Ақтау үкімі бойынша жазықсыз сотталғандарға жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша жаңғырту енгізуге болады. Себебі:
1.Ақтау үкімі арқылы сот сотталушыны қылмыстық жауаптылыққа тартқызып, сотқа берген айыптау бойынша оның қылмыстық құқық бұзушылықты жасауда кiнәсiз екенін таниды және жариялайды.
3. Санамаланған негiздердiң кез келгенi бойынша ақтау соттың сотталушының кiнәсiздiгiн тануын бiлдiредi және оның толық ақталуына әкеп соғады.
4. Егер ақтау үкiмiн шығару кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам анықталмай қалса, сот үкiмнің қарар бөлімінде өзге адамды қылмыстық қудалау қажеттiгi туралы мәселенi шешу үшiн iстi прокурорға жiберу туралы көрсетеді.
Ақтау үкiмiнде ақталушының кiнәсiздiгiне күмән тудыратын тұжырымдалуларды пайдалануға жол берiлмейдi.
Жабық сот отырысында қаралған істер бойынша ақтау үкімінің сипаттау-уәждеу бөлігінде сот талқылауының жариялылығын шектеуге негіз болған мән-жайлар туралы тұжырымдалулар қамтылмауға тиіс.