Бұл жоба үш мәселені шешуге бағытталғаны жөн.
1. Ақылымен, қолымен, дарынымен за¬манауи Қазақстанды жасап жатқан нақты адам¬дар-ды қоғамға таныту.
2. Оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал ету¬¬дің жаңа мультимедиалық алаңын қалып-тас¬тыру.
3. «100 жаңа есім» жобасының өңірлік нұсқасын жасау. Ел-жұрт ұлтымыздың алтын қорына енетін тұлғаларды білуге тиіс.
81. «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы Біртұтас Ұлт» атты кезекті ХХІV сессиясында қабылданған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің тарихи маңызын талдаңыз, құндылықтарын баяндаңыз.
26 сәуірде, Астанада, Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV кезекті сессиясы өтті.
Сессия жұмысына мың жарымнан аса де¬легат қатысты. Олардың қатарында Қа¬зақстан халқы Ассамблеясының барлық өңірлерден келген ардагерлері, респуб¬ли¬калық және өңірлік этномәдени бірлес¬тік¬тердің төрағалары, Қазақстан Респуб¬ли¬касы Парламентінің депутаттары, ор¬талық атқарушы органдардың, саяси пар¬тиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, жоғары оқу орындарының ректорлары, шет елдердің дипломатиялық миссиялары, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты. Сессияда қазақстандық өнер, ғылым қайраткерлері, шетелдік қонақтар, өңір¬лер¬-ден келген делегаттар, спортшылар, жұмысшы мамандықтарының, бюджеттік және жастар ұйымдарының, аза¬маттық қоғамның өкілдері және басқалар сөз сөйледі.
Сессия барысында Мемлекет басшысы ҚХА Кеңесінің мүшесі, «Беларусь мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Питаленко Леонид Николаевичті және ҚХА Кеңесінің мүшесі, Қазақстан өзбектері қоғамдық бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының құрметті төрағасы Халмурадов Розақұл Сатыбалдыұлын этномәдени бірлестіктерден Ассамблея Төрағасының орынбасары етіп тағайындау туралы өкімге қол қойды. Ассамблеяның XXIV сессиясының қорытындысы бойынша «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық актісі жария етілді. Сессия жұмысы туралы ҚХА-ның өңірдегі филиалдары өкілдерінің ой-пікірін білгіміз келіп, Қарағанды облысына хабарласқан едік…
«Мәңгілік Ел» идеясы біздің көне түркілік дүниетанымымызды, болмысымызды, көшпенділер өркениетінің негіздерін замана талабына сәйкес қайта жаңғыртудың, елімізді алдыңғы қатарлы қуатты мемлекеттер қатарына жеткізудің идеялық кепілі болып табылады. Нақтырақ айтқанда ол қазақ елінің жарқын болашағын білдіре отырып, Қазақстанның дамыған елдермен терезе теңестіруіне жол ашатын, халықты ортақ мақсат –мәңгілік ел болуға жұмылдыратын идея. «Мәңгілік Ел» – ұлттық бірлік пен бейбітшілікті, экономиканы нығайту,халықты әлеуметтік қорғау, ұлттық қауіпсіздік, мәдениеттің, тілдің дамуы, патриоттық, отаншылдық сезімнің күшеюі негізге алынатын Қазақстан жолының жаңа кезеңі.
Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні – мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті.Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының басты, негізгі іргетасы бірлік екенін ұмытпағанымыз абзал. Бірлік – ол елдің рухани бірлігі, халықтың мәдени, тілдік, ділдік, ақпараттық кеңістікке деген бірлігі. Қазақстандықтардың әлеуметтік, мәдени, рухани бірегейлігін дамыту ұлттық идеологияны дамытудың басты факторы болуы тиіс.
«Мәңгілік Ел» идеясы біздің мәңгілік халық, мәңгілік мемлекет болып қалуымызды қуаттайды, халқымыздың өз тамыр-тегін, ұлттық рухы мен өзіндік бірегей даму жолын сақтауға, әлем қауымдастығында өз рөлін айқындауға, тарихи-мәдени құндылықтарды мұқият сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге, адамгершілік бағдарды қалыптастыруға, дамытуға, қоғамның зияткерлік әлеуетін күшейтуге үндейді. Сондай-ақ «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жас ұрпақты өз отанына деген сүйіспеншілік пен патриотизмге, ұлттық салт-дәстүрге, руханият пен мәдениетке құрмет сезіміне тәрбиелеуді талап етеді. Сол себепті жас ұрпақты «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына тәрбиелеу бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі.
«Мәңгілік Ел» идеясы мәңгілік халық, мәңгілік мемлекет ретінде халқымыздың көп ғасырлық арман-мұратына, ел дамуының нақты нәтижелеріне негізделген. «Мәңгілік Елдің» жұмылдырушы күш-қуаты келесілерге негізделген:
Достарыңызбен бөлісу: |