WEB КЕҢІСТІГІНДЕГІ ЖАСТАР ТІЛІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жанғазы Ақиқат - 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) С.А.Жиренов
Қазіргі қоғам – жаңа ақпараттық технологиялардың қоғамы және XXI ғасырдың бұл ағымы - қоғам дамуының жаңа дәрежесіне жеткізді. Ақпарат алмасу, қарым-қатынас орнату, жұмыс іздеу, білім алу мүмкіндігі және тағы басқа іс-әрекеттер шынайы әлемге қарағанда виртуалды әлемде жүзеге асатын болды. Интернет жастардың ең сенімді құралдардың біріне айналды. Қазірдің өзінде әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет тілдесуден гөрі, интернет арқылы, дәлірек айтқанда, әлеуметтік желі арқылы «әңгімелеседі».
Ал сіз интернетте ұзақ отырғанды жақсы көресіз бе? Таңертең тұра салысымен ноутбугіңізді қосып поштаңызды тексеремісіз? Бұл сұраққа Назарбаев Университет және басқа оқыту мекеме студенттері ойланбастан "ия" деп жауап береді. Себебі, студенттердің әлеуметтік өмір жаңалықтары ғаламтор арқылы жүзеге асады. Күн сайын жастардың жүзбе-жүз сөйлесуі азайып, әлеуметтік жүйе қолданысы, керісінше, артып келеді. Ғаламтор жүйесінінң дамуына 10 жыл ғана болса да, қазірдің өзінде ғаламтор қолданбайтын жастарды табу қиын.
Бүгінгі күні Интернет немесе жаһандық желі тек ақпаратты (мәліметті) жеткізу құралы ғана емес, сондай-ақ дүние әлеміндегі адамның бағыт-бағдарын айқындап отыратын маңызды құралдардың бірі болып саналады. Адам желі арқылы пайдалы ақпараттарды аша алады, өмірлік серігін, саяхатқа шығатын жолсерігін табады, ұтымды сатып алу, сату әрекеттері болады, жұмыс жасап пайда табады, әскери келіміс-шарт жасайды, әйгілі немесе танымал болады, қызығушылық мүдделері ортақ жандармен сұхбаттаса алады т.б. Адамның осылайша желілер әлеміне еніп, ықпалдасуы, тікелей қатыстылығы әртүрлі білім саласындағы зерттеушілердің қызығушылығын оятпай қоймады.
Жалпы Интернет дегеніміз – компютерлік желілердің ақпарат алмасуға арналған бүкіләлемдік қауымдастығы, бір-бірімен телекомуникация арналары (телефон, радио, жасанды жер серігі көмегімен байланыс) арқылы мәлімет алмасатын әртүрлі аймақтағы компьютерлік желілердің біріктірілген тарабы интернет деп аталады.
Тілімізге әрқашан болатын әртүрлі құбылыстар алдымен ауызекі тіл негізінде танылады, себебі ол қоғаммен, әлеуметтік өмірмен тығыз байланысты. Сондай-ақ жазбаша сөздің және ауызекі тілдің ара қатынасын анықтау, яғни тіл мен сөйлеудің өзара қарым-қатынасын, айырым тұстарын анықтау сынды көптеген проблемаларды сөз етуге болады. Осындай мәселелердің бірі «интернет тілі» проблемасы.
Қарым-қатынас түрлері. Интернет қарым-қатынас жүйесіндегі сөйлеу тілінің орны
Сөйлеу тілінің анықтамасы қарым-қатынас категориясы тұрғысынан сипатталады. Қарым-қатынас категориясын қоғамдағы субъектілердің (кластар, топтар және тұлғалар) іс-әрекетімен байланысының мықтап орын алыуымен түсіндіруге болады, қоғамдағы субъектілердің қызметінің, тәжірибесінің, қабілетінің, ақпараттың, білімділігінің және іс-әрекеттің нәтижесінің алмаса қолданылуы; тұлғаның және дамуы мен қалыптасуы тікелей жалпы қоғамдағы керекті жағдаяттарға байланысты. Ауызша және жазба категориялары болмаса қарым-қатынас жүйесі толық іске аспайды. Осыған байланысты қарым-қатынас жүйесін екіге бөліп қарастыруға болады. Бірінші қарым-қатынас типі – контактілі, екіншісі – дистантілі. Бұл қарым-қатынас түрлерінің өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылықтары бар. Айталық, контактілі қатынаста сөйлеушілер тікелей уақыт режімінде байланысады, сөйлеуші мен тыңдаушы өзара ым, ираша, интонация арқылы да түсінесе береді. Ал дистантілі қатынаста сөйлеушілер қатар тұрмайды, олардың арасында белгілі бір кеңістік болуы мүмкін.
Контактілі қарым-қатынас және ауызша сөз. Қарым-қатынастың бұл түрі күнделікті өмірде жиі қолданылады. Коммуникация тікелей болғандықтан мұнда ең алдымен ауызекі тіл қолданылып, бейвербалды амалдар, яғни мимика, ым, ишаралар сөзбен теңдей дәрежеде молынан пайдаланылады. Мысалы, бас изу – белгілі бір нәрсемен келісуді білдірсе, таңғалу – иығын көтеріп, ауызын ашуды білдіреді т.б. Күнделікті өмірде мұндай бейвербалды амалдарды көптеп кездестіреміз. Көз контактісі – дегеніміз коммуниканттың бір-біріне деген көзқарасы, олардың ішкі жай-күйінің жағдайы. Мысалы, көзін ары-бері жүгіртіп сөйлеу – коммуниканттың өзіне деген сенімсіздігін көрсетеді. Осыған байланысты лингвист Л.П. Буева былай дейді: «личный контакт обладает большой силой эмоционального воздействия, внушения, в нем непосредственно действует социально-психологический «механизм» заражения и подражения» [1].
Контактілі қатынас интернет желісінде дәстүрдегіден өзгеше. Желі коммуникациясында контактілі қарым-қатынас техниканың көмегімен іске асады. Яғни веб-камера арқылы екі коммуникант тікелей уақыт режімінде сөйлесе алады. Сондықтан біз электронды коммуникацияны да контактілі қарым-қатынас түріне жатқызамыз.
Дистантілі қарым-қатынас және жазба сөз. Қарым-қатынастың бұл түрі Уақыт пен Кеңістікке тікелей байланысты. Коммуникант Уақыт пен Кеңістік факторынан едәуір алшақ болады. Сондықтан комуникацияның бұл түрі көбінесе жазбаша формада іске асады. Е.А. Земская өз сөзінде былай дейді: «Письменная речь – речь, изображенная на бумаге (или какой-либо другой поверхности: пергаменте, бересте, камне, полотне и т.п.) с помощью специальных графических знаков (знаков письменности), предназначенных для изображения звуков речи» [2].
Ғалымның бұл пікіріне қосыла отырып, жазба тіл – адамзат дамуына, өсуіне ерекше ықпал етеді және оның өзіндік жүйесі бар екенін айтқымыз келеді. Жалпы жазба тілдің ең кіші единицасы – әріп болса, ауызша сөздің ең кіші единицасы – дыбыс. Қарым-қатынастың дистантілі түрі адамзаттың рухани өсуіне мүмкіндік береді. А.В. Арциховский жазба сөздің қызметін көрсете отырып, өз сөзінде былай дейді: «оно имеет большое значение для обогащения всей системы отношений личтости с миром, разрывает рамки непосредственного окружения, делает индивида причастным ко всем событиям мира, к разным поколениям, странам, эпохам»[3].
Желі коммуникациясында аталып көрсетілген қарым-қатынас формалары техниканың сан қырлы мүмкіндіктеріне байланысты ерекше жүйеге айналу үстінде. Әсіресе тілдің тұрмыстану формасының Интернет көмегімен жасалған қарым-қатынас кезіндегі көрінісі ерекше назар аудартады, себебі, коммуниканттардың барлық репликасы (сөздері) графикалық формада тіркеліп қалады, яғни «жазылады». Интернеттегі локалды желі арқылы таралатын интернеттің мына жанрлары адамдар арасында жиі қолданылады: 1. Чат-коммуникация; 2. Форум-коммуникация; 3. Электронды пошта-коммуникация; Бұдан басқа интернетте мынадай қосалқы коммуникация түрлері бар: блогтар, уики-жобалар (Уикипедия, уикибілім), интернет-дүкен, интернет-аукцион, электронды почта, жаңалықтар топтамасы (негізінен, Usenet), файл-алмасу желілері, интернет-радио, интернет-теледидар, IP-телефония, мессенджерлер, FTP-серверлер, іздеу жүйелері, интернет-жарнама, төлеу жүйелері т.б.
Бұл коммуникация түрлеріне тоқталмай-ақ жоғарыда аталып көрсетілген локалды желі ішіндегі чат, форум және электронды поштадағы қарым-қатынас әрекеттеріне ерекше тоқталуға болады.
Чат (chat – сөйлесу) – интернетті пайдаланушылардың бір-бірімен нақты уақыт режимінде («online» – ағылшын тілінен аударғанда «желі бойында», «байланыста» деген мағынаны білдіреді) сөйлесуіне мүмкіндік береді. Желіде нақтылы уақытта, яғни интерактивті сұхбаттасу.
Чат – Интернет жүйесіндегі қарым-қатынас жасасудың спецификалық формасы болғандықтан, мұндағы хабарлар көбінесе СМС (SMS) түрінде қысқаша формада жазылады. Хабарлардың ұялы телефондағы СМС-тен айырмашылығы тек Интернет жүйесі арқылы тарайтындығында. Чат арқылы хабарласу уақыт кеңістігі арқылы жүзеге асады. Яғни қарым-қатынас сол мезетте іске асып, бұған екі не одан да көп коммуникант қатыса алады. Коммуниканттар әртүрлі тақырыптарға байланысты пікір алмаса отырып, басқа да коммуниканттармен қарым-қатынасқа түсуге толық мүмкіндігі боладыЧатта диалогтық және полилогтық мәтіндер көптеп кездеседі. Жалпы чат-коммуникацияны былайша бөлуге болады:
танысу чаты;
төлемдерді қабылдау және жіберу чаты;
әртүрлі ойындар чаты
қарапайым сөйлесу чаты т.б.
Бірінші топтағы чат жүйесі көбінесе екі коммуникантқа арналады. Коммуниканттар о н л а й н режімінде бірімен-бірі танысып, пікір алысады. Ал екінші және үшінші чаттарда коммуникация көбіне монотиптік және политиптік түрде болады. Чат-коммуникациясында белгілі бір қарым-қатынасты жеделдету үшін сөздердің графикалық қысқартылған нұсқалары жиі қолданылады. Сөздердің графикалық формасы коммуникантқа дыбыстық формасы жағынан жақын келеді де көбінесе сөздің транскрипциясы сияқты елестетеді. Мысалы: см – сәлем, «сб – сау бол, қс – қалайсың, инет – интернет т.б. Осындай формалар жедел хабарласу жанрында (мысалы, ІСQ) қатынас жасау барысында жиі қолданылады. Интернетпен қатынас жасау кезінде байланыс арнасы коммуникант жасаған мәтіндерді жазбаша жазып алуға мүмкіндік береді. Әдетте сөйлеу кезінде әр саланың мамандары арасындағы қарым-қатынас әртүрлі болады. Мысалы, филолог маман және маман еместің арасындағы тілдік коммуникация өз деңгейіне жетпей, белгілі бір шегінде тоқтап қалады. Яғни коммуникация толық жүзеге аса алмайды. Себебі әр сала мамандарының өз термині мен сөйлеу жүйесіндегі ұстанымдары болады. Осы тәрізді жайттарды екінші коммуникант білмесе қарым-қатынас толық болмайды. Сондықтан интернеттегі форум-коммуникацияны әр сала мамандары үшін жасалған пікірталас орталығы деп айтса да болады. Мұнда белгілі бір коммуникант өз саласы жөнінде екінші коммуникантпен сөйлесіп, өз ойы мен пікірін ортаға салып, қарым-қатынас жасай алады [4].
Тақырыптың бастамасы: «Жаңадан шыққан қазақша майл ру агент». Ж.: Менде қазір сондай тур. Айтатыным бытшыт! Көп сөздерінің мәні жоқ. Маған ұнамайды. Нағыз қазақ тілін білмейтін шала қазақтар жасаған ғой. К.: Жоқ, аудармасы әжептәуір, кейбір қателер бар, әрине, оның бері жағында Windowsтың өзінде адамның күлкісін келтіретін қателер бар, бұл кешірімді. Д.: Бір қызығы, қосылғанда «Қотарылуда» деп тұрады ғой (Смайлик «күліп тұрған») нені қотарып жатыр? (Смайлик күліп тұрған). Түсініксіз.... Ол сөзді Майлагенттен ғана көрдім (Смайлик күліп тұрған). К.: Мен бұл сөзді көрмеппін ғой, қайда тур ол? (Смайлик күліп тұрған) Д.: Қосылып жатқанда тұрады (Смайлик) Қосылғанда күтіп отырсаңыз шығады. Орысша «ожидается» дегеннің аудармасы болу керек (смайлик) К.: аааааааа, қызық екен, менде қосылу деп жүктеледі. Бұл интернет қуатын болды. Ии ........әйтеуір.
Электрондық пошта Интернеттің танымал қызметтерінің бірі. Желі тұтынушылары арасында мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі. Ол арнайы пошта программалары көмегімен жүзеге асырылады, мысал ретінде, Outlook Express программасын атауға болады. Оның көмегімен санаулы минуттар ішінде коммуниканттар хабарды жеткізе алады. Ол үшін пернетақтадан тиісті хабар мәтінін теріп, белгілі бір коммуникантқа (адресантқа) жіберу басты мәндет ретінде саналады. Жалпы электронды поштадағы қарым-қатынас жүйесі ауызекі сөйлеу тілімен өте ұқсас болып келеді. Жалпы интернет – коммуникациядағы жазба және ауызша сөздің (интонация, тон) паралингвистикалық құралдардың (сурет, фотосурет, шрифт, түс, графикалық символдар (смайликтер) және т.б.) жазбаша сипатына қарай бейімделуін көрсетеді. Сондықтан ауызша сөйлеуде қолданылатын паралингвистикалық құралдар мұнда қолданылмайды. Интернетте әріптер, сандар және тыныс белгілер паралингвистикалық амалдарды толық атқарады деп айтуға болады. Интернет тілінде бұлар смайлик немесе эмотикон деп те аталады.
Желі коммуникациясындағы негізгі смайл белгілер. Желі коммуни-кациясында қолданылатын смайликтердің (латын тілінен алғанда smaile – күлкілі езу; смайликтерді ең алғаш 1982 жылы Скот Фарман деген адам ойлап тапқан) немесе эмотикондардың болуы интернеттің ерекше өзіндік бір жүйе екенін дәлелдей түседі. Смайлик– дәстүрлі жазбадағы пунктуациялық әріптер мен цифрлардан құралған графикалық белгілер. Қазіргі таңда көптеген желі ресурстарында мәтін хабарламаларын сурет-бейнелермен толықтыру кеңінен қолға алынуда.
Жалпы алғанда қазіргі интернет жүйесіндегі таңбаларды былайша бөліп көрсетуге болады:
Қазақ интернет жүйесінде негізінен мыналар қолданылады:
:) (қос нүкте және жабық жақшадан тұратын смайлик) – күлкілі езуді білдіреді.
:( (қос нүкте және ашық жақшадан тұратын смайлик) – қайғыру, мұңдануды білдіреді.
:-( (қос нүкте, сызықша және жабық жақшадан тұратын смайлик) – ренжу, ызалану сезімін білдіреді;
;) (нүктелі үтір мен жабық жақшадан тұратын смайлик) – қу немесе сарказмдық мінезді білдіреді. Кейде ол контекс ыңғайына қарай күлкіні де бейнелейді;
:-/ (қос нүкте, сызықша және қисық сызық) – мысқылдау немесе сарказм үшін қолданылады;
;-) (нүктелі үтір, сызықша және жабық жақшадан тұратын смайлик) – жартылай көңілденуді білдіреді;
:-# (қос нүкте, сызықша және торша) – айтуға болмайтын құпия нәрсе;
:-* (қос нүкте, сызықша және жұлдызша) – бетті сүю;
:'-( (қос нүкте, сызық, сызықша, жабық жақша) – жылау;
:-/ (қос нүкте, сызықша, қысық сызық) – мырс ету;
:-│ (қос нүкте, сызықша, түзу сызық) – ерінді қысу;
:*) (қос нүкте, жұлдызша және жабық жақша) – мұрынның қызаруы;
}:-) (жабық фигуралы жақша, қос нүкте, сызықша және жабық жақша) – қасты жыбырлату;
│):-) (сызық, жабық жақша, қос нүкте, сызықша және жабық жақша) – милиционер;
[:-│ – (жабық тік жақша, қос нүкте, сызықша және сызық) – франкештейн
>:-) (жабық фигуралы жақша, қос нүкте, сызықша және жабық жақша) – панк (жастардың шаш қою формасы);
~:-) (ирелең, қос нүкте, сызықша және жабық жақша) – панк;
^ ¬¬¬¬– ^ – жапондық күлкі;
\¬¬–/> – кружка;
││> – төртбұрышты кружка;
( )> – дөңгелек кружка.
Бұл белгілер вербалды хабардың мән-мағынасын толықтырумен бірге, қосымша ақпарат береді, жазуды үнемдеу үшін немесе айтуға болмайтын сөз орнына қолданылады. Смайликтердің арнайы қолданылу орны болмайды. Интернетте мұндай смайликтерді қолдану интернет тілін одан әрі қызықты қылып әрі хабар алмасуды жетелдететіні сөзсіз. Бір жағынан смайликтер аббревеатуралардың да қызметін атқарып отырады. Жоғарыда біз қазақ интернет желісінде көп пайдаланылатын эмотикондарды көрсеттік. Ал қазақ интернет жүйесінде өте аз кездесетін смайликтер де бар. Олар негізінен әріп, сан қосындыларымен және тыныс белгілерінің қосындысымен берілетін смайликтер:
Әріп қосындысымен берілетін смайлдар
: І көңіл-күйі жоқ
:Q темекі тарту
І І ұйықтау
:-F сынық тісі бар адам (вампир)
: О қатты сөйлеу
:* бетінен сүю
: D күлу, мәз болу
І 0 есінеу
:-Х (айтуға болмайды, құпия)
:-І вампир
:-* ащы бір нәрсену жеу
: @ ыңырсу, ұлу
U> кружка
:-P тілін көрсету
Ж-І сараңдану
(В-І) танкідегі сияқты көзілдірік киіп алу
:-О таң қалу
Сандардың қосындысымен берілетін смайлдар
: э ойлану
:-7 жиеркену
]:=8 сиыр
8-) Көзілдірікпен күлу
>-=>>>>>>8> Көзі дәу балық (Вобла)
=)))))8) өлшемдік белгі
^0=0- Формула-1
% ) шексіз бақытты болу
Бұл графикалық қосындылар коммуниканттардың мәтінді жазып қатынас жасауындағы жылдамдықты жеделдету үшін, жазбаша тіл мен ауызша тілдің жылдамдығын теңестіру мақсатында қолданылады. Интернет тіліндегі көп нүкте, нүкте, үтір немесе көп үтір, қос нүкте тәрізді белгілер спецификалық семантикаға, яғни әртүрлі пунктуациялық белгілер мәтін ішінде белгілі бір мағынаны белдіріп, коммуниканттың ойын одан әрі әсерлі етумен көмектеседі. Интернет коммуникация жанрында әсіресе электронды пошта коммуникацияда бұл тәрізді белгілер барынша мол қолданылады. Мұны біз электронды поштадағы көптеген коммуниканттардың арасындағы мына бір полилог мәтінінен көреміз
А.: Ух ты Гадок, фото супер! Класс....═))
RAHMEEEEEEEEET!!!!!!!!!!!!!!! RAHMEТ, KRASAVITSIA!!!!!!!!!!!!!
Л.: +5! Эффектно шыққан. – Nan RAHMEt ozindei karindasi bar Bizder bakittimiz.
Ы.: tipa jyldyzdargo С.: Почему типа жулдыздар? Есин дурис емес, шын жулдыздар. гламурно гой
А.: Алга, алга казак жигиттери! С.: Адай Жанай Алга!!! Д.: ее ne Adai lardi bolip otsin jdanda birge jyreik Ж.: ай надандар-ау! НЕ ол ру деген? Ислам дінінде вооообще жок ко! bargo kazir ol joiip bara jatir? nege jok RU atasyn bilmegen nadango келисип турсындар мамбеттер. Хахахаха
Б.: ═).. Рахмет! Ф.: ))))))))))))))) Н.: Рахмет))!!!! Ой друзья гулдер баринен адеми – Болишщоооооооооооооооойййййй рахмет саган! С.: ^ ) О.: Ой кандай керемет!)))) Л.: mashALLAH prosto Super! Т.: Тема
Берілген мысалдарда адресаттың немесе адресанттың интонациясы да байқалады. Проф. З.Базарбаева интонацияның негізгі компоненттеріне әуенді, қарқынды, ұзақтылықты, паузаны, интенсивтілікті және тембрді жатқызады. Бұлар тіл білімінде просодикалық тәсілдер деп те аталады. Сөйлеу кезінде бұл аталған просодикалық компоненттер бір-бірімен тығыз байланыста болып, коммуниканттың мақсатын аңғартып отырады. Интернетте аталған компоненттер шама-шарқынша бейвербалды таңбалар арқылы көрініс береді. Интернетте дауыс модулінің көтеріңкі сарында айтылып тұрғандығын бас әріп және жұлдызша атқарады. Мысалы, Салам )* өзің ойланшы – сен туралы жақсы айтуға бола ма, жоқ АЙКА туралы ма*))))))) ӘРИНЕ ЖОҚ- бір нәрсе «ЖАҚСЫ!!!!!!*». сені сағындық)* сүйдім)* . Ал сөздер тек бас әріп таңбасы арқылы берілсе, онда сөйлесушінің эмоциясы көтеріңкі екенін, яғни «жар салғанын» байқауға болады. Мәселен, бүтін сөйлем бас әріптермен берілсе, дауыс тоны көтерілген, бұйырған, сұраған, тінген реңкті байқатады. Мысалы, НЕГІЗІНЕН МЕН БӘРІҢДІ ЖАҚСЫ КӨРЕМ! ЖАСАН АДАМ БОЛСА ДА МЕН ОНЫ ДА ЖАҚСЫ КӨРЕМ! МЕН ОНЫ ТҮСІНЕМ! МАҒАН МАЙКЛ ҰНАЙДЫ!
Қазіргі қазақ медиа-мәтіннің прагматикасын зерттеп жүрген ғалым Қ.Есенова пунктуациялық белгілер мәтін ішінде өзіндік қызмет атқарады дей отырып былай дейді: «Көп нүктемен келетін тақырыпаттарды құрайтын сөздердің семантикалық айқындығы және көмескілігі жағынан 3-ке бөлінеді. А) сөздер тура мағынасында қолданылып, мақалада көтерілетін мәселе туралы нақты ақпарат береді, мұндай тақырыпаттарды эксплицитті сипаттағы тақырыпаттар деуге болады; ә) баяндалатын мәселе туралы жанама түрде хабарлайтын жартылай ақпараттық сипаттағы тақырыпаттар. б) тақырыпаттардың келесі тобын астарлы ойға құрылған, құрамындағы сөздердің семантикасынан мақалада көтерілген мәселе туралы, нақты мәлімет алу мүмкін емес, авто позициясы беймәлім болатын имплицитті сипаттағы тақырыпаттар құрайды»[5].
Сонымен интернет желісі – жазбаша формаға негізделсе де тілдегі интонация құбылысы мұнда әртүрлі тілдік емес элементтер арқылы беріліп отырады. Яғни жабылған жақша немесе жабылған көп жақшаның, көп нүктенің, леп белгісінің сансыз көп қойылуы коммуниканттың дайындаған сөйлеміне жан бітіріп қана қоймай‚ оның қарым-қатынастық қызметін күшейтеді. Олар сөйлемдегі ойды тиянақтайды, пікірді дәл түсінуге көмектеседі әрі тыңдаушының сезіміне әсер етеді. Сөйлеу процесінде адамның көңіл күйінің көтеріңкілігін немесе ренішін интернетте осындай тілдік емес белгілер атқарады.
Сондай-ақ О.Рогинскийдің пікірімен де келіспей қоюға болмайды. Оның ойынша, электронды хатқа тән байланыс арналарының, бірқатар техникалық өлшемдердің өзгеруі сол арқылы хат жіберудің аса жоғары жылдамдығының өзгеруі мынадай нәтижеге әкеліп тірейді: «нәтижесінде дауыстап жауап бересің (немесе жауап бермейсің), бірақ ол әрбір электронды хатта толық көрсетіле бермейді»[6].
Интернет-қатынасындағы орфография бұрмалануының ең соңғы формасы «албан тілі», яғни «креатифф», «эрративті тіл», «аффтар тілі», «падонкаф тілі», «превед тілі», «неограф тілі», «ОРФО-арт тілі» деп аталып жүр. Және олар желілік сленгтің ерекше түрін, яғни лексика қабатында өзінің «екінші рет өмірін» тапқан ерекшелікті танытады.Е.И.Галяшинаның «Проблемы дифференциации спонтанной и подготовленной речи» деген мақаласында дайындықпен және дайындықсыз сөйлеудің ерекшелігін, оның лингвистикалық белгілерін жүйелі түрде көрсетеді [7] Ғалым көрсеткен бұл белгілер, яғни ерекшеліктер веб-коммуникация жүйесінде де кездеседі Интернеттегі коммуникативтік орта (ресми емес сайттарда) көбінесе спонтандығымен, бірреттілігімен және жекелігімен ерекшеленеді. Желі коммуникациясының «жазба-ауызша» жанрында көптеген тілдік қайталаулар болады. Ауызша әдеби тіл түрлерінің адресаттың жеке, ұжымдық немесе бұқаралық сипаты арақатыстылығының принципі Мұнда ауызша сөйлеу (жеке адресат), ауызша ғылыми (ұжымдық адресат), ауызша бұқаралық сөйлеу тілі жеке субъектіге немесе ұжымдық адресатқа бағытталып отырады.
Интернеттегі графика мәселесі. Интернеттегі графика дәстүрлі түрдегіден айрықша болады. Вербалды графикалық веб-құрылымда латын және кирил әріптері қатар қолданылатын тұстары мол. Вербалды таңбалардан басқа интернетте акценттік, интонациялық, маркерлі навигациялар (әріп астын сызу, гиперсылкалар т.б.) жиі қолданылады. Мысалы, КЕШІКПЕ!!!!!!!!!! т.б. Интернетте латын және кирил әріптерінің қатар көрінуі бірнеше сатылардан тұрады.
Бірінші – қазақ сөздері латын әліпбиімен безендірілуі: Senimen soilespegeli min jil boldi goi.
Екінші – қазақ мәтінін беру үшін латын және кирил әріптерін қатар қолдану. Бұған басқа тілдердегі фрагмент мәтіндерді және латын транслитерациясы арқылы берілетін қазақ мәтіндерін жатқызуға болады. Мысалы, кирил және латын фрагменттері арқылы жасалған мынадай сөздер жиі қолданылады: SOOган бердің бе? Неге? ОйлаN? т.б.
Үшінші – кирил әліпбиімен безендірілуі, яғни қазақтың төл әріптерінің орнына орыс тіліндегі әріптерді қойып қолдану: Сен кимге барасын, олай истедин, мен магазинге сагат уште шыгам. Сен ше? Қазақ тіліндегі і, ғ, ү тәрізді төл графемалар түрленіп, орыс графикасындағы бар таңбалармен алмастырылған (і → и, ғ → г, ү → у).
Төртінші – қазақ тілі нормаларына сай өрнектелуі. Бұған арнайы тіркелген файлдарды жатқызуға болады. Интернетте әсіресе жарнама мәтіндерде, компьютер ойындарына берілетін нұсқаулықтарда, музыкалық каталогторда, яғни МР3-де латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі қызмет етеді. Ал қазақтың қ, ғ, ң, ә, і, ү, ұ тәрізді төл графемалары кейде тіпті қолданылмай жататын тұстары бар.
Көріп отырғанымыздай, қазақ тіліндегі интернет графика бірізді емес. Бірде қазақ әліпбиі қолданылса, бірде орыс немесе ағылшын әріптері пайдаланылған. Бұл құбылыстың да жастардың жазба тіліне кері әсерін тигізері анық.
Пайдаланылған әдебиеттер
Буева Л.П. Общение // Философский энциклопедический словарь/ Под. Ред. Л.Ф.Ильичева, П.Н.Федосеева, С.М.Ковалева, В.Г.Панова. М., 1983. С.447
Земская Е.А. Писменная речь// Русский язык: Энциклопедия/Под. Ред. Ф.П.Филина. М., 1979. С.205
Арциховский А.В.Борковский В.И. Новгородские грамоты на бересте. М., 1958. С.71(4)
Htts://kk.m.wikihedia.org. сайты
Медведев А. Диалог// Русский язык. М., 1967. С. 974.
Рогинский О. Устная публичная речь// Русский язык. М., 1994. С.362
Галяшина Е.И. Проблемы дифференциации спонтанной и подготовленной речи.
Достарыңызбен бөлісу: |