130 бұйрық 7-қосымшасына сай Қмж келесі бетте


Саралау: Берілген сұрақтар барлық оқушыларға беріледі. Тиімділігі



бет22/115
Дата08.06.2023
өлшемі5,68 Mb.
#178440
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   115
Байланысты:
130 ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ҚМЖ 1

Саралау: Берілген сұрақтар барлық оқушыларға беріледі.
Тиімділігі: Оқушылардың болжауының нақты жауаппен дөп
келуі емес, ең бастысы, олардың тақырып бойынша белсенді
түрде ой қозғауы екендігін естен шығармай, оқушылардың өз
пікірі сынға түспейтіндігіне кепіл болу.
ҚБ: Мұғалімнің қолдау сөздері.
(Ұ) «Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша оқушылардың
мәтін бойынша түсінбеген сөздерінің мағынасын топ ішінде талдап, түсініктеме жасауларына ықпал ету.
Қаймығу – сескену, қорқу
Тамыршы, дәруіш – емші
Хан көтеру – хан сайлау
Ат ізін салмау – бармай, көрмей кету
Зауқы соқпау – көңілі соқпау
Ат жалында ұзақ жыл түн қату – ұзақ уақыт ат үстінде, жорықта болу
(ЖЖ) Ханның туған жерін көргендегі сезімі жайлы өз болжамдарын жұпта талдап, ұжымға жариялайды
Дескрипторы:
1. Әр оқушы өз болжамын ортаға салады
2. Ортақ қорытынды шығарады
ҚБ: «Ду қол шапалақ» әдісі.
(Т) Әр топ «Композиция», «Сюжетті шығарма»
анықтамасымен танысып, мәтінмен байланыстырады.

Композиция – көркем шығарманың құрылысы. Оқиғалы шығарманы сюжетті шығарма деп атайды. композиция сюжетпен тығыз байланысты.

«Ақдауыл хан» ертегісінің құрылысы:
1. сюжеттің басталуы
2. Дамуы
3. Шиеленісуі
4. Шарықтау шегі
5. Аяқталуы

1. Ханның ауырып қалуы
2. Ханның ем іздеуі
3. Ханның ашулануы
4. Ханның туған жеріне
сапары
5. Ханның ауруынан жазылуы

(Т) «Туған жер» бейнебаянын тамашалап, туған жердің басқа
жақтан артықшылығы туралы айтады.
(Т) «Бағала» айдары бойынша:
а) «Ханның әрекетіне қарап, оны қандай адам деп ойлайсың?
Сен үшін ≪Не қымбат?≫ деген пікірдің ең бастылары
қайсысы?» деген сұрақтар арқылы ханның әрекетіне баға береді.
Не қымбат деп есептейтіндерін топта тізіп айтады. Сол пікірдің
ішінен ең басты деп есептейтіндерін белгілейді. Әр топтың
пікіріне баға береді.
Дескрипторы: Сұрақтарға белсенді жауап береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет