5В071100 Геодезия және картография мамандығына



бет20/22
Дата18.02.2017
өлшемі2,38 Mb.
#10033
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22



Зертханалықжұмыс №5
Photheo 19/1318 фототеодолитінің құрылғысы және қолданылуы

Тапсырма: фототеодолиттің принциптік схемасын үйрену

Мақсаты: фототеодолитпен жұмыс істеу принципі мен құрастырмалы бөлігімен танысу

Түсірістік аспап жерүсті стереофотограмметриялық түсірісі үшін арналған. Ол фотокамера мен теодолиттен тұратын жүйеден құралған. Сондықтан аспап фототеодолит деп аталады.

Осы екі негізгі түйіндерінің конструктивті байланысы бойынша фототеодолиттерді екі топқа бөлуге болады:

1 топ: фотокамера мен теодолит бірге қосылған аспаптар. Фотокамераның астында орналасқан теодолит түсіріс кезіндегі камераны бағдарлау үшін ғана емес, сонымен қатар фотоға түсіру базистерін абйланыстыру үшін де қызмет етеді.

2 топ: фотокамералар мен теодолит жеке орналасқан теодолиттер. Мұндай жағдайда фотокамера фотоға түсіру базистеріне қатысты берілген жағдайда фотокамераның оптикалық осін орнатуға мүмкіндік беретін оңайлатылған бұрыш өлшегіштік құрылғымен (оптикалық) жабдықталған.

Photheo 19/1318 фототеодолиті фототеодолиттік жинақтағы басты аспап болып табылады. Ол жеңіл қорытпадан жасалған қатты фотокамераға иеленген. Алдыңғы панелінде объектив, артқысында – объективтің фокалды жазықтығында қолданбалы рамка орналасқан. Фотосуретке түсіру кезінде оған фотопластинкалар берік қысылады. Фотокамера тіреуде орнатылады және винтпен белгіленеді. Үстіңгі жағында бағдарланатын құрылғы бекітілген. Атмосфералық мұнараның зиянды әсерін азайту үшін объективке сары жарықфильтрі бұрап кигізіледі.

Объектив фотопластинка жазықтығына параллель оны жоғары немесе төмен орын ауыстыруға мүмкіндік беретін суппортта орнатылған. Объективтің центрлік жағдайында пайдалы кескін бұрышы горизонталь бойынша 47 және вертикаль бойынша 34.

Объектив 30 мм жоғары ауыстырылғанда кескін бұрышы вертикаль бойынша 26-ға, ал 45 мм ауыстырылғанда 29-ға артады.

Объективьі ауыстыру автоматты түрде экспонирлеу кезінде түсірістің шетінде оптикалық көрсткіштің көмегімен белгіленеді. Көрсеткіш – бұл енсіз саңылау түріндегі диафрагмасы бар оптикалық трубка болып табылады. Объектив затворға иеленбеген, сондықтан да экспонирлеу объективке кигізілетін қалпақшаның көмегімен қолмен жүргізіледі.

Қолданбалы рамкада әрбіреуінде үш тіспен кесілген төрт координаталаық белгілер бекітілген. Қарама-қарсы белгілердің тесіктерінің центрі арқылы жүргізілген сызықтар түсірістің координаттық осьтерінің орнын анықтайды.

Қолданбалы рамканың астында камернаның фокустық арақашықтығының мәні кескінделген пластинка бекітілген. Рамканың сол жағында 0-ден 90 дейінгі регистратор және төменде көрсетілген оптикалық камераның алты жағдайы үшін әріптердің жинағы бар түсіріс 9 түрінің көрсеткіші орналасқан:

Базистің сол жақ нүктесінен түсіріс кезінде :

А – нормалы

AL – сол жаққа ауытқу

AR – оң жаққа ауытқу

Базистің оң жақ нүктесінен түсіріс кезінде :

B – нормалы

BL – сол жаққа ауытқу

BR – оң жаққа ауытқу
Оптикалық осьтің стандарттық ауытқуы түсіріс жағдайында солға немесе оңға ауытқу 313000 құрайды:

Фототеодолиттік жинақ келесіден тұрады:



  1. фототеодолит Photheo 19/1318 – 1дана

  2. теодолит – тахеометр Theo – 020 – 1 дана

  3. рейка Bala – 1дана

  4. кассеталар жинағы 24 дана

  5. маркалар – 3дана

  6. жіптік тіктеуіштер – 3дана

  7. штативтер – 3

  8. қапталған деңгей – 2дана

  9. юстировкалық құрылғы – 1дана

  10. тіреуіштер – 3дана

жұмысқа дайын фототеодолит келесі шартарға ие болу керек:

а) аспап айналуының вертикаль осі бағдарланған құрылғының айналуына сәйкес келеді;

б) камераның оптикалық осі айналудың вертикаль осімен қиылысады;

в) камераның оптикалық осі айналудың вертикаль осіне перпендикуляр;

г) цилиндрлік деңгейлеуіштің осьтері айналудың вертикаль осіне перпендикуляр;

д) бағдарлы құрылғының призманың айналу осі ЗТ визирлі осінің аспаптың айналу вертикаль осіне перпендикуляр;

ж) түсірістің координаттық осьтері, қиылысу нүктесі түсірістің басты нүктесіне сәйкес келеді және х осі айналудың вертикаль осіне перпендикуляр.

Фототеодолиттің құрамдық бөліктері:

1 – объектив;

2 – қолданбалы рамка;

3 – координаталық белгілер;

4 – фотокамера;

5 – станциялар нөмірінің регистраторы;

6 – түсіріс түрін нұсқағыш;

7 – тіреуіш;

8 – винт;

9 – суппорт;

10 – кассеталық рамка;

11 – шағын дабыл;

12 – көру құбыры;

13 – есептегіш микроскоп;

14 –жалпы корпус;

15 – бекітілетін винт;

16 – жүргізілетін винт;

17 – иілу бұрышының есебі үшін шағын дабыл;

18 – есептеу шеңбері.



Зертханалықжұмыс №6

Стереоқұралдар

Стереограф (от стерео... және ...граф), сәулелер арасындағы байланыстарымен механикалық жобалау дың әмбебап стереофотограмметриялық құрал; 3° дейінгі иілу бұрыштары бар аэротүсірістер бойынша топографиялық карталарды құрастыруға қызмет етеді. Стереограф 20 ғасырдың 50 жылдары Ф. В. Дробышевпен ұсынылған және қысқаша атауға иеленген – ДС – Дробышев стереографы .. Аэротүсірістер 1 әрқашан горизонталь орналасады.


Стереопроектордың сызбасы.
Зертханалықжұмыс №7

Аэротүсірістер бойынша карталарды жаңартудың жалпы технологиялық сызбасы.


  1. Техникалық жобаны құру.

  2. Аэрофототүсіріс.

  3. Дайындық жұмыстары.

  4. Түсірістерді фотограмметриялық өңдеу.

  5. Түсірістерді дешифрлеу.

  6. Картаны түзету.

  7. Далалық ізденістер.

  8. Түпнұсқалық негізді дайындау.

Техникалық жобаны құру.

Техникалық жобада жұмыстың көлемімен технологиясы және ақшалай шығындар анықталады, жаңартылған картаның шығарылу мерзімімен масштабы және ауданның физика географиялық жағдайы көрсетіледі.Картаны жаңартудың қорытындысы туралы нәтиже беріліп, өзгертулерге байланысты аудандарды белгілейді. Анықталған аудандардың картография геодезиялық жағдайы туралы мәліметтер беріледі.Аэрофототүсірістердің параметрлері көрсетіледі. Өткізуге жататын карталармен материалдардың тізімі өткізіледі. Жұмысты ұйымдастыру жағдайы туралы нұсқама беріледі.

Аэрофототүсіріс.

Аэрофототүсіріс топографиялық карталарды жаңарту бойынша жұмыстарды бастамас бұрын бір жыл көлемінде жүргізіледі. Алынған аэрофототүсірістік материалдар негізгі технкиалық талаптарға (ОТТ, НЛФ) сәйкес болуы керек.

Техникалық талаптарды құрау кезінде қажет болған жағдайда аэрофототүсіріске екі масштабты фотографиялау ( негізгі және көмекші аэрофотоапараттармен) жұргізіледі.

Жергілікті жердің физика –географиялық жағдайымен қабылданған комеральдық түзету технологиясы бойынша картаның мазмұнына ұсынылады:



Жаңартылған картаның масштабы
Негізгі аэрофототүсіріс

Көмекші аэрофототүсіріс

Масштаб

Фокустық ара қашықтық АФА

Масштаб

Фокустық ара қашықтық АФА

1 : 50 000

1 : 25 000
1 : 35 000
1 : 50 000

200
100 – 140
100

-
-
1 : 25 000*

-
-
200



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет