3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ


Жайлауда Сабақтың мақсаты



бет109/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

Жайлауда


Сабақтың мақсаты: туған өлке табиғаты жайында түсініктерін кеңейту. Жайлау көркін көз алдына елестету, есте сақтау қабілетін дамыту. Табиғат көрнісінің әсемлігін сезіне білуге, оны бейнелеу іс-әрекетінде көрсете білуге дағдыландыру. Көркем өнер туындыларын әңгімелету арқылы тілін дамыту, көркемдік талғамын арттыру. Бірлесіп еңбек ету, ұжымдық еңбек нәтижесіне жету, қарым-қатынас мәдениетілігіне тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: жайлау көрінісінің суреттері, 60х80 көлемді үлкен қағаз, түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, қылқалам, сүрткіш т.б.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру т.б.
Сөздік жұмысы: төрт түлік мал, қағаз бетінде кеңістікті байқау т.б.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Ә.Қастеев, сурет көрсетіп әңгімелеу. Ш.Әлдибеков, «Жайлауда» оқып түсіндіру.
Сабақтың барысы: тәрбиеші сабақты Б. Тәжімбетовтың «Жайлау көркі» шығармасын оқудан бастайды. Оның қысқаша мазмұнын сұрап, талдау жасайды, жайлау көрінісінің суретін көрсетіп, оны әңгімелеп беруді ұсынады. Жайлаудағы табиғат: тау, өзен, су, ағаштар, бұталар, шөптер, гүлдер. Киіз үй, оның айналасындағы адамдар, балалар т.б.
Жан-жануарларға ерекше назар аударып, төрт түлік малдар жайында әңгімелету. Балалардың ойын қорытындылап «осындай жайлауды өзіміз бейнелеп көрсек қалай болады?» - деп балалармен келіседі. «Ол үшін міне, мына үлкен ақ қағаздың бетіне жайлау көрінісін бейнелейміз. Қағаздың ең жоғарғы бөлігі аспан әлемі (күн, бұлт, ай, жұлдыздар). Одан әріректе алыстан не көрінеді?
- Тау, өзен-сулар, ағаштар, бұталар т.б.
Қағаздың ортаңғы, ең төменгі бөлігі жасыл жайлау, бұлақ ағып жатыр, киіз үйлер қатарласа орналасқан, үй жануарлары бейнелеу. Балалар өз қалаулары бойынша кім не жасағысы келетінін сұрау.
Қағазды пайдалану түсіндіріліп болған соң үш топқа бөлінеді.
Бірінші топ: көгілдір аспанды сулау тәсілімен бояп жасайды, немесе көгілдір қағаздан бұлт, сары қызыл қағаздан күн қияды.
Екінші топ: тау, өзен, су, ағаштарды, шөптерді қиып дайындайды.
Үшінші топ: үй жануарларын, адамды, киіз үйлерді қағаздан қиып, кейбіреулерін (қимыл-қозғалыс үстінде) ермексаздан илеп жасайды. Әр бала өзіне берілген тапсырманы орындап болған соң оларды қағаз бетіне ретімен кезектестіре орналастыруға басшылық жасалады. Ұжымдық жұмыстың нәтижесін талдау жасайды. Әдемі табиғат көрнісін тамашалайды. Өздері жасағандары жайында өлең-тақпақтар, жұмбақ, жаңылтпаштар, ауызша есептер және санамақтар айтқызады.
Бірім, бірім, бірім бе –
Бір көжек бар інімде,
Екім, екім екі еді,
Егіз қоян шекелі.
Үшім, үшім үш екен,
Үшкір тұмсық құс екен.
Төртім, төртім, төрт еді,
Төрге салдым көрпені,
Бесім, бесім, бесім бе –
«Бесік жырың есімде.
Алтым, алтым, дегенім –
Алтыбақан тебемін.
Жеті, жеті дегенім –
Желмаямен желемін
Сегіз, сегіз ой тастар,
Еркешегім қой бастар.
Тоғыз, тоғыз, тоғызым –
Толғайды күй қобызым.
Он, он теке, он теке – орда ойнаған Ортеке.
Санамақ мазмұнын талдап, Ортекенің суретін көрсетіп, бәрі қосылып «Ортеке» әнін айтады. ән әуенімен қимыл-қозғалыс жасап, бой сергіту сәті өткізіледі.
Балалардың іс-әрекеті мадақталып, талдау жасалып, қорытындыланады. Ойын: Қыз қуу. Балалардың қалауы бойынша.
Ескерту: балалардың іс-әрекетін қол өнері түрінде де алуға болады (жүн түту, сабау, ши тоқу, киіз басу т.б.) немесе ұлттық тағамдар жасату. Мүсіндеу: құрт, ірімшік, таба нан, шелпек, бауырсақ т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет