Созылмалы пульпиттің өршуі+
Созылмалы гангренозды пульпит
Жедел іріңді пульпит
Жедел серозды пульпит
128. 17 жастағы бозбала ауыз қуысындағы ауырсынуға шағымданады. Науқастың айтуы бойынша тіс дәрігеріне белгісіз ерінтінді кездейсоқ жұтып қойғанына байланысты емделген. Қарау кезінде: ісінген ауыз қуысының гиперемирленген шырышты қабығының аясында ақ түсті тығыз қабық түріндегі коагуляциялық некроз байқалады. Аталған болжама диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
Созылмалы механикалық жарақат
Қышқылдық жарақат+
Сәулелік зақымданулар
Сілтілік жарақат
Контактілі аллергиялық стоматит
129. 35 жастағы ер адам маңдайында ауыратын және қанталап тұрған жарақатқа шағымданып келді. Баспалдақтан 1 сағат бұрын құлап, тұрмыстық жарақат алған, есін жоғалтпаған. Обьективті: жағдайы орташа ауырлықта, тері жамылғысы бозғылт. Маңдай аймағының оң жағында ұзындығы 4,0 см сызықтық көлденең жара, жараның тереңдігі жұмсақ тіндер көлемінде, жараның түбі-маңдай сүйектің сүйек қабығы. Жараның шеттері тегіс емес, жара аздап қанап, үңірейіп тұр. Қасүсті аймақтың, жоғарғы қабақтың жұмсақ тіндері ісінген, тері түсі қызғылт-көкшіл түсті. Аталған болжама диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
Жаншылған жарақат
Кесілген жара
Шабылған жара
Оқ тиген жара
Достарыңызбен бөлісу: |