Гинекологиялық аурулардағы ЕДШ.
Көптеген созылмалы гинекология ауруларында ЕГ кеңінен қолданылады. Қарсы көрсетілімдері: жатырдың қабынуы кезінде, қан қысымы жоғары болғанда және ауырсыну жағдайында, қан кету, әртүрлі ісіктер.
ЕГ мақсаты: жатырдағы қабынуды азайту, жанбас және іштің бұлшық еттерін қатайту, ағзаның жұмыс қабілетін нығайту. Жаттығуларды жай қозғалыста тізерлеп отырып, тұрып, шалқадан және ішпен жатып жасайды.
Жаттығулары: Шалқадан жатып аяқты тізеден және жанбастан бүгіп, табанды жерден көтермей жасайды. Аяқты түзу ұстап, велосипед тебу. Аяқты екі жақа керу. Аяқты қайшылау. Өкшені жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүру. статикалық жаттығулар. Жаттығу күнделікті 10-15 минут жеке, кейін топпен 20-25 минут жасалады.
Босанғаннан кейінгі кезеңдегі жаттығулар.
1. Шалқадан жатқан қалыпта аяқты, қолды денемен түзу ұстап, қолды бастан асыра жоғары көтеріп кереуеттен ұстап тыныс алу. Қалыпқа келгенде тыныс шығару. Қайталау 3 – 4 реттен.
2. Шалқадан жатқан қалыпта аяқты түзу ұстап, қолды шынтақтан бүгу. Қолдардың басын жұдырыққа түйіп, бірмезетте аяқтың бастарын сыртқа қарай қайыру. Қолдардың басын жазып , аяқты табанға қарай қайыру. Еркін тыныс алу. Қарқын орташа. Қайталау 5 - 8 рет.
3. Шалқадан жатқан қалыпта, аяқты, қолды денемен түзу ұстау. Оң аяқты сол аяқтың үстіне қойып, бір мезетте оң қолмен төсектің сол жағына қарай созылып – тыныс шығару. Бастапқы қалыпқа келгенде – тыныс алу. Сол жағымен қайталау. Әр жақа 3 – 5 рет қайталау. Жайлап жасау.
4. Шалқадан жатып, аяқтарды түзу ұстап, сол қолды кеудеге қойып, оң қол ішке қойылады. 1,2,3,4 дегенде ауыз арқылы тыныс шығарып, ішті ішке қарай тартып және қолмен басу.5,6,7 дегенде мұрын арқылы тыныс алып іштің еттерін босату керек. Қайталау 3 – 4 рет. Жаттығуды әр кез 2 – 3- тен қайталап тұру керек, ішпен терең тыныс алуды қалыптастырады.
5. Шалқадан жатып аяқ, қолды денемен түзу ұстап, барлық бұлшық еттерді босаңсытамыз. Тыныс алу еркін. Дем алу 1 минут.
6. Шалқадан жатып аяқты түзу ұстап, қолдарды бастан асыра ұстаймыз. Аяқты төсектен көтермей , тізе және жанбас буыннан бүгу – тыныс шығару. Бастапқы қалыпқа келгенде – тыныс алу. Оң аяқпен дәл солай қайталаймыз. 3 – 4 реттен.
7. Шалқадан жатып аяқтарды тізеден және жанбастан бүгіп ұстау, қолдар шынтақтан бүгілген. Аяқ басы мен шынтаққа тіреліп, жанбасты төсектен 10 – 15 см –ге көтеріп – тыныс алу. Бастапқы қалыпқа келіп – тыныс шығару. Қайталау 3 – 4 рет. Жайлап жасау.
8. Шалқадан жатып аяқ , қолды денемен түзу ұстап. Сол аяқты, оң аяқтың үстіне қойып сол қолмен керуеттің оң жиегінен ұстау – тыныс алу. Сол қолға қарай созылып, оңға бұрылу – тыныс шығару. Шалқамен жатуға қайтып келу – тыныс алу. Бастапқы қалыпқа келу – тыныс шығару. Сол жағымен дәл осылай қайталау. Әр жақа 3 – 4 реттен жасау.
9. Шалқадан жату. Толықтай барлық бұлшық еттерді босаңсыту. Дем алу 1 минут.
10. Оң қырымен жатып, оң қолды бастың астында ұстау. Сол аяқты тізеден және жанбастан бүгіп ішке тигізу – тыныс шығару. Бастапқы қалыпқа келу – тыныс алу. Әр қырына 3 – 5 реттен қайталау.
11. Шалқадан жатып аяқтарды түзу ұстап, қолдарды кеудеге қоямыз. Алақандарды жоғары қарата отырып, қолдарды екі жанымызға созып – тыныс алу. Бастапқы қалыпқа келгенде – тыныс шығару. Қайталау 4 – 6 рет.
12. Шалқадан жату. Жанбас бұлшық еттерін жиыру – тыныс шығару. Оларды босаңсыту – тыныс алу. Қайталау 3 – 4 реттен , бұлшық еттерді барынша жиырып отырып жасау керек.
13. 4- ші жаттығуды 3 – 4 рет қайталау.
Достарыңызбен бөлісу: |