3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет30/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП
4В Музыка 22.11.22, Қазақ халық музыкасының тарихы
Орфографиясы Орфоэпиясы


қоңырау қоңрау
көрініс көрніс
топырақ топрақ
ажырау ажрау
азынау азнау
Алынды алнды
азынау азнау
абырой аброй
қожырау қожрау т.б.

Мысалы:
Қоңырау


Аралап елді біз, Келдік жаз табысын


Жаз бойы дем алдық. Сыныпқа алып біз.
Күлімдеп келді күз, Қоңырау даусын
Мектепке оралдық. Сағынып қалыппыз
(Н.Әлімқұлов).

Қазақ тіліндегі фонетикалық қысқару, сусу, фонетика-морфологиялық сусу, синтаксистік сусу сияқты редукция сөз екпінімен тікелей байланысты. Сондықтан әдеби тілдегі көптеген сөздерді орфоэпиялық жақтан дұрыс айтып, дұрыс жазуға дағдылану үшін, бұл құбылыстарды оқушылар әбден игеріп, естеріне сақтауы, жаттығулары керек.




П р о т е з а


Протеза дегеніміз – кейбір сөздердің алдынан дыбыс қосылып айтылу құбылысы.
Қазақ тіліндегі, сондай-ақ, араб-парсы тілінен –л, -р дыбыстарынан басталатын сөздер әрқашан протезалық құбылыспен айтылады. Сөздің жуан, жіңішке буынды болып келуіне қарай олардың алдынан –ы, -і, -ү, -ұ –о дыбыстары қоылады: лақ, лайық, рұқсат, рай, лай, лас, ләззат, рәсуа, рең, т.с.с сөздерінің ылақ, ылайық, ұрықсат, ырай, ылай, ылас, іләззат, ірәсуа, ірең түрінде айтыдуы – протезалық құбылыс.
Сондай-ақ, орыс тілінен не орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген сөздер қатаң – ст,-шк, -сп, -шт дыбыс тізбегінен басталса, алдынан дауысты дыбыс қосылып, станция-ыстанса, стақан-ыстақан, стол-үстел, шкаф-ішкап, спирт-спірт (іспірт) түрінде айтылатынын да протеза құбылысы деп қараймыз. Мысалы:
Лақ неге шұнақ?

-Лақ неге шұнақ?


Неге шұнақ құлақ?
-Аяз қарып қысқан,
Ақ қар, көк мұз қыста
Мама тілін алмай,
Шыққан лақ тысқа.

Тыста жаурап, ұшып,


Құлақ кеткен үсіп,
Содан лақ шұнақ,
Содан шұнақ құлық.
(М.Әлімбеков)


(Ы)лай суға май бітпес, қой өткенге,
Күлеміз қасқыр жалап дәметкенге…
:::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::
Ағын судай екпіндеп,
(Ы)лайы жоқ суатым…
(Абай)
Сонымен дауысты дыбыстарда болатын сапалық өзгерістер дұрыс сөйлеу нормасына жататындықтан, мәнерлеп сөйлеуге де қатысы бар дейміз.
Ана тіліміздің табиғи заңдылығы бойынша байырғы сөздердің үйреншікті айтылу қалпы әдеби тілдің нормасына жататынын студенттер мен оқушылардың көкейіне қондырумен қатар, олардың дұрыс сөйлеп, сөзді дұрыс оқуына мұқият көңіл бөліп, өте-мөте поэзиялық шығармаларды дауыстап оқығанда өз сазымен, өз әуезімен дұрыс айтуға дағдыландырып үйретуіміз керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет