5-Дәріс: ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен зардаптары


Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985 – 1991 жж.)



бет5/5
Дата20.01.2022
өлшемі28,6 Kb.
#129571
түріСынақтар
1   2   3   4   5
Байланысты:
Лекция № 5
5th form, психология 3, «Жақсымен жолдас болсаңыз, айырылмасқа серт етер» (Бұқар жырау)
5. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985 – 1991 жж.) 1985 жылдан бастап елімізде қайта құру процесстері басталды. Қайта құру процестері Кеңес Одағы Коммунистік партиясының 1985-1991 жылдар арлығында бірінішісі хатшысы болып істеген М. Горбачевтың есімімен тікелей байланысты болды. 1985 жылы СОКП Орталық комитетінің сәуір пленумында «Әлеуметтік-экономикалық дамуда» жеделдету бағыты жарияланды. Әлеуметтік салада мектептерді компьютерлендіру, маскүнемдіктен күрес, еңбексіз табыс табумен күрес мәселесі қойылды. 1987 жылы СОКП орталық комитетінің қаңтар пленумы елімізді экономикалық және саяси реформаларға бастама болды.

Экономикалық реформаларды дамытуда екі бағыт бойынша жүргізу көзделді.

Бірінші мемлекеттік өндіріс орындарының өзін-өзі билеуін кеңейту, екіншісі, экономикадағы жеке меншік сектордың ролін кеңейту еді.

Сонымен бірге саяси өмірде М. Горбачев «жариялық» түсінігін енгізді. Соның нәтиежесінде елімізде қордаланып қалған саяси өмірдегі көптеген мәселелер жарыққа шығып, демократия ұғымдары қанатын жая бастады. Горбачев өкімет басына келгеннен кейін, бұрынғы экономикадағы және басқа да салалардағы артта қалушылықты жойып, Кеңес елінің экономикасын көтеру мақсатын қойды.

Сонымен бірге 1988-1991 жылдары КСРО-ның сыртқы саясаты түбірінен өзгеріске ұшырады. Жаңаша саяси ойлаудың нәтижесінде алғаш рет Америкамен соғыс қару-жарақтарын жасаудан жарысу тоқтатылып, әлемдегі соғыс қаупін болдырмау шаралары іске асырылды. Алыс және орта қашықтыққа ататын ракеталарды жоюға келісті. 1988 жылдан бастап Кеңес әскерлері Ауғанстаннан шығарыла бастады.

Қайта құру жылдарындағы Қазақстандағы елеулі оқиғаның бірі Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі болды. Халықтың, әсіресе жастардың көтерілуіне 1964 жылдан 1986 жылға дейін үздіксіз басқарған Дінмұхамед Қонаевтың зейнетті демалысқа шығып, оның орнына Қазақстанға белгісіз Ресейдің Ульяновск облысын басқарған Колбинді тағайындалуы түрткі болды. Сол кездегі әміршіл-әкімшіл жүйе қазақ халқының мүддесін ескермеді, онымен санаспады. 17 желтоқсан күні жастар алаңға қолдарына плакаттар алып, бейбіт демонстрацияға шықты. Ол плакаттарда «Лениндік ұлт саясаты жасасын!», «Әр халықтың өз ұлттық көсемі болуы керек», «Ешқашандай ұлтқа артықшылық берілмесін» деген сияқты ұрандар жазылған еді. Ешкіммен ақылдаспай командалық әдіспен шешуді үйренген сол кездегі империялық жүйе демонстрацияны күштеп қуып таратты.

Демонстрацияларға қатысушылардың саны американдық Хельсинки тобының деректері бойынша 30-мыңға жеткен. Демонстрацияны қуып тарату үшін 50 мың әскери адамдар, 20 мың милиционерлер, 16 мың жасақшылар жұмылдырылды.

Колбин бастаған топ өздерінің арсыз қылықтарын жабу үшін демонстрацияға қатысқандарға «балалар бақшасын қиратты», «балалар әлемін талқандады» деген жалған ақпарат таратып, жала жапты.

Желтоқсан көтерілісін зерттеу үшін М. Шаханов бастаған Қазақ КСР жоғарғы Кеңесі комиссиясы құрылды. Бұл комиссиясының анықтағанындай ішкі істер министрлігі – 2236, мемлекеттік қауіпсіздік комитеті - 2212, прокуратура-2401 адам ұстаған. Жалпы 8500 адам ұсталған. 99 адам әр түрлі мерзімге сотталған. Ек адам Рысқұлбеков пен Әбдіқұлов ату жазасына кесілді.

Артынан кешірім жарияланып Рысқұлбековтың жазасы 20 жылға, Әбдіқұловтың жазасы 15 жылға ауыстырылды. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Спатаев сынды жастар Желтоқсан көтерілісі салдарынан қаза тапты.

Желтоқсан көтерілісі күшпен басылғаннан кейін қазақ жастарын қуғындау басталды. 264 адам жоғарғы оқу орнынан шығарылды. Жоғарғы оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды. Жалпы 90 мыңға жуық қазақ жастары басқа аймақтарға кетуге мәжбір болды.

1986 жылғы СОКП орталық комитетінің 25 желтоқсандағы мәжілісінде қазақ жастарының демократиялық бой көрсетуі «қазақ ұлтшылығының көрінісі» деп бағаланды. Тек үш жылдан кейін ғана 1989 жылы Қазақстан жоғарғы Кеңесі бұл бағаны айыптап, қазақ жастарының қозғалысын демократиялық қозғалыс деп әділ бағасын берді.



1990 және 1991 жылдары еліміздегі басты мәселелердің бірі жаңа Одақтық келісімге қол қою болды. Жаңа келісім шартқа 1991 жылы 20 тамызда қол қою көзделген еді. 1991 жылы тамыздың 19-ы мен 21-і арасында Кеңестер Одағында әскери төңкеріс әрекеті жасалды. Төңкерісті ұйымдастырушылар Г. Янаев, О. Бакланов, В. Павлов елде төтенше комитет құрды. Олар ел Президенті М. С. Горбачевті үш тәулік бойы Форостағы демалыс үйінде қамауда ұстап, өз еркімен Президенттік өкілдігінен бас тартуды талап еткен. Сонымен бір мезгілде, 19-20 күндері әскери бөлімдер күшімен Россия жоғарғы Кеңесінің үйін басып алуға бірнеше рет әрекет жасады. Ельцин бастаған Россия басшыларын халық қолдады. Соның нәтижесінде төңкерісшілер Ақ үйді басып ала алмады.

Бұл күндері Қазақстанда жағдай бір қалыпты болды. 20 тамызда Н.Назарбаев арнайы мәлімдеме жасап, төтенше комитетінің іс-әрекеттерінің ешқандай заңға, Конституцияға сәйкес келмейтінін ашық айтты. Осы оқиғадан кейін Одақтық шартқа басқаша көзқарас туды. Бұл оқиға Одақтың ыдырауын шапшаңдатты. 1991 жылы 8 желтоқсанда Белоруссияда Россия, Белоруссия, Украина басшылары тәуелсіз мемлекеттер достастығын құру туралы келісімге қол қойды. Сонымен бірге 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда тоғыз мемлекеттен тұратын тәуелсіз мемлекеттер достастығы құрылды. Алматы кездесуінде КСРО-ның ыдырап, ТМД-ның құрылғаны туралы Декларация қабылданды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет