(Ұ) «Ақынның ізімен» әдісі бойынша «Мен – тәуелсіз Қазақстан өркені,
Мен – жаңа күн, жаңа дәуір желкені.
Мен – кешегі арыстардың арманы ...» – деген ақынның ойын оқушылар жалғастырып, жазып көреді
Дескрипторы: Ұйқасқа негіздеп, өлеңнің соңғы жолдарын құрастырады
ҚБ: «Ду қол шапалақ» әдісі
«Теориялық мәтін» айдары бойынша оқушылар «Аллитерация»
терминімен танысады
Аллитерация – өлең жолдарындағы бірыңғай
дауыссыз дыбыстардың ерекше мәнермен үйлесімді
қайталануы. «тәуелсіздік» өлеңіндегі аллитерациялар:
«Тәуелсіздік, сенсің сыйым ең қымбат.
Басымызға баға жетпес бердің бақ!
Кемелденіп келемін мен, бақытты
Бала шақтан болашаққа қол бұлғап.
Аллитерация мақал-мәтелдер мен жаңылтпашта да кездесетіндігін меңгереді
( Ұ) «Тәуелсіздік әні» өлеңін мәнерлеп оқиды. «Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша оқушылардың мәтін
бойынша түсінбеген сөздерінің мағынасын топ ішінде талдап,
түсініктеме жасауларына ықпал ету. Алаш, тәу ету сөздерінің
мағынасын ашу.
Алаш – қазақ тайпаларының ең алғаш қауым болып біріккен одағы. Тәу ету – қасиетті деген нәрсеге басын иіп, тағзым ету. (ЖЖ) «Білгенге маржан» айдары бойынша Қазақстан
Республикасында 16-17 желтоқсанда Тәуелсіздік күні ұлттық
мерекесі аталып өтілетіні туралы біледі.
(ЖЖ)«Қосжазба күнделігі» әдісі бойынша төмендегі
сұрақтарға жауап береді.
*Өлеңдерде бостандық үшін күрестің құрбандары туралы не
айтылған?
*Бұл өлең неліктен «ең шуақты, «ең шырайлы», «ең шерлі»?
*Ақынның жүрегі кімдер үшін сыздады?
*«Еркіндіктің қыраны» деп ақын нені меңзеп тұр?
Дескрипторы: 1. Сұрақтарға жауап береді.
2. Автор пікірін мысал келтіру арқылы дәлелдейді.
ҚБ: «Оң көрші» әдісі арқылы әр топ көрші топтың жұмысын дескрипторлар негізінде бағалайды.
Дәптермен жұмыс.
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.