1. Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз- жырлар


Ақтамберді жырау Сарыұлы (1675-1768)



бет28/163
Дата20.02.2023
өлшемі475,11 Kb.
#169474
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   163
Байланысты:
Көк кітап.
ТСИ БС, Сит. задача (1), есеп 3, Ашык сабак 8 сынып, 42 әріп
Ақтамберді жырау Сарыұлы (1675-1768)

  1. 1675-1768 жылдары өмір сүрген, әйгілі Бөгенбай батырға жыр арнаған жырау: (Ақтамберді жырау)

  2. Ақтамберді жырау қай соғыста өзінің ерлігімен, жалынды жырымен көзге түскен: (Ойраттармен соғыста)

  3. «Күмбір-күмбір кісінетіп» толғауының авторы: (Ақтамберді)

  4. Ақтамбердінің «От басар орны отаудай» өлеңі: (Жылқы малының қадір-қасиеті туралы)

  5. «Әділ туған жақсыға,

Екі даугер жүгінер.
Тізесін қисық бұрмаса,
Әділдігі білінер», - деген жолдар қай жыраудың шығармасынан алынған: (Ақтамберді)

  1. «Жапанға біткен терекпін,

Еңсемнен жел соқса да теңселмен», - деп басталатын Ақтамберді жыраудың өлеңінде не туралы баяндайтын: (Батырлық қасиеттерін, қайсар мінезін)

  1. Ақтамберді жыраудың кейінгі ұрпақты бірлікке, татулыққа шақырған өлеңі: («Балаларыма өсиет»)

  2. «Ел шетіне жау келсе,

Алдына, сірә, дау келсе.
Батырсынған жігіттің
Күшін сонда сынаса!» - деп, Ақтамберді жырау көтерген мәселе: (Ерлік, батырлық жайлы)

  1. «Жауға шаптым ту байлап,

Шепті бұздым айғайлап...» - деп жырлаған жырау: (Ақтамберді)

  1. «Ел-жұртты қорғалап,

Өлімге жүрміз бас байлап», - деп өз толғауларында ерлік, батырлықты жырлаған Ақтамберді жырау қай батырға жыр арнаған? (Бөгенбай батырға)

  1. «Ағайын көп болса,

Ұлы шерік қолмен тең.
Білімді туған жақсылар
Аз да болса көппен тең», - деп Ақтамберді жырау қандай мәселені айтқан? (Елдік, бірлік)
Бұқар жырау
Бұқар жырау Қалқаманұлы, туған жері – Павлодар облысы Баянауыл ауданы

  1. Бұқар жырау Қалқаманұлының сүйегі Баянауылда Далба тауында

  2. Бұқар жырау Қалқаманұлының өлеңдерін қағаз бетіне түсірген ЖМәшһүр Жүсіп Көпейұлы

  3. Бұқар жыраудың Абылай туралы екі өлеңін орыс тілінде Ш.Уәлиханов қағаз бетіне түсірген.

  4. Бұқар жырау Қалқаманұлының біраз өлеңдерін Потанин жинаған.

  5. Бұқар жырау Қалқаманұлы толғаулары: «Тілек», «Айналасын жер тұтқан», «Биік тауға жарасар», «Керей, Қайда барасың?», «Бұқарекең, біз келдік», «Жал-құйрығы қаба деп», «Асқар таудың өлгені», «Атам болған жиырма бес», «Жиырма деген жасыңыз», «Ей, Абылай, Абылай», «Ал тілімді алмасаң», «Қазақтың ханы Абылай», «Батырың өтті, Бөгенбай», т.б.

  6. Бұқар жырау 1668-1781 жылдар. Бұқар жырау Тәуке, Абылайханға кеңесші болған.

Бұқар жырау «Сен он бір жасыңда» деген өлеңі Абылай туралы.

  1. Бұқар жырау толғауларында жас Абылай қызмет еткен төре – Әбілмәмбет

  2. Бұқар жырау хан Абылайға «Абылайшам, Абылайша» деп сөйлеген.

  3. Бұқар жырау Абылайдың қалмақ батыры Қалдан серені жеңгені туралы жырлаған.

  4. Бұқар жырауға 1-10 санның мағынасын ашып берген шешен – Қазыбек би.

  5. Бұқар жыраудың «Тілек» өлеңіндегі ой қорытындысы – ел бірлігі.

  6. Бұқар жыраудың батырлық, ерлік туралы шығармасы – «Батырың өтті, Бөгенбай»

  7. жоңғар қалмақтарымен күресте ерлік көрсеткен қай батырды жырға қосқан? – Бөгенбай.

  8. Бұқар жырау жырға қосқан батырлар – Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек.

  9. жастық пен кәрілікті қарама-қарсы қойып суреттеген толғауы – «Жиырма деген жасыңыз»

  10. Айнала алмай ат өлсін, Айыра алмай жат өлсін. Жат бойынан түңілсін.

Бәріңіз де бір енеден туғандай болыңыз. -жыраудың өлең жолындағы тақырыбы – ел бірлігі.

  1. Өлмегенде не өлмейді, Жақсының аты өлмейді.

Әкімнің хаты өлмейді, - деген шешендік сөздің авторы - Бұқар жырау

  1. Ел бастау қиын емес, Қонатын жерден көл табылады. Қол бастау қиын емес,

Шабатын жерден ел табылады, Шаршы топта сөз бастау қиын - деген Бұқар жырау

  1. Бұқар жыраудың ел бірлігі тақырыбына арналған толғауы: «Керей, қайда барасың?», «Садыр, қайда барасың?»

  2. Бұқар жырау шығармаларының өзекті тақырыбы: елбірлігі, Абылай бейнесін сомдау.

  3. Өз тұсында «Орыспен соғыспа» деп үн қататын жырау - Бұқар жырау.

  4. «Өкпеңменен қабынба, Өтіңменен жырлама. Орыспенен соғысып,

Басыңа мұнша көтерген. Жұртыңа жаулық сағынба», - деген өлең жолдарының авторы - Бұқар жырау «Абылай ханға айтқаны».

  1. «Ағайынның аразы, Елдің сәнін кетірер.Абысынның аразы, Ауыл сәнін кетірер», - деген сөздің авторы - Бұқар жырау. 7-8 буынды, шалыс ұйқас.

  2. Ханның жақсы болмағы – Қарашаның елдігі. Қараша халық сыйласа, Алтыннан болар белдігі, - деген өлең шумағы - Бұқар жырау.

  3. Жаманмен жолдас болсаңыз, Көрінгенге күлкі етер Жақсымен жолдас болсаңыз,

Айырылмасқа серт етер, - деген үзіндінің авторы - Бұқар жырау

  1. Бұқар жыраудың шығармасы – «Айналасын жер тұтқан»

  2. Айналасын жер тұтқан, Айды батпас демеңіз. Айнала ішсе таусылмас,

Көл суалмас демеңіз, - шумағының иесі - Бұқар жырау.

  1. Отының болсын жантақтан, Қатының болсын қалмақтан.

Қосының болсын қазақтан, - деген жолдардың авторы - Бұқар жырау.

  1. Бәрін айт та, бірін айт,

Халық толқыса тұра алмайды хан тағында, - деген өлең жолдарының автры - Бұқар жырау.

  1. Найза бойы жар екен, Түсіп кетсең түбіне. Түбі терең көл екен,

Ел қонбайтын шөл екен, - деген Бұқар жыраудың айтқан мәселесі – Кәрілік .

  1. Бұқар жыраудың «Мен – өгіз терісі талыспын» деген өлең жолындағы «талыс» сөзінің мәні – шеберлік аспаптарын салатын сірі-көн ыдыс.

  2. Бұқар жыраудың «сен - бұзаудың терісі шөншіксің» деп, керейлерге айтқан сөзіндегі «шөншік» сөзінің мағынасы – Жарғақ қалта.

  3. Бұқар жыраудың ел бірлігі тақырыбындағы толғаулар (« Керей қайда барасын»?; «Бірінші тілек тілеңіз»; «Ей, Абылай ,Абылай»)

  4. Бұқардың толғаулары: («Жал-құйрығы қаба деп»; «Айналасын жар тұтқан»)

  5. Бұқардың қай толғауынан?

Мен- Арғын деген арыспын, Азуы кере қарыспын...(«Керей,қайда барасың?»)

  1. Өз басынан тоғыз ханның билігін өткізіп, ақылшы, кемеңгер би болған жырау:( Бұқар )

  2. Өткіздің тоғыз ханды толғауменен, Шештің талай түйінді болжауменен.

Іс болса қиын – қыстау сен сөйлеттің,
Қылыштай қып- қызыл қорғауменен,- деп Үмбетей жырау сипаттаған:(Бұқар жырауды)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет