3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ


Тапсырмаларды орындауға бағыт



бет111/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП
4В Музыка 22.11.22, Қазақ халық музыкасының тарихы
Тапсырмаларды орындауға бағыт

Баланың жеке басының тұлға ретінде дамуы көптеген жағдайларға байланысты. Ол баланың өзін қоршаған ортасы, қарым-қатынасы (үлкендермен және құрбыластарымен), ойын, оқудағы іс-әрекеті т.б. баланың психикалық дамуына ықпал етеді. Бұл баланың айналасындағы дүниеге, заттар мен құбылыстарға жауапкершілікпен қарауға деген түсініктерін дамытады. Бала өзін айналадағы табиғатпен, ал табиғатты өзімен салыстыруы (теңестіру) – табиғи қалыпты жағдай. Теңестіру қиялдағы заттарға қатысты да әрекет етеді. Сондай-ақ, айналамен таныстыруда баланың танымдық жағынан да, тұлға ретінде дамуына да мүмкіндік беретін психологиялық жағдайларды анықтауға негіз болады.


Ұсынылып отырған 1,2 - тапсырмаларда апта күндерін, жыл мезгілдерін сурет бойынша әңгімелей білуі, түстерді қабылдау, суық-жылы түстерге сәйкес көңіл-күйді байқау, апта күндерін ретімен атай білу, заттардың кеңістікте орналасуына қарай, көлемі мен пішінін ажыратуға бағыт беріледі. Өзі апта күндерін әңгімелеп беруі арқылы байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын анықтап, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін сипаттай айта білу, қосымша өлең-тақпақтар айтқызу баланың дүниетанымын, жаратылыс құбылыстары мен қоғамдық құбылыстарды түсініп саралайды, эстетикалық талғамы қандай деңгейде екенін білуде маңызды.
Баланың қабылдауын анықтауға арналған тапсырмаларды орындауда уақытты сағатпен (сек.) белгілеп алуды ұмытпаңыз. Баланың қабылдауы сабақ кезінде педагог-тәрбиешіні тыңдай білуге, тапсырманы тыңғылықты орындауға, өз ойын жинақтай білуге көрген, естігенін қабылдау арқылы болашақта сабақты жақсы оқуға ықпал етеді. Мектеп жасына дейінгі балада қабылдау, іс-әрекеттерін жетілдіру өзінің негізінен бізге бұрыннан таныс заңдылықтарды, яғни сыртқы бағдарлау іс-әрекетінің қабылдау іс-әрекеттеріне айналуынан көреміз.
Бала мектепке дейінгі шақта сәбилік шақта қалыптасқан қабылдау іс-әрекетін меңгере отырып өтеді. Бірақ бұл іс-әрекеттер әлі тым жетілмеген күйде болады. Бұл әрекеттерге бала іс-әрекетінің жаңа түрлерін бағыттап және реттеп алдымен заттардың, шама жағынан қатынастарының, пішіндерінің, түстерінің жеке ерекшеліктерін көз алдына елестету қажет болатын тапсырмаларды орындауға, заттардың күрделі қасиеттерін жекелей қабылдауға, олардың айқын да дәл бейнелерін жасауға мүмкіндіктер бере алмайды. Сондықтан баланың қабылдауын дамыту үшін бақылау жасату, қарап көру, салыстыру, теңестіру, өзгерістерді байқауға, бейімдеу т.б. әдістерді қолдануға болады.
3-тапсырма «Ұлттық киімдердің түсіне, пішініне сәйкес төменде ұсынылған белгілермен салыстырып, әңгімелеп айтып береді. Мысалы: сәукеле – ұшбұрышқа ұқсас. Әдемі әшекейлермен безендірілген. Түсі қызыл т.б.
4-тапсырма кескінделген заттардың жеткіліксіз бөліктерін бала анықтап қарайды да оны қарындашпен (фломастермен) толықтырып суретін салады.
5- тапсырмада белгіленген төмендегі суреттерді өздері үстінен сызып
салып, оны бояйды.
6-тапсырмада әр балаға суреттегідей қиылған пішіндерді тәрбиешісі дайындап береді, олар жоғарыдағы суретке қарай отырып (50 сек уақыт беріледі) төменге дәл сондай пішіндерді орналастырады. Суретті қарап болған соң оны қағазбен жауып қояды.
7-тапсырма суретке мұқият қарап алып, балаға педагог (ата-ана) бірнеше сұрақтар қояды. Баланың жауабы толық қанағаттанарлық болмаса толықтырып, көмек көрсетіледі. Суреттерді толық сипаттап айту ұсынылады.
8-тапсырма 30 сек. суретке бала мұқият қарап алады да, арнайы дайындалған қораптардағы әр түрлі көлемдегі геометриялық пішіндерден жоғарыдағы немесе төмендегі бейнені есінде сақтауы бойынша құрастырады.
9-тапсырма суреттерді мұқият қарап, олардың айырмашылығын, ұқсастығын ажыратуға зейінін аудартады. Олардың киімінің ерекшелігі, түр-түсі, қимыл-қозғалысы т.б. нақты көңіл бөлу ұсынылады.
10-тапсырмада бала зейінін суреттің жарты бөлігіне шоғырландыра отырып, екінші бөлігін салу талап етіледі.
11-тапсырмада тауық балапандарын санап, есеп құру
Баланың ойлауы белгілі бір проблемалық жағдайлардың дұрыс шешімін табуға қажетті білімнің жоқтығынан өзіндік ақыл-ой позициясымен ерекшеленеді. Бала білуге талпынады, білімді меңгеру үстінде оны «не үшін?», «қалай?», «неге?» «неліктен?» деген сан сұрақтар мазалайды. Ол білмеген жағдайларға орай қисынды жауап іздеуге тырысады. Балалар кейбір мәселелерді шын жағдайға сәйкес шешудің жолдарын қарастырады, тіпті оларды ойша шешуі де мүмкін. Оларды нақты жағдайда болжамдап, оны әрекеттер нәтижесінде іске асатын ойлаудың мұндай түрі – көрнекі-бейнелі ойлау – деп аталады. Бейнелі ойлау – мектепке дейінгі кезеңдегі бала ойлауының негізгі түрі. Кейбір жағдайларда логикалық ойлауы да мүмкін, олар көрнекі құралдардың көмегімен білімді меңгеруге бейім тұрады. Бала ойлауын анықтауға арналған тапсырмалар.
12-тапсырма қоянға, ақтиынға қандай азық керек екенін ойланып өздері тауып, суретін салу ұсынылады.
13-тапсырмада үш қатардағы суреттерге қарап отырып, қандай зат артық екенін тауып айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет