2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет54/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

Милиция мәселесі


52 
 
Бүл мәселе хақындағы докладты тексеріп қарап, һәм осы күні мемлекет ішінде бассыздық, 
талан-тараж,  қырылыс,  талас  болып  жатқанын  ескеріп,  қазақ-қырғызды  мұндай 
бүліншіліктен қорғау үшін сиез төмендегі қаулыны қабыл етті: ешбір тоқтаусыз милиция 
түзуге кірісу тиіс. Милиция түзудің уақытша тәртібі мынадай: 
1.  Милиция  қызметіне  алынады  жасы  20  мен  35  арасындағы  қызметке  жарайтын 
азаматтар. 
2. Милицияға азаматтар ақымен жалданып алынады. Егер жалдатушы шықпаса, талонмен 
алынады. 
3.  Милиция  қызметіне  алынған  азаматтарға  ақымен  болсын,  талонмен  болсын  ұлт 
қазынасынан  тиісті  жалованье  беріледі.  Онан  соң  ол  жалованьенің  шамасын  әр  жердегі 
милицияны түзеуші халық ұйымдары ретіне қарай өздері белгілейді. 
4.  Әрбір  облысқа  белгіленген  милицияның  санын  үйез-үйезге  ыдырату  —  сол 
облыстардағы обласной ұйымдардың міндетінде.  
Әрбір үйезге түскен милицияның санын болыс һәм ауылнай басына ыдырату  — үйездегі 
ұйымдардың міндетінде. 
5.  Әрбір  үйезге  түскен  милицияның  санын  толтырып  түзеу  үйез  қауымдарының 
міндетінде. 
6.  Талонмен  милицияға  алынған  азаматтар  өз  орнына  басқа  біреуді  жалдап  жіберуге 
ерікті. Бірақ жалдаған адамның жасы 20 мен 35-тің арасында болу шарт. 
7.  Талонға  бір  үйден  бірнеше  кісі  алынса,  милиция  қызметіне  олардың  біреуі  ғана 
алынады.  Милицияға  талонмен  алынған  адамдарға  толық  үй  шаруасына  қарай,  басқа 
себептермен мәулет беру жергілікті ұйымдардың міндетінде. 
8.  Алғашқы  кезде  һәм  әрбір  ауылнай  өзінен  милицияға  алынған  азаматтарға  ат-тұрман, 
киім-кешек түзеп беруге міндетті. 
9.  Милицияға  керек  болған  қару-жарақты  Алашорда  ұлт  қазынасы  есебіне  салып  алып, 
тиісті орындарға таратады. 
10.  Милиция  қызметін  үйрету  үшін  100  милиционерге  бір  офицер,  50  милиционерге  бір 
инструктор шақырылады. 
11.  Бөкейлік,  Орал,  Торғай,  Ақмола,  Семей  һәм  Жетісу  облыстарында  милиция  саны 
13500 болуға тиіс. Әрбір облыста бұлардың саны мынадай болуға тиіс: 
Бөкейлікте 1000 
Оралда 2000 
Торғайда 3000 
Ақмолада 4000 
Семейде 1500 
Жетісуда 2000 
1.  Милиция  түзуге  мынадай  шығын  керек:  Қару-жарақ  сатып  алу  үшін  80100,  000  сом  , 
милиционердің бір жылғы жалованьесі, өзінің тамағы, пәтері, атының жемі — 33 миллион 


53 
 
2100 сом. Офицерлердің жалованьесі 324000 сом, инструкторлардың жалованьесі 982000 
сом, милицияны басқарып тұратын мекемелердің расходы 180,000 сом, офицерлік өнерін 
үйрететін азаматтар расходы 100000 сом. Барлығы — 42 миллион 886 мың сом. Бұған оқу 
комиссиясы мен Алашорданың өз һәм бөгде шығынын қосқанда жоғарыдағымен барлығы 
44 миллион сом. 
Осы айтылған 44 миллион сом әрбір облысқа халқының санына қарай бұлайша бөлінеді: 
Бөкейлікке 3,542,0 50 
Оралға 7,556,000 
Торғайға 6,601,500 
Ақмолаға 6,705,000 
Семейге 9,729,500 
Жетісуға 9,867,50 
Бұл айтылған сомалар әрбір үйезге һәм болыстарға халқының санына қарай бөлінеді. Әр 
болысқа  түскен  ақша  байға  байша,  жарлыға  жарлыша  бөлінеді.  Алашордаға 
сайланғандарға сиез кісі басына 800 сом айлық жалованье кесті. 
Алашорданың пәтер, мекеме, жүріс-тұрыс һәм басқа расходтарын белгілеу Алашорданың 
өз міндетінде. Алашордаға сайланды: 
1. Бөкейліктен Уәлитхан Танашев, 
2. Оралдан Халел Досмұхаммедов, 
3. Ақмоладан Айдархан Тұрлыбаев
4. Торғайдан Ахмет Бірімжанов, 
5. Семейден Халел Ғаббасов, 
6. Жетісудан Садық Аманжолов
7. Сырдариядан Мұстафа Шоқаев, 
Облыстан тысқары: 
1. Әлихан Бөкейхан, 
2. Жиһаншаһ Досмұхаммедұлы, 
3. Әлімхан Ермекұлы
4. Мұхаметжан Тынышбайұлы, 
5. Бақыткерей Құлманұлы, 
6. Жақып Ақбайұлы
7. Базарбай Мәметұлы, 
8. Отыншы Әлжанұлы, 


54 
 
Бұларға орынбасарлыққа сайланды: 
1. Иса Қашқынбайұлы
2. Нүсіпбек Жақыпбайұлы, 
3. Ережеп Итбайұлы, 
4. Сатылған Сабатайұлы, 
5. Есенғали Қасаболатұлы
6. Батыр Қайырниязұлы, 
7. Мұқыш Поштайұлы, 
8. Сейілбек Жанайдарұлы
9. Сәлімгерей Нұралыханұлы, 
10. Ғұмар Алмасұлы, 
11. Сейдәзім Кәдірбайұлы
12. Асфендияр Кенжеұлы, 
13. Штабыс капитан Бекшұлы, 
14. Есен Тұрмұхаммедұлы
15. Жәнек Сұлтанайұлы. 
Алашорда бастығына Әлихан Бөкейхан, Бақыткерей Құлманов һәм Айдархан Тұрлыбаев 
тасқа салынды. 
 
Сөйтіп,  Алашорданың  бастығына  Әлихан  Бөкейхан  сайланды.  Оқу  комиссиясына 
сайланды: 
1.  Ахмет  Байтұрсынұлы,  2.  Мағжан  Жұмабайұлы,  3.  Елдес  Омарұлы,  4.  Биахмет 
Сәрсенұлы, 5. Телжан Шонанұлы. 
Халықтан милиция, оқу комиссиясы һәм Алашорданың расходына жиылатын ақша әзірге 
ұлт қазынасы болып табылады. Түпкілікті ұлт қазынасын түзеу Алашорданың міндетінде. 
Азық-түлік  мәселесін  һәм  өкілдердің  бұл  туралы  берген  мағлұматын  тексеріп,  сиез 
мынадай қаулы қылды: 
1. Азық-түлік жұмысын сайланған земстволар ешбір тоқтаусыз өз қолына алады. 
2. Алашорда әрбір облыстағы астықтың ұзын санын біліп, астығы жоқ жерге астығы мол 
облыстардан астық алып беруге міндеткер. 


55 
 
3.  Қазақ-қырғызға  сатып  алынған  астықты,  азық-түлік  комитеттері  тоқтатпас  үшін 
Алашорда  қам  қылады.  Алаш  автономиясы  жақын  арада  иғлан  етілетін  болған  соң, 
програмда  көрсетілген  мүфтилік,  народный  сот,  ауылный  управление  мәселелері  сиезде 
қаралмай кейінге қалды. 
Уақытша  автономия  иғлан  етіліп,  алаш  құрылтайы  жиылғанша  қазақ-қырғыз  Орынбор 
мүфтилігі  қарауында  болады.  Болашақ  алаш  құрылтайына  Орынбор  мүфтилігіне 
сайланған  қазақ  қазилары  қазақ-қырғыз  мекеме  шарһиясын  құру  хақында  жоба  кіргізуге 
міндеткер. 
Ел  ішіндегі  народный  сот  ешбір  іс  бітіре  алмайды  һәм  халыққа  сенімді  емес.  Ел  ішінде 
ұрлық күннен күнге күшейіп бара жатыр. Соның үшін ұрлықты тиятын уақытша сот құру 
һәм бүл соттың тәртібін түзеу Алашорданың міндетінде. 
Сиез жабылды 13 декабрьде 1917 жылда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет