарыққа шығатын аурулар тобы. Әдетте, адам жасы ұлғайған сайын 
полигенді аурулардың кездесу жиілігі артады. Мысалы, балалар арасында кездесу 
жилігі 10 % болса, ал егде жастағы адамдар арасында кездесу жиілігі 
– 
30 %. 
Сондықтан полигенді (мультифакторлы) ауруларды «орта жастағы аурулар» деп те 
атайды. Оларға гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, атеросклероз, қант диабеті, 
асқазан жарасы, псориаз, қатерлі ісік түрлері, эпилепсия, шизофрения бронх 
демікпесі және т.б. аурулар жатады. 
Әртүрлі
популяцияларда полигенді аурулардың таралу жиілігі де әртүрлі, 
себебі ортаның зиянды факторлары барлық жағдайда бірдей әсер ете бермейді, әрі 
жеке адамның жынысы, жасы, еңбек ету ерекшелігі, тамақтану дәстүрі, дене 
жаттығуларымен айналысуы, зиянды әдеттерінің болуы, күйзеліске түсу, мекен ету 
ортасындағы экологиялық жағдай және т.б. көптеген факторлардың әсерімен 
анықталады.
Әлеуметтік
медициналық сақтандыру Қорының баспасөз қызметінің 
деректері бойынша Қазақстан Республикасында 2018 жылы 19,3 мың адам қайтыс 
болған, оның 7,4 мыңы еңбекке жарамды адамдар. Денсаулық сақтау саласының 
сарапшылары өлімге әкелген негізгі 5 себепті немесе киллер
-
ауруларды анықтайды: 
қан айналу жүйесінің аурулары 
– 
9,7
мың өлім; асқорыту жүйесінің аурулары 
– 
2,8 
мың өлім; оқыс оқиғалар; жарақаттар, улану 
– 
2,7 мың өлім; онкологиялық аурулар 
– 
2 мың өлім; тыныс алу жүйесінің аурулары 
– 
1,9 мың өлім. Статистикалық деректер 
бойынша науқас адамдар емханалар мен ауруханаларға созылмалы аурулары 
асқынып, тек күрделі ем қажет болған жағдайда ғана жүгінеді. 
Полигенді (мультифакторлы) аурулардың алдын алу, яғни популяцияда 
кездесу жиілігін азайту мақсатында мемлекет және мамандар тарапынан скринингтік 
зерттеулер өткізу, баспасөз
құралдары арқылы ақпараттандыру 
жұмыстарын жүргізу іс
-
шаралары тұрақты түрде өтеді, бырақ халық арасында 
денсаулыққа жауапкершілікпен қарайтын адамдар да болғандықтан, уақытында 
скринингтік зерттеулерден өтпегендіктен, мультифакторлы аурулар асқынған күйге 
дейін өтіп, тіпті орта жас шамасында өлімге әкелу жағдайлары жиілеп отыр.


21 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет