1Емдеу –саќтандыру мекемелерініѕ тїрлері жјне ондаєы медицина ќызметкерлер жўмысыныѕ ўйымдастырылуы


Қан қысымын (АҚ) анықтау іс-әрекеттері



бет69/215
Дата10.08.2023
өлшемі2,65 Mb.
#179791
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   215
Байланысты:
КЛИНИКА лекция

Қан қысымын (АҚ) анықтау іс-әрекеттері:
Әзірлеңіз: тонометрді, фонендоскопты.
Іс- әрекеттер:
1. пациентті ыңғайлы жағдайда отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.
2. пациенттің қолын (алақанын) жоғары қаратып ашыңыз.
3. пациенттің иығына, шынтақ иінінен 2-3 см жоғары арасына бір саусақ сиятындай етіп манжетті байлаңыз.
4. монометрді манжетпен қосыңыз.
5. шынтақ иініне фонендоскопты орналастырып, иық артериясының соғуын тексеріңіз.
6. резеңке баллонның тиегін жауып манжетке біртіндеп тамырдың соғуы естілмегенше ауа жіберіңіз және оның үстіне 30мм с.б. ауаны қосыңыз.
7. ауанын қысымынан шыны түтіктегі сынап көтеріліп (монометр қолданса стрелкасы «0»-ден жоғары көтеріледі). Ол манжеттегі ауа қысымының өскенін көрсетеді.
8. резеңке баллонының тиегін ақырындап ашып, манжеттегі ауаны жайлап шығарыңыз.
9. фонендоскоптағы бірінші естілген дыбысты (тамырдың соғуы) сынап бағанасы бойынша салыстырыңыз – бұл көрсеткіш – систолалық жоғары қысым болып саналады.
10. ауаны одан әрі ақырын шығарыңыз, сол кезде тамырдың соғуы естілмей қалады, бұл кезде көрсеткіші диастолалық – төменгі қысым болып саналады. Алынған мәліметтерді температура (қызу) қағазына жазыңыз.
Естеріңде болсын! Ересек адамның тұрақты қан қысымы 140/90 мм сынап бағанасынан 100/60 мм с.б. дейін болады.


Қан қысымының қалыпты көрсеткіштерден жоғары болуы гипертензия, ал төмен болуы гипотензия деп аталады.


. 9Науқастың жеке басының тазалығы
Терінің күтімі. Ойық жараның алдын алу және оның емі. Науқастың киімін және төсек орнын ауыстыру
Тері күтімі. Ойылулардың алдын алу және емдеу. Төсек орын мен іш киімді ауыстыру.
Науқастың жеке басы тазалығын сақтау, палата мен төсек орнын таза ұстау емнің нәтажелілігі үшін қажет. Аурудың ағымы мен нәтижесі үшін науқас жатқан ортаның маңызы зор. Бұл ең алдымен палата тазалығы , таза төсек - орын, жеке басы тазалығы ережелерін сақтау, науқасты уақытымен тамақтандыру.
Ауыр халдегі науқастарға төсекте неғұрлым ыңғайлы жағдай жасау қажеттігі төсектің құрылымына белгілі бір талаптар қояды. Науқастың төсектегі қалпы ыңғайлы, тесек-орны таза, матрац тегіс болуы керек.
Науқасқа ыңғайлы жағдай жасау үшін жастықшаларды, қосымша жастықтарды, жұмыр жастықтарды, аяқтарға тіреуіш және омыртқасы зақымданған науқастарды жатқызу қажет болғанда ағаш тақта пайдаланады. Нәжісі мен зәрі тоқтамайтын науқастардың матрацының үстіне клеенка төсейді.
Жастықтар орташа болуы қажет, кейде науқасқа биік жастықта (ауыр ентігуде), кейде төмен (наркоздан шығарда) немесе жастықсыз жатқан ыңғайлы.
Денесін сүрту
Егер науқасқа жартылай өндеу - денесін сүрту - тағайындалса, онда жылы су, сүлгі, клеенка, көрпе дайындап алған жөн. Суға антисептикалық әсер ететін зат (калий перманганатын) қосуға болады.
Іс-әрекеттің реті:
1. Науқастың астына клеенка төсеу.
2. Суға матырылған сүлгімен, науқастың денесін толық ашпай, жеке бөліктерін бірінен соң бірін сүрту. Содан кейін орамалмен құрғату, сол бөлікті көрпемен жабу. Дененің басқа бөліктерін де осылай ретпен сүрту.
3.Сырқатнаманың сыртқы бетіне науқасқа санитарлық өңдеу жүргізілгені туралы белгілеу.
Тері кутімі және ойылулардың алдын алу
Тері қорғаныш, шығару, жылу реттегіш және аналитикалық (тері сезімталдығы) қызметтер атқарады. Тері, оның тер бездері арқылы су, мочевина, зәр қышқылы, натрий, калий және басқа заттар шығарылады. Тыныштықта қалыпты температурада тәулігіне 1 литрге жуық тер бөлінеді, ал қызбасы бар науқастарда - анағұрлым жоғары. Тер бөліну ағзаның негізгі жылу реттегіші болып табылады. Кейбір аурулар кезінде тербөліну күрт артады, ал булағанда теріге зиянды алмасу өнімдері қалып қояды. Сондықтан тері таза болуы керек - мұндай науқастардың іш киімдерін жиірек ауыстырып, терісін құрғақ таза орамалмен, одеколонмен, спирт қосылган сумен (1:1), ерітіндімен (1 стакан су+1 ас қасық сірке суы+1 ас қасық камфор спирті) сүртіп отырған жөн. Әсіресе шат аймағына, колтық астына, әйелдерде - емшек бездері астындағы қыртысқа ерекше көңіл бөлу қажет.
Теріні мұқият күту әсіресе ұзақ уақыт төсек тартып жатқан науқастар үшін өте маңызды. Қарсы көрсеткіштер болмаған жағдайда науқастар аптасына 1 реттен кем болмайтындай жиілікте гигиеналық душ қабылдайды. Төсектік тәртіптегі науқастардың тері жабындылары спирт, одеколон, асханалық сірке суы қосылған қайнаған жылы суға матырылған тампонмен күнделікті сүртіледі. Қолдары әр тамақ ішерде, ал аяқтары -аптасына 2-3 рет жуылады.
Науқасты жуындыру
Жылы су құйылған леген, сүлгі дайындап алу керек. Іс-әрекет реті:
1. Қолдарынызды жуып, қолғап киіңіз.
2. Сүлгіні суға матырып алыныз.
3. Дымқыл сүлгімен науқастың бетін, содан кейі құлақтарын, мойнын, қолдарын сүртіңіз.
4. Екінші сүлгімен кұрғатыңыз.
5. Қолғапты шешіп, колдарыңызды жуыңыз.
Сыртқы жыныс мүшелері мен шап аралығының терісі жиырылған жер күнделікті жууды қажет етеді. Өздігінен қозғалатын науқастар бұл үшін бидені пайдаланады. Ауыр халдегі науқастарды әр дәретке отырған сайын, ал нәжісі мен зәрі тоқтамайтындарды - шап қыртысы терісінің сызылуын және қабынуын болдырмау үшін күніне бірнеше рет шайып жуу керек. Әйелдерді жиірек жуып шаяды.
Ауыр халдегі науқас әйелдің астын жуып шаю
Жуып шаюға қажетті ыдысты (25-ЗО°С жылы су кұйылған Эсмарх кружкасын немесе басқа ыдысты). домалақтанған мақталарды, дәрет ыдысын, клленка, шымылдық, қолғап, корнцанг дайындау.
Іс-әрекеттің реті:
1. Қолдарыңызды жуып, кептіріп, колғап киіңіз.
2. Науқасқа ісшараның жүргізілу ретін түсіндіріңіз.
3. Шымылдық кұрыңыз.
4. Науқастың астына клеенка төсеп, дәрет ыдысын қойыңыз.
5. Дайындалған қажетті заттарды науқастың төсегінің жанына әкеліңіз,
6. Науқасқа аяқтарын тізесінен бүгіп, арасын ашуын өтініңіз.
7. Шап үстін, сан аймаған, шап қыртысын мақтаны ауыстыра отырып жуыңыз.
8. Үлкен жыныс еріндерін ашып, тері қыртысын мақтаны ауыстыра отырып, жоғарыдан төмен қарай абайлап жуыңыз.
9. Кіші жыныс еріндерін ашып, мақтаны ауыстыра отырып, жоғарыдан төмен қарай абайлап жуыңыз.
10. Жылы сумен шап аралығын жоғарыдан төмен қарай шайыңыз.
11.Сүлгімен мұқият құрғатыңыз.
12. Мақтаны ауыстыра отырып, тік ішек тесігін жуыңыз,
13. Оны құрғатыңыз.
14. Дәрет ыдысын алып тастаңыз.
15. Қолғапты шешіп, зарарсыздандырғыш ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
16. Науқасқа ыңғайлы жатуына көмектесіңіз.
17. Науқастың төсегін реттеңіз.
18. Қолданылған заттарды өңдеңіз.
19. Қолдарыңызды өңдеңіз
Ауыз қуысы, көз, құлақ, мұрын және шаш күтімі
Ауыз қуысының күтімі. Ауыз қуысын қарау. Науқас ауызын ашады. Мейірбике науқастың еріндері мен беттерін шпательмен тартады. Бадамша бездері мен жұлқыншақтың артқы қабырғасын карағанда шпательмен тілдің түбірін басып, науқасқа «а» дыбысын айтуды сұрайды. Ауыз қуысын, бадамша безі мен жұтқыншақты қарағанда күшейтілген жарық керек. Бұл үшін рефлектор-шамын немесе кез келген басқа рефлекторды қолдануға болады.
Әр адамға ауыз қуысы күтімінің карапайым ережелерін сақтаған жөн: әрбір тамақ ішкеннен кейін ауыз қуысын сумен шаю, түнде және таңертең тісті тазалау, ейткені түні бойы ауыздың шырышты қабығы мен тістер эпителий клеткаларынан, шырыштан және микроағзадардан тұратын жұмсақ жұқа қабатпен жабылады. Қатты тағамдарды шайнағанда және тамақты жұтқанда ауыз қуысы өздігінен тазартылып отырады. Науқастарда жұқа қабатпен жабылу күшеюі мүмкін, өйткені ауыздың шырышты қабығы арқылы зат алмасу бұзылуның өнімдері шығарыла бастайды: бүйрек жетіспеушілігі кезінде азотты заттар, қант диабетінде -қант, сынап - сынапты улануда және т.б. Бұл заттар шырышты қабатты ластайды және микроағзалардың қарқынды дамуына әкеледі. Сондықтан ауыр науқастардың ауыз қуысынын күтімі өте мұқият, мейірбикемен жүргізілуі қажет.
Ауызды шаю. Әрбір тамақ ішкеннен соң науқасқа аузын шаю үшін натрий гидрокарбонатының 0,5% ерітіндісі (сода) немесе натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісі (физиологиялық ерітінді) беріледі. Содан кейін тілді сүртеді. Бұл үшін тілдің ұшын стерильді дәке сальфеткасымен орап, сыртқа шығарып және сол қолмен ұстап тұру керек, ал оң қолдағы пинцетке қыстырылған дымқыл домалақтанған мақтамен тілдің үстіндегі жұқа қабатты алып, тілді сүртеді және оған глицерин жағады.
Ауыз қуысын жуу шприцтің, резеңке баллонның, резеңке тутігі және шыны ұшы бар Эсмарх кружкасының көмегімен жүргізіледі. Әлсіз ерітінділер: 0,5% натрий гидрокарбонаты, 0,9% натрий хлориді, 0,6% сутегінің асқык тотығы, калий перманганаты (1:1000) жэне т.б. Науқасты отырғызады немесе сұйыктық тыныс жолдарына ақпауы үшін басьш алдыға сәл еңкейтіп жартылай отырғызады. Мойын мен кеудені клеенкамен жабады, ал иек астына шылапшын немесе шағын леген ыдыс ұстатады, Төсектік тәртіптегі науқастың басын бір жаққа бұру керек. Ауыз ұртын шпательмен тартын, аздаған қысымды су ағынымен алдымен ауыздың кіре берісін, содан кейін ауыз қуысы жуылады. Егер ауыр науқаста алынатын тістер, протез болса, онда ауыз жуар алдында оларды алып, мұқият жуып, кұрғатып сүрту қажет. Протездерді суға салып сақтауға болмайды, өйткені дымқыл ортада протездің бетіндегі микробтар жақсы сақталады.
Ауыздың шырышты қабығының кейбір ауруларында ауыз қуысын майлау тағайындалады. Қайнатылған шпатель мен пиицетті және бірнеше стерильді домалақтанған мақта стерильді ыдысқа салынады. Жайпақ шыны ыдысқа аздаған мөлшерде дәрі құйылады. Науқастың аузын аштырып, пинцетпен дәрі жағылған домалақтанған мақтаны алып, ауыз шырышты қабығының жараланған жеріне басады, содан кейін жаңа домалақтанған мақта алып басқа зақымданған жерге басады.
Ауыз. Жұтқыншақ, танау шырышты қабығынан жағынды алу. Бұл үшін стерильді металл жаққыш (стерильді пробирканың тығыны арқылы өткізілген сымға бекітілген мақта тампоны) қолданылады. Бадамша безіндегі, таңдай имегіндегі немесе ауыз қуысы шырышты қабығындағы жара мен жұқа қабаттың шығарымдарын егу үшін науқасты жарыққа таман отырғызады, аузын кеңірек ашқызады. Сол қолдағы шпательмен науқастың тілінің түбірін басады, оң қолымен пробиркадан жаққышты абайлап алады, ешнәрсеге тигізбей жұқа қабатқа жетеді, жаққышпен бұл қабатты және оның шығаруларын сүртіп алады. Жағындыны танаудан алу үшін жаққышты өте абайлап сыртқы жағына тигізбей, алдымен бір, содан кейін екінші танау жолына енгізеді де егуге материал алады. Жағындыларды алғаннан кейін науқастың аты-жөнін, жасын, палатасын, материалдың атын және тексеру мақсатын көрсетіп лабораторияға бірден жіберген жөн.
Көз кутүмі. Көзден аққан іріңді алу үшін науқастың көздерін резеңке баллоннан немесе дәке тампонымен бор кышқылының 3% ерітіндісімен және риванол ерітіндісімен немесе риванолдың әлсіз ерітіндісімен немесе калий перманганатының әлсіз ерітіндісімен жуады. Аққан сұйықтықты жинау үшін шағын леген қолданылады, оны науқас иегінің астына ұстап тұрады. Көздердің қабыну ауруларында дәрі тамызылады немесе көз майлары жағылады. Сол қолмен төменгі қабақты жайлап тартып тұрып, науқасқа жоғары қарауын өтінеді де пипеткамен алдымен бір тамшы содан кейін екінші тамшыны көздің танауға жақын түбіне қүдды. Қабақтары жабысқанда аққан тамшылардың артығын домаланған мақтамен сорғызып алады. Пипетканы шаяды да көз тамызғышка салып кояды. Көз майын қабақтын ішіне шыны таяқшамен жағады. Таяқшаның ұшымен майды алады да астыңғы қабақты төмен тартып тұрып, оны төменгі өтпелі сызыққа тигізеді. Таяқшаны абайлап шекеге карай көлденең ұстал алып шығады.
Кұлақ күтімі. Қулық қатып қалмас үшін науқастың кұлақтарын аптасына 2-3 рет тазалайды. Құлық кесек немесе ұнтақ түрінде болады. Олар есту жолында жиналып, оны бітеп қалуы мүмкін, сөйтіп естуді нашарлатуы ықтимал. Мұндай кезде есту жолдарын жуады. Сыйымдылығы 100 - 200 мл Және шприціне 36 - 37°С температурадағы суды толтырады. Науқасты жарық кұлаққа түсетіндей етіп, өзінің алдына қырымен отырғызады. Науқастың қолына шағын астаушаны құлақ жарғағының астына келтіре мойнына тіреп ұстатқызады. Сол қолмен құлақ жарғағын жоғары және артқа қарай тартып тұрып, шприцтін ұшын сыртқы есту жолына кіргізеді. Сұйықтықты есту жолының жоғарғы артқы қабырғасымен соққылап айдайды. Жуып болғаннан кейін есту жолын мақтамен құрғатады. Егер құлақ алынбаса, оны сода-глицеринді тамшылармен жібітеді. Жылытылған 7-8 тамшыдан 2-3 күн бойы күніне 2-3 рет құяды. Тамшыларды құйғаннан кейін біраз уақыт естудің нашарлауы мүмкін екендігі туралы науқасты ескертеді. Құлаққа тамшыларды пипеткамен тамызады. Науқастың басын сау жағына қарай қисайтады. Құлақтың сырғалығын сол колмен тартып тұрып, оң қолдағы пипеткамен есту жолына тамшыларды құяды. Сұйықтық құлақтан ағып кетпес үшін науқас осы қалпында 15-20 минут отырады. Содан кейін құлақты стерильді домалақтанған мақтамен сүртеді.
Мұрын кутімі. Егер науқас өздігінен мұрын жолдарын тазалай алмаса, мейірбике қатқан қабықты алып тастауға тиіс. Бұл үшін науқастың басын шалқайтып, металл зондқа вазелин майына матырылған мақтаны орайды да оны мұрын қуысына кіргізеді, содан кейін айналдыра сүртіп, қатқан қабықтарды алып тастайды. Қабыршақтарды кұрғақ мақтамен алуға болмайды, өйткені қанатып алу мүмкін.
Шаш күтімі Шаш күтімі кезінде науқастардың шаштарында қайызғақ болмауын қадағалаған жөн. Бұл үшін аптасына бір рет шампунмен және иіс сабынмен басты жуу керек. Ауыр науқастардың басын төсекте жатқан жерінде жуады. Бұл үшін легенді төсектің бас жағына қойып, науқастың басын оның үстіне шалқайтады. Сабындаған кезде (сабынды көбікпен) бастың терісін жақсылап үйкелеген жөн, содан кейін шашты шаяды, құрғатып сүртеді және тарайды. Басты жуғаннан кейін салқын тимес үшін орамалмен немесе байлауышпен байлайды. Шашты күнделікті тарап отыру керек. Бұл үшін жеке-дара кішкентай жиі тісті тарақ қолданылады. Сірке суы ерітіндісіне салынған кішкентай жиі тарақ қайызғак пен кірді жақсы алады. Кішкентай жиі тарақты таза ұстап, спиртпен сүртіп отырған жөн. Тарақтар мен кішкентай жиі тарақтар дербес болуы қажет. Науқастарды жуындырғаннан кейін кіші медқызметкер олардың аяқ-қолдарының тырнақтарын алады немесе алуға көмектеседі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   215




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет